Қазіргі уақытта философиялық және әлеуметтану–психологиялық ізденістер көрсетеді, қандай да болсын кәсіби іс-әрекетінде (рухани не материалдық) әр қашанда объективті-субъективті сипаты көрінеді, сол кезеңінде ол тұлғаның диалектикалық (іс-әрекет субъектісі) байланысы объектілік қызметінде (пәнімен, процесімен, құбылысымен) ұштасады. Осы ерекшеліктер кәсіби (пәннің) әрекетіне ықпал етеді. Ал, психологиялық және басқадай тұлғалық ерекшіліктер қайталанбайтын жекеше (субъктивтік — тұлғалық) сипатының мазмұны.
Қазіргі уақытта мамандар түрлі ғылым және көркемдік салада өз көңілдерін субъективті-тұлғалық аспектісінің рөлін анықтап, оның уәжділік, мазмұндылық және іс-әрекетінің процесс жағына, оның қорытынды нәтижесіне аударады.
Сондықтан объективтік және субъективтік диалектикасы тұлғаның өнермен байланысында көрініп, ал белсенді — тұлғалық әлемді көркемдік түсіну сол өнердің негізін салушы принцип деп атаймыз.
Б.А.Покровскийдің айтуынша: «Автордың интонациялық бейнесін табу және түсіну емес, өзіндік актерлық шеберлігін табу».
Осы принципті қарастырған кезде ғылым мен көркемдік бірлігі мәселесі туады. Мысалы, музыкалық – педагогикалық мәселені әдіснамалық талдау барысында нақты педагог — музыканттың, нақты шарт бойынша жұмысында және нақты кәсіби деңгейінің дамуында өзі орындайды. Бұл кезде педагог-музыканттың өнер заңдылықтарына сүйене, ғылым мен көркемдік бірлігін тұлғалық – шығармашылық қатынасымен көреді.
Музыкалық – педагогикалық мәселенің әдіснамалық талдау процесінде келесі жағдай маңызды болып келеді, осыған педагог – музыкант қандай қатыста екенін: мәселені шешу барысында философиялық, жалпығылымилығық, арнайы сипаттағы білімінің пайдалануы, осы білім арқылы қандай да болсын мәселеге түсінігі бар ма, тұлғалық ізденісінің өз (ұстанымы) позициясы.
Объективтік және субъективтік байланыс принципін іске асыру, әр кезеңдегі әдіснамалық талдау деңгейі объектівті болса да, өзінің тұлғалық – шығармашылық мінезі қатар жүреді. Өзінің талдау нәтижесінде ғылыми құралдары білім, категория, дәлел – осыны өзінің «жанды» миымен, жүрегімен сезінуі.
Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық – педагогикалық іс-әрекетінде объектівтік және субъективтік байланыс принципі жүзеге асты. Ол композитор, музыкатанушы, орындаушы, педагог ретінде емес, өнер саласында өзінің кең білімділігімен, музыкалық өнердің табиғатын түсіне білетінін, «суретші» ретінде, қоршаған әлемді өзіндік көзқарасымен, бағалауы, тұлғалық — субъектвтік мінез ерекшелігімен танылды.
Д.Б.Кабалевский «Музыка» пәнінің ерекшелігі мен мақсатын шешу үшін Б.В.Асафьевтің және басқадай педагог — музыканттардың идеясына сүйенді, әдіснамалық мақсаты мен міндеттерін шешу барысында өзінің «кілтін» тапты. Біріншіден, ол өзінің нақты ұстанымында тұрды: оқу бағдарламасының принциіптері мен әдістері музыканың өзінен шағады, байланысты, оның интонациялық–бейнелеушілік табиғатынан. Екіншіден, мектептегі музыка сабақтары болашақ жас ұрпатың рухани, құлықтылық тәрбиенің байланыстығында.
Осы екі мақсатты Д.Б.Кабалевский өзінің тұжырымдамасында тақырыптылық ұйымдастыру принципті музыкалық –педагогикалық процесте шешуі. «Жаңа бағдарламаның тақырыптылығы – бұл баспалдақ, оның басқыштары (тақырыптары) оқушыны музыкалық мәдениетті меңгеруі. Бір басқыш берілмесе, ол деген баспалдықты жою, бағдарламаның біртұтастылығын жою, одан барлық шығармашылық, музыкалық-педагогикалық мағынасын алып тастау деген».
Сондықтан оның тақырыптылық принципі музыкалық сабақтарды жаңадан құрастыру, жаңашылдығы, негізі мәңгілік сұрақты шешу – «музыка сабағының біртұтастылығы».
Музыканың ерекшелігін терең сезініп, композитор музыкалық өнердің заңдылықтарына оқу бағдарламасына өзінің логиакын ұсынды. Д.Б.Кабалевский музыкалық білім мен икемділігін зерттей отыра, тұлғалық – шығармашылық түсінігімен қарастырып, музыкалық білім беру мазмұнының компоненттерінің түсінігі мен ерекшелігі кеңейтілді.
Д.Б.Кабалевскийдің концепциясында негізі, маңызды, өзіндік ұстанымы арқылы бағдарламаның айқын бейнелеушілік кішіпейілдік бағыты. Өзінің концепциясында жалпы педагогикада және музыкалық білім беру педагогикасының (В.А.Сухомлинский, В.Н. Шацкая) тезисінің негізі деп оқушылардың құлықтылығы пен эстетикалық тәрбие дамуын құрал ретінде, өмірмен байланысы және басқадай өнер мен мәдениет көріністерінде дейді. Сондықтан оқу – педагогикалық процесте өткен музыкалық мұраның рөлі, оның маңызы мен орны алады.
Біріншіден – мұғалімнің балаға кішіпейілдік көзқарасы міндетті, мұғалімнің шығарамашылық потенциалы, музыкалық сабақтар «адамгершілік» пен жоғары рухани қатынаста болуы, мұғалімнің шығармашылық белсенділігі мен мақсаттылығы.
Осыдан музыка мұғаліміне (адамға, кәсіби мұғалімге) қойылатын негізгі талап: «Адамның шығармашылық бастамасы, өз еңбегінде шығармашылық қатынасы болмаса – маман — жаратушы мен жәй ғана маман — кәсіпкер «су бөлгіші» болады» (Д.Б.Кабалевский).
Сондықтан, әдіснамалық талдау кезінде объективтік және субъективтік байланысының принципі оның психологиялық ерекшелігі мен шығармашылық сипатында, музыкалық – педагогикалық мәселе ізденіс процесіндегі ғылымилығы мен көркемділігінде.