Автор құқығы куәлігінің құқық қабылдаушысы немесе авторы болу арқылы, сіз даулардың туындауын тоқтата аласыз, шағым немесе сот даулары туындаған жағдайда тіркелген туындының авторлық құқығына нақ сіздің ие екендігіңізді дәлелдей аласыз.
Авторлық құқықты тіркеу үшін Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй (Министрліктер үйі, 13 кіреберіс) мекен-жайында орналасқан ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің кеңсесіне (1019 – бөлме) баруыңыз керек. Анықтама телефоны: +7 (7172) 74-07-54.
Егер Сіз ғылыми жұмысты авторлық құқыққа тіркегіңіз келсе, мынадай құжаттарды бересіз:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) әр бетінде авторлық қолы бар авторлық жұмыс (нөмірленген және тігілген);
3) мемлекеттік алым төлегендігі туралы түбіртек (түпнұсқа);
4) автордың жеке куәлігінің көшірмесі.
Егер сіз мәліметтер базасына және программалық қамтамасыз етуге авторлық құқықты тіркегіңіз келсе мынадай құжаттарды бересіз:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеткізуші (СD – диск);
3) реферат;
4) мемлекеттік алымды төлегендігі туралы түбіртек (түпнұсқа);
5) автордың жеке куәлігінің көшірмесі.
Мемлекеттік баж 3 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АЕК 1 512 теңгені құрайды.
Мұны білген жөн (Оқып шығыңыз):
1) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 Заңы (ІІ тарау);
2) Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығы
Пайдалы сілтемлер:
1) http://www.intellkaz.kz – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің сайты;
1) http://www.kazpatent.kz – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «авторлық құқық», «авторлық құқықты тіркеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.