Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез – келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика саласында тауарларды сатып реттеуді арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда  бар жиынтықтардың арасында болатын қарама –қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеудің қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы өндіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР – ның 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалық – инновациялық  даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінен пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен  айтарлықтай маңызды артықшылықтар бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі неесие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.

Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орын айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Неисе өзінің қызметі – айналысының  құралын құруға байланысты:

—  біріншіден, аұша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау шығындарын қысқартады;

—  екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма қол ақшасыз есептеулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;

—   үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есепшотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшан ың қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма – қол ақшасыз есеп экономикадағы есептеулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.

Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993 – 1997 жылдары несиелердің шектеулі, ал 1998 жылдан бастап несие экспанциясы саясаты жүргізіледі.

Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.

Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.

Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай – ақ халықтың әл ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор .

Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің дамуын, оның ролінің күшеюін экономикаға несие салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес, сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі экономиканың дамуында оның ролінің артқандығы осы процестердің несие объектілерінің кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтан, несие ролінің артқандығы туралы айтуға болады.

Бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді. Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын бәсеңдетеді.

Ал, несие саласы мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілер ТМҚ – ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзінің өызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте, тауарларды сатып – таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.

Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып – таратудың араларындағы үйлесімді тепе – теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы зор.

Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалық әдіс пайыздық мөлшерлемені көтерудің нәтижесінде несиелеу процесін тежейді. Сапалық шектері бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуі мүмкін.

Несиенің экономика циклінің тиісті кезеніне байланысты кең көлемді деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап көрсетілді.

         Қорытынды 

Қорытындылап айтып келетін болсам. Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз несие деген сенемін деген мағына беретін болып: латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен байлап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдірді. Несие келісім шартындағы сәйкес бөлімде берілетін, несиенің нақты  мақсаты, сондай ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

Несиенің тауарлық формасы шарты жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төмендегінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда машина мен құрал жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингіде қолданылады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған  мемлекеттік құрылыс жинақ ақша бөлінісі құрылады. Жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері млрд теңгені құрады, жылмен салыстырғанда құрады.

Инфляция жағдайында, керісінше, қолма қол ақшамен төлеудін үлесі артады несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Жылғы несие жүйесіндегі реформалардан кейін жинақ кассалары қызметінің негіздері қайта құрылды. Акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ банктері басқа коммерциялық банктерден аса өзгешеленбейтін бөлікке мекемелерге айналды.