Несие саясаты – бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі.
Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары – пайда табу мүддесін жүзеге асырады.
Несие саясатының тапсырмалары :
Банктік несие құрамының жақсаруымен байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т.б.
Несиелендіру бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады,оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т.б дамуы керек.
Несие саясатында несие операциясын жетілдіру технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады.
Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т.с.с.
Несие саясатында тағы бір маңызды элемент болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады.
Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді.
Банк өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөледі.
Сырткы факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады.
Елдегі саяси жағдайлардың тұрақсыз жағжайы банктердің несиелік салымдарын ұстап қалуы мүмкін, шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкін.
Экономикалық жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс төлем қаражаты сияқты өседі, бұл мезгілде несиені қайтармау тәуекеліде өседі.
Экономикалық құлдыраудың артында жүретін инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады.
Елдің ішіндегі экономиалық жағдайлар келесідей әсерлерге байланысты болады;
Мемлекетің салық саясаты (банктің пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан жоғары)
Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың 20%-ын өзіне алып қалмайды)
Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.
Банктердің несие саясатына заңдылық базасының да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк – несие беруші мен несиегердің мүдделерін қорғауынан оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың түрлері дами алмайды.
Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына).
Несие операциясының дамуының басты факторы болып банкаралық бәсекелестік табылады.
Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары.