Жоспар
Кіріспе…….3
1. Неке шартының мазмұны мен түсінігі…..
1.1 Неке шарты дамуының тарихы…….6
1.2 Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі….9
2.Неке және отбасы заңы бойынша неке шартының өзгертілуі мен тоқтатылуы….
2.1 Неке шартының өзгертілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі …..23
2.3Неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдары…..29
3. Неке шартын жасаудағы шетелдік тәжірибелер…
3.1 Ресей Федерациясындағы неке шарты……35
Қорытынды…….40
Пайдаланылған әдебиеттер……..42
Кіріспе
Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы — отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін, құқықтың бір саласы. Сонымен қатар, заңда анықталған жағдайдайларда – басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы – неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым.
Отбасы, ол – баспана әрі тұрақты мекен. Неке отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіппен ерікті және толық келісім жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады. Неке ерлі–зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады. Ерлі–зайыптылардың құқықтары мен міндеттері Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген кезден бастап туындайды және де заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген неке ғана құқықтық салдарға әкеп соғады.
Ерлі–зайыптылардың мүлкі жөніндегі қатынастың шарттық сипаты болуы, сондай–ақ қолданыстағы неке-отбасы заңының нормаларымен реттелуі де мүмкін. Мүлік режимі белгілі бір мүліктің ерлі-зайыптылардың біреуіне (өзіндік мүлік) тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ мүлік болатынын анықтайды. Ерлі-зайыптылар мүліктің режимі мен құқықтық мәртебесін, оның біреуіне тиесілі болуын өзара келісімі бойынша анықтай алады. Мұндай келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылар меншігінің заңды режимі некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
Дамыған елдердің бәрінде некелеспес бұрын, өзара келісім-шартын жасасады. Бұл құжатта азаматтар ажыраса қалатын жағдайда мәміледе неке өмірінің барлық маңызды сәттері ескеріледі: екі тараптың дәулет жағдайы, кәмелетке толмаған балалар кіммен болатынын, рақымсыз жұбайға қандай айып-шара қолдануға болады. Шетелдерге неке шарты арқылы мүліктік қатынастан бөлек, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада неке шартына отыру мүмкіндігін 1993 жылдың қазан айынан бастап қарастырылған. Бірақ мұндай озық жаңа енгізілім керекті қолдау тапқан жоқ. Бұрыннан некеде тұрғандар да, енді некелесушілердің бірлі жарымы ғана неке шартында өздерінің мүлік жағдайы туралы ескереді. Неге олай? Жалпы, қоғамның оның ішінде әр азаматтың құқық мәдениетінің төмендігі.
Біздің еліміздегі некеге тұрушы екі жасты бір-біріне толық сенімді деп есептейді, сондықтан алдын-ала дәулет-мүлігін қағазға түсіруді ерсі санайды. Неке шарты елімізде кеңінен таралмаса да, жұбайлар арасында белең алып келе жатқан өзгеріс. Бұған байланысты туындап жататын даулар да аз емес.
Бұрынғы ҚазКСР-нің 1969 жылғы «Неке және Отбасы» кодексінде жұбайлардың мүліктік құқықтық режимі барлығына бірдей анықталған. Сондықтан да, кеңес дәуірі кезінде «неке шарты» деген ұғым болған емес. Десек те, сол кезде тәжірибеде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде «неке шарты» «неке контрактісі» деген терминмен қолданылып келген. ҚазКСР-нің «Неке және Отбасы» туралы кодексінің күші жойылғаннан соң, да «неке контрактісі» деген термин қолданыста болды. Қазіргі «Неке және Отбасы» кодексінде 1993 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, ол қосымша құжат ретінде қабылданысымен, «неке шарты» ұғымы ең алғаш рет пайда болды. Осыған орай неке шартының жасалу жолдарын, реттейтін қатынастардың маңызын, бұзылу мен өзгертілуін толығымен қарастырған жөн.
Ерлі–зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңымен бекітіледі.
Көптеген заңнамаларда «неке шарты» деген термин кездескенімен, тәжірібиеде «неке контрактісі» немесе «неке келісімі» деген терминдер қолданылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. «Контракт» деген термин ағылшын сөзінен (contract) алынған, ол да шарт деп аударылады.
Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.
Отбасында неке шарты жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді. Егер ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде неке шартын жасаса, бұл құжат артықшылық етпейді. Мұндай шарт басқадай құжат сияқты заңның қорғауында болады.
Неке шартының ең тиімді жағы — ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр.
Заңгерлер неке шартының белең алмауларының себептерінің бірі-кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді.
Өзектілігі – нормативтік-құқықтық актілерде неке шартының толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету керек. Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке шартын жасамайды.
Бұл курстық жұмысты зерттеудегі объектісі – мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың міндеті: неке шартының мағынасын ашу.
Мақсатымыз біздің заңдарымызға байланысты неке шартының құқықтық түсінігін, Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке шартының құқықтық түсінігін және шетел мемлекеттерінің заңдарындағы неке шартының алатын рөлін қарастыру.
Мақсатқа жету үшін:
біріншіден, неке шарты мазмұнына түсінік беру; даму тарихын ашу;
екіншіден, некеге тұру және оны бұзу тәртібіндегі неке шартының рөлі;
үшіншіден, шетелдік тәжірибені негіздей отырып, неке шартының құқықтық реттелуі.
Неке шартын жасау қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке шарты алғашында мүліктік қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі мүмкін. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктің мүдделерін тең дәрежеде қорғайды. Дегенмен, неке шартын жасамас бұрын, оның ережелерімен танысып, заңгерлермен кеңесіп алған артықтық етпейді.
Бұл курстық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы – ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық етеді. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлес болады деп ойлаймыз.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, бес параграф, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс барысында неке шарты мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған. Отандық авторлар ішінде Ынтымақов С.А., Карпушина Т.Д., редакциясы бойынша жазылған оқулықтар және Халықаралық Конвенциялар, нормативтік-құқықтық актілер қолданылған.
Курстық жұмыс / 42 бет