Неке шартының өзгерілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі

Неке шартының өзгерілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 41 бабаының 1 тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Сонымен бірге неке шартын өзгерту немесе бұзу неке шартына  сәйкес жасалады, яғни сәйкесінше ол жазбаша жасалады және нотариуспен куәландырылады.

Неке шартын  орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Егер шарттың бұзылуы мен өзгертілуіне бір тарап себепші болса, келесі тарапқа кеткен шығын үшін орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сай шарты өзгерту немесе бұзу екі тараптың бірінің келісімі бойынша мүмкін. Егер екі тарап қандай да бір келісімге келмесе, онда Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 41 бабының 2 тармағына сәйкес бір тараптың талап етуімен контракт өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:

1. келесі тарап шарты  бұзған жағдайда, мысалы,

жұбайының дұрыс өмір сүруі үшін қамтамасыз ету контрактісіне қатысты бұзушылықтар (тұратын жерімен, ақшамен қамтамасыз ету);

2. заң актілері немесе шарт қарастырған басқа жағдайлар.

Неке шартын ерлі-зайыптылардың келісім бойына кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін (РФ Отбасы кодексінің 43 бабының 1 тармағы).

Заң (РФ ОТбасы кодексінің 43 бабының 1 тармағына сәйкес) неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Алайда, ерлі-зайыптылардың арасында неке шартын бұзу немесе өзгертуде өзара келісім болмаған жағдайда заң мүдделі болған жұбайына неке шартын өзгерту немесе бұзу талаптарын сотқа жүгіну құқығы беріледі.

Неке шартын өзгерту және бұзу тәртібі Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Азаматтық кодексімен қарастырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 402 бабы мен Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 452 бабының 20 тармағына сәйкес неке шартын өзгерту және бұзу талабы көрсетілген ережеде немесе заңнамада немесе келісімде екі тараптың бірі неке шартын өзгерту немесе бұзуға уақытында келісім бермеген немесе неке шартын өзгерту мен бұзудан бас тартқан жағдайда сотқа беріледі. Бұдан шығатын сот шешімі бойынша неке шартын өзгерту немесе бұзу ерлі-зайыптылардың арасында сотқа дейінгі шиеленісті реттеу процедурасы міндетті болып табылады.

Шарт бұзылғанда екі тараптың міндеттері тоқтатылады.

Шартты өзгерткен немесе бұзған жағдайда екі тараптың міндеттері шарт өзгертілген немесе бұзылған уақыттан бастап өзгертіледі немесе тоқтатылады.

Сонымен қатар ерлі-зайыптылардың шартының өзгертілуі немесе бұзылуына дейінгі келісім бойынша жасалған іс-әрекеттің орнын талап етуге құқысы жоқ (РФ Азаматтық кодексінің 431 бабының 3 тармағы).

Неке шартын бұзу немесе өзгертуді жүзеге асыру барысында кредитордың құқығы кепілдемесіне үлкен көңіл бөлу керек. Өйткені кейбір кезде екі тараптың бір несиеге берушінің қарыздары болып табылады, яғни оған қарыз тұлға болып саналады. Бұл жағдайда көрсетілген тарап өз несиеге берушісін шартты өзгерту немесе бұзу туралы алдын-ала ескертуі қажет. Бұл міндет орындалмаған жағдайда неке шартының мазмұнына қарамастан ерлі-зайыптылардың бірі өз іс-әрекетіне жауапты болуы керек. Мысалы, ерлі-зайыптылар неке шартын құрады, оған сәйкес күйеуі әйеліне қала жанындағы үйін береді. Алайда, бұл үйге кредитор залог бойынша үміткер болып табылады. Бұл жағдайда неке шарты үйді әйеліне беру ережесі жарамсыз, ал күйеуі өз міндеті бойынша іс-әрекетке жауапты болып табылады.

Қарыздар жұбайдың некеге берушісі өзара келіскен шарттарды өзгерту және бұзуды азаматтық заңда бекітілген тәртіп бойынша талап етуге құқылы.

Жоғарыда көрсетілгеннен шығатыны, неке шарты сияқты құқықтық актіні жасауда оның артықшылықтары көрінеді. Неке шарты екі тарапты жағымсыз іс-әрекеттен сақтайды,отбасының қатынастарын реттеп, неке бұзылған уақытта қажетсіз шиеленіс, реніш және тағы басқа келенсіз жағдайлардың алдын алады. Неке шартының бұзылуы отбасы құлдырағанда, жойылғанда іске асады, жалпы бұны позитивті жағдай деп қарастырмайды.

Неке шартының өзгертілуі және бұзылуы – жағдайлардың түпкілікті түрде өзгергенде болуы мүмкін.

Жағдайлар түпкілікті өзгерген деп танылды. Егер ерлі-зайыптылар неке шартын құру барысында болжай алған болса, неке шарты тіпті жасалмас еді немесе басқа жағдайда жасалар еді. Осындай негіз бойынша неке шарты сот тәртібі бойынша бұзылады немесе өзгертіледі. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 450 бабының 2 тармағында, мәселенің түпкілікті өзгеруіне байланысты шартты өзгерту немесе бұзылу талабын қанағаттандыратын шарттар көрсетілген. Ескере кететін жайт, бұл шарттар неке шарты негізінде пайда болады., ерлі-зайыптылардың қатынастарына қолданылмайды. Өйткені олар азаматтық құқықтық қатынастарға арналып жасалған және ол орнын толтыратын келісімдермен байланысты, сондықтан сот ерлі-зайыптылардың неке шартын өзгерту және бұзу сүйеніп отырған жағдайлар шынында түпкілікті өзгерген бе екендігін анықтауға міндетті. Бұл жағдайда мәселе болатыны – ерлі-зайыптылардың материалдық және отбасылық жағдайының өзгерісі. Неке шартын бұзу барысында сот екі тараптың талап етуі бойынша неке шартының бұзылуының нәтижесін анықтауға міндетті, бұл – осы келісімді пайдалану барысында кеткен шығындарды ерлі-зайыптылардың арасында дұрыс бөлу.

Неке шарты сонымен қатар шарттың өзінде қамтылған негіз бойынша ерлі-зайыптылардың талап етуімен өзгертіле және бұзыла алады (РФ Азаматтық кодексінің 450 бабының 2 тармағы). Бұл негіздер әр түрлі болады (жұбайлардың ауруы, жұмысынан айырылуы, еңбекке жарамсыз және т.б.). Көрсетілген сұрақ ерлі-зайыптылардың өздерінің қарауы және өзара келісім бойынша шешіледі.

Неке шартының жарамдылығы неке тоқтағаннан кейін тоқтатылады, тек айта кететін жағдай – неке шартында неке тоқтағаннан кейінгі қарастыратын мәселелер болады. Негізінен бұл балаларға және ерлі-зайыптылардың бір-біріне қатысты алименттік міндеттер. АХАЖ органдарында бұзылатын некелер АХАЖ-дың жазба кітабына некені бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін тоқтатылады, ал егер ол сотта бұзылса – сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады. Сонымен бірге мұндай жағдайларда неке шартында неке бұзылғаннан кейін қарастырылатын жағдайлардың жарамдылығы тоқтатылмайды.

Неке шартынн бұзуда оның іс-әрекеттері болашақ уақытта тоқтатылады: келісім жасалған уақыттан бастап (яғни, оның нотариалдық бекітілген сәтінен бастап) немесе сотшешімі заңдық күшіне енгеннен кейін (сот шешімі шыққаннан 10 күннен кейін). Ерлі-зайыптылардың талабы бойынша сот шартты бұзудың нәтижесін анықтайды.

Егер неке шарты бұзылмаса(ерлі-зайыптылардың келісім бойынша), ол некенің тоқтатылуына дейін жарамды (РФ Отбасы кодексінің 43 бабының 3 тармағы). Егер неке бұзылған жағдайда, неке шартын бұзудың қажеті жоқ. Ол автоматты түрде өз іс-әрекетін оқтатады, өйткені ол некемен байланысты болады.

Алайда отбасы құқығына ортақ қысқа мінездеме беру күрделі, өйткені әрбір мемлекеттің қалыптасқан ұлттық дәстүрі мен діні бар. Мысалы, Испанияда ажырасу 1978 жылғы Конституциямен рұқсат етілсе де, мұнда катаң католиктік дәстүрге байланысты Еуропадағы ең төмен көрсеткіш болып табылады. Англия, Болгария, Польшада ажырасу үшін ресми негіз жоқ, ал Франция мен Италияда сондай негіз болды. Ирландияда ажырасу процедурасын қарастыруда, егер ерлі-зайыптылар бір-біріне бөлек тұрса, онда неке сотпен бұзылады.

Неке шарты мынандай жағдайда тоқтатылады:

— ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез-келген уақытта

өзгертілуі мүмкін . Неке шартын өзгерту немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді;

— неке шарты  ерлі-зайыптылардың бірінің талап етуі бойынша

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде неке шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін;

— неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап

тоқтатылады.

Жалпы мүліктік қатынастарды неке шартымен рәсімдеуге бірнеше себеп  әсер етеді;

— Тараптардың біреуі сенімсіздік білдірген жағдайда, яғни

жұбайлардың бірінің екіншісіне қатысты сезімі болмай, тек оның қаржылық мәселесіне көніл бөлуі;

— Құқық қорғау органдарымен кәсіпкерлер жанұясын қорғау

мақсатында және басқа да кәсіпкерлердің арасында өзара бәсекелестік қақтығыстарды болдырмау. Мұндай жағдайда мүлік зайыбына жазылады, ал ер адам материалдық жауапкершілігі өз мойнына алады;

—  Жұбайлардың некені бұзу барысында орынсыз проблемаларды

болдырмауы, мәселен, психологиялық аурудың ұстауы. Мұндай әрекетті көбінесе жастар мақұлдайды;

— Отбасында әлеуметтік мәртебенің өзгеруі, яғни ерлі

зайыптылардың әлеуметтік жағдайы көтерілсе, онда меншіктің үлесі қарастырылады.

Алайда мынандай жағдайларда некеге тұруға жол берілмейді;

— біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

— Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын

туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);

— асырап алушылар мен асырап алғандардың;

— біреуін болса да психикалық ауруының ақыл-есі кемдігінің

салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініші

бойынша, сондай-ақ сот әрекет қабілетсіз деп таныған жұбадың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімінсіз бұзуға болмайды.

Некенің бұзылу тәртібі:

1. Ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болмауы;

2. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

3. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына

қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;

4. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған

жағдайларда жүргізіледі.

Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүру және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың татуластыру үшін үш ай көлемде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтежиесіз болып шықса және ерлі-зайыптылар (олрдың біреуі ) некені бұзуды талап етсе, онда неке бұзылады.

Және де неке өзге де негіздер бойынша да бұзылады. Олар:

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ некені бұзуға өзара келісімі болған жағдайда сот некені айырылысу себептерін анықтамай-ақ бұзады.

2. Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз берген күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізеді.

Некенің бұзылу жағдайындағы тоқтатылу кезеңі:

—  Азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылатын неке

азаматтық хал актілерін жазу кітабына некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

— Сот некені бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген

Күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жердегі, сондай-ақ неке қию мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына міндетті болып табылады.

Ерлі -зайыптылардың азаматтық хал актілерін жазу органына некенің бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге тұрұға құқығы жоқ.

Некенің тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, некелік қатынастарынан туындайтын жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылады,

ҚР «Неке және Отбасы туралы» Зңының 41 бабының 1 тармағында көрсетілгендей, неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез-келген уақытта өзгертіледі де неке бұзылады. Ең бастысы тараптарды келісімі болса болды, бұл жобада ешқандай шектеулер болмайды. Неке контратісін өзгерту немесе бұзу туралы келісім неке шартын жасағандай формада өтеді. Яғни жазбаша түрде нотариалды куәләндырылған болуы керек.

Неке шартын біржақты орындауға жол берілмейді. Егер шарты бұзуға немесе өзгертуге белгілі тараптарының әсерінен болса, онда басқа тараптар келтірілген зиянды өтеуді шартты өзгерту немесе бұзу арқалы талап ете алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартты өзгерту немесе бұзу тек тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Егер тараптар белгілі бір келісімге келмесе, онда «Неке және Отбасы туралы» Заңының 41 бабының 2 тармағына сәйкес соттың шешімі бойынша шартың бір тараптың талап етуі бойынша шарт өзгеріледі немесе бұзылады,

1. Шарттың басқа тараптардың арқасында бұзылуы (мысалы, ерлі-заыптылардың бір-бірінің өмір сүруін жақсы жағдайда өткізуі). Мысалы, мекен-жайды қамтамасыз ету, ақшалай қамсыздандыру және т.б.

2. Тағы басқа заңды актілер немесе шартта көрсетілген жағдайлар бойынша.

Жоғарыда көрсетіліп келе жатқандай, неке шарты сияқты құқықтық актінің артықшылығы бар екенін көре аламыз. Неке шарты тараптарды келеңсіз жағдайдан қорғайды. Және отбасында ерлі-зайыптылардың қатынасын реттейді. Егер отбасы бұзылған жағдайда бұрынғы ерлі-зайыптыларды соттың әртүрлі ұрысынан сақтайды. Неке шартын бұзу дегеніміз – ол отбасын құлатуды білдіреді. Егер жағымды әрекет деп айтуға болатын болса, ол адамның бостандығын көрсететін демонстрациясының белгісі болып табылады.

Неке шартын өзгерту немесе бұзу белгілі бір жағдайлардың өзгертуімен байланысты болуы мүмкін.

Егер неке шартында басқа жайттар көрсетілмесе неке шартын негізін бұзу немесе тек сот тәртібі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан сот әрбір нақты істерде ерекше неке шартын реттейтін қатынастарды анықтап алып, шын мәнінде ерлі-зайыптылардың біреуінің берген арызы неке шартын өзгерту мен бұзуға лайықты ма екендігін тексереді. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылардың материалды немесе отбасы қатынастарының өзгеруінде болуы мүмкін. Неке шартын бұзуда сот кез-келген тараптың талап арызы бойынша неке шартын бұзудағы салдарды анықтау керек. Өйткені ерлі-зайыптылар арасында әділетті түрде осы шартты орындауға шығынды ерлі-зайыптыға тең түрде бөледі.

Неке шарты бір тараптың талабы арқылы соттың шешімі бойынша өзгерілуі немесе бұзылуы мүмкін, бірақ шартта көрсетілген басқа да негіздер бойынша ( Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 450 бабының 2 тармағы). Негіздер ретінде әртүрлі жайттар болуы мүмкін (жұбайлардың біреуінің ауруы, жұмыстың жоғалуы, жұбайының еңбекке қабілетсіздігі және т.б.). Айтылған жайттар ерлі-зайыптылардың неке шартын жасауда өз еркілерімен және келісімдерімен шешіледі.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.

Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің талап етуі бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде шартын өзгерту және бұзу үшін белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша соттың шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Неке шартында неке тоқтатылғаннан кейінгі кезеңге арналып көзделген міндеттерді қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

Неке шарты мынандай жағдайда жарамсыз деп танылады:

—  Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексінде мәмілердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.

—  Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз

жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да, сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін.