Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі

Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі туралы қазақша реферат

Көптеген мемлекеттердің заңгерлеріне неке шартының түсінігі бұрыннан белгілі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында атақты ажырасу процесстерін кездестіруге болады. Атақты болуының себебі: көп миллионды мүліктің неке шартына байланысты бөлінуі.

Мақсатымыз — біздің заңдарымызға байланысты неке шартының құқықтық түсінігін және Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке шартының  құқықтық түсінігін қарастыру.

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңның 38-бабында «Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады деп көрсетілген.

1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңында неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас деп белгіленді. Дегенмен, неке жасын төмендетуге де болады, ол үшін некеге тұруға ниет білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын азайтуға қажетті тиісті құжаттармен расталған себептерді көрсете отырып, неке жасын азайту туралы арыз береді. Жалпы, неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың, сондай-ақ неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімімен рұқсат етіледі. Неке шарты тек еркін түрде ғана жасалынады. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының, қамқоршысының рұқсатымен мәміле жасай алады. Заңдарда шарт жасасудың бірнеше шарттары бар. Егер ол үйлену тойына дейін жасалса, некені тіркеу күні өз күшіне енеді. Неке шарты тек жазбаша түрде және міндетті түрде нотариалды куәландырылады. Неке шартын жасасу кезінде тараптар ретінде некеге тұрушылар және сонымен қатар ерлі-зайыптылар тұра алады. Бұл тұлғалардың әрекет қабілеттілігі бар болуы тиіс (18 жастан бастап). Көптеген мемлекеттерде неке жасы біркелкі 12-21 жасқа дейін болып келеді. Мысалы, Испанияда  12 — әйелге, 14 – ерге; Швецияда, Швейцарияда 18 — әйелге, 20 – ерге; АҚШ-та 14-18 — әйелге, 15-21 – еркекке. Біздің мемлекетімізде кәмелетке толу мен толық әрекет қабілеттілігіне жеткен тұлғаның жасы неке жасы болып табылады.  Мысалы, Францияда неке жасы 15 — әйелге, 18 – ерге, ал кәмелеттік жас – 21. Франция азаматтары кәмелетке толғанға дейін некеге тұрғысы келсе, некеге тұруға рұқсат етілген қағазын көрсетуге міндетті, ондай қағаз болмаса, неке тіркелмейді.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның 1 бабының 2 тармағы бойынша: «Жас отбасы – ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған отбасы не 29 жасқа толмаған ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесір әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтін толық емес отбасы. «Қазақстан Республикасының 14-29 жасқа дейінгі азаматтары жастар қатарына жатады.».

1962 жылы оныншы желтоқсанда «Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некені тіркеу туралы» БҰҰ Конвенциясының 2 бабы бойынша, «некеге тұрушы таптардың мүдделеріне орай өкілетті билік органы мәнді себептермен неке жасы туралы ережені ұстанбауға рұқсат беретін жағдайларды қоспағанда, ең төмен неке жасына жетпеген адаммен некеге тұруға жол берілмейді». Осы Конвенция бойынша, «барлық некелерді өкілетті билік өкілі тиісті ресми реестерде тіркейді».

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда, неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге болмайды. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органдарына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға, сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтініш берілген күні қиылуы мүмкін. Неке қиюды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

Некені қию азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген Заң бойынша:

1. бір атадан немесе бір анадан тараған туыстар арасында толыққанды және толық емес аға-інілер және апалы-сіңілер, бала асырап алушылар арасында сондай-ақ;

2. сот некеге тұрмақ ниеттегілердің біреуін жүйке ауруының немесе ақыл-есі кемістігінің салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныған болса, некеге тұруға жол берілмейді, кейін бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі, дәлелді себептер болған жағдайда Азаматтық хал актілерін жазу органы некені бір ай өткенге дейін қиюға, сондай-ақ бұл мерзімді әрі кеткенде бір айға дейін ұзартуға рұқсат бере алады.

Мерзімді қысқартатын уақыт әрбір жеке жағдайда, нақты мән-жағдайларға байланысты анықталады.

Некені қию кезінде жұбайлар өздерінің біреуінің фамилиясын ортақ фамилия ретінде өз қалаулары бойынша таңдайды, не болмаса әр жұбай өзінің некеге тұрғанға дейінгі фамилиясын сақтайды, я болмаса өзінің фамилиясына жұбайының фамилиясын қосып алуына болады. Егер жұбайлардың ең болмаса біреуінің некеге дейінгі фамилиясы қосарланған болса, фамияларды қосуға жол берілмейді.

Заңға сәйкес  некеге тұруға тілек білдірген келісімі бойынша медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері жүзеге асырады.

Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 40-шы бабында көрсетілгендей: «Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың (болашақ ерлі-зайыптылар) некедегі және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп аталады».

Неке шарты ол мәміле болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, «Азаматтық құқықтары мен міндеттерін өзгертуге не тоқтатуға бағытталған азаматтардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеті мәміле болып табылады.»

Совет үкіметі кезіндегі заңдарда «неке кезіндегі ерлі-зайыптылардың жинаған жалпы мүліктері ортақ меншік болып табылады. Ерлі-зайыптылар мүлікке тең құқылы (КоБС Қазақ ССР 20 бабы).

Кәсіпкерліктің дамуымен байланысты ортақ мүлікті бөлу ажырасу кезінде өте өзекті мәселелердің бірі болды. Мысалы, күйеуі – кәсіпкер, квартира, машина, қала маңындағы коттедж алуға үлесін қосса, ал әйелі ажырасу кезінде бөлісуді сұрайды.

1998 жылдың 17 желтоқсанында «Неке және отбасы туралы» заң КоБС Қазақ ССР заңын алмастырды. Онда толығымен бір бөлім ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режиміне арналған. Осында бірінші рет неке шартына анықтама берген: «Неке шарты деп – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім». Осы анықтамадан кейін, неке шарты – ол неке қиюға дейін немесе некені құру кезінде жасалынады.

Қазақстан Республикасындағы неке шарты некені мемлекеттік тіркеуге дейін және неке уақытында жасай алады. Некені мемлекеттік тіркеуге дейінгі жасалған неке шарты некені мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді. Жасалған неке шарты ұзақ уақыт немесе мүлдем өз күшіне енбейді. Бірақ бұндай шарт некеге тұрғанға дейін өмір сүре береді. Бірақ осындай жағдайдағы неке бірнеше жылдан кейін жасаса, оларға жиырма жыл бұрынғы неке шарты заңды күшіне ие болады.

Ресей Федерациясының Отбасы кодексінде неке шартының  белгілі формасын айқындайды. Ол міндетті түрде нотариат куәландырған жазбаша құжат (Ресей Федерациясының Отбасы кодексі 41 бабының 2 тармағы). Ол АХАЖ органдарында емес нотариус конторасында жасалады. Егер осы тәртіппен жүрмесе, шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Неке шартының заңдылығын және заңи шындылығын нотариалды куәландырылғандығы көрсетеді. Нотариус өз қызметіне лайықты ерлі-зайыптыларға неке шарты мен оның мазмұнының формасын көрсетеді. Неке шартын куәландыру үшін мемлекеттік немесе жеке тәжірибемен айналысатын кез келген нотариусқа жүгінуге болады. Нотариус неке шартын жасау жобасы туралы кеңес береді.

Жалғандықтың арқасында жасалған неке шарты (алдаушылық, зорлық, алдын-ала қорқыту және т.б.) жәбірленуші ерлі-зайыптылардың біреуінің арызы арқылы жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Неке шартын жасауда ерлі-зайыптылардың екеуі де сыртқы әсерден еркін болуы керек. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісіне (некеге тұрушының бірін) немесе үшінші тұлғалардың (мысалы, ата-анасының) әсерінен жасалған неке шарты Заңның қатаң сақталмағандығын көрсетеді.

Ерлі-зайыптылар неке шартына өз қол таңбаларын қоюы керек. Нотариуста оны куәландыру ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке бастарының келуімен куәландырылады. Неке шартын белгілі бір өкіл арқылы куәландыруға жол берілмейді. Нотариустың міндеті болып:

1. неке шартының мағынасын түсіндіру;

2.  неке шартының мәнін ашу;

3.  неке шартын жасаудағы заңды салдарының әсерін;

4. ерлі зайыптылардың заңдық ескертпеушіліктеріне байланысты кері салдардың қолданылмауын қадағалайды.

Нотариус шартты куәландыруда оның заңға сәйкес екендігін тексереді.

Неке шартын кез келген нотариалды конторда жасауға болады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік салық туралы» Заңына сәйкес мәмілені нотариалды куәландырғаны үшін есептік көрсеткіштің 10 % құрайды.

Неке шарты жасалғаннан кейін, ондағы ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктерін пайдалану туралы келісімде айтылғандай: ерлі-зайыптылардың неке кезінде пайдаланған заттарына екеуі де бірдей құқылы болады. Әр түрлі факторларға қарамастан (әр ерлі-зайыптылардың үйдегі билік етуі т.б.) ерлі-зайыптылар неке бұзылған кезінде олар өзінің жасасқан шарты бойынша тек мүлікке ғана таласуға құқылы. Ерлі-зайыптылардың мүлкінің заңды режимі неке шартын жасасу кезінде ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ортақтай келісуі болып табылады. Егер неке шарты болмаса, онда ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары заңды түрде әрбір заңды нормативтік актілерінің нормаларымен реттелінеді.

Қазақстан Республикасының заңдарында неке шартының негізгі белгілері бекітілген. Ойға сиятын және ойға сыймайтын қатынастардың барлығын реттейтін дамыған шетел мемлекеттерінен гөрі Қазақстан Республикасының заңдарында шартта тек тараптардың мүліктік құқықтры мен міндеттерін реттеу көзделген.

Неке шарты неке жасына дейінгі некеге тұрушылар және ерекше мән жайларға байланысты жағдайлардағы ертерек некеге тұрушылар да жасай алады.

Неке қиғанға дейінгі шартты жасауды психологиялық стимулятор ретінде қарауға болмайды. Яғни неке тіркелуін жедел түрде іске асыру деп қарамауымыз керек. Некені тіркеу арқылы алдында жасалған шарттың жүзеге асырылуына жол беріледі.

Қазақстанда неке шарты көптеген себептер бойынша кең таралмаған. Атап айтатық болсақ:

  1. заң некедегі жұбайлардың қатынастарын дәлме-дәл реттейді;
  2. заңда жұбайлардың біреуі шарт ережелерін бұзған жағдайда неке

шарты олардың біреуінің жағдайын нашарлата алмайды деген

ереже бар;

  1. шарт нормасынан заң нормасы басым құқыққа ие;
  2. неке шарты – жұбайлардың толық, тең құқылы болып табылады.
  3. жастардың ата-анасы неке шарты психологиялық жағынан

жағымсыз әсер етеді, деп ойлайды. Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» жаңа заң қабылданғанға дейін адамдар неке шартын жасаспай-ақ өмір сүріп келді, сонымен қатар олар бұл жас отбасыға ешқандай пайда келтірмейді, тек қана ұрыс-керістің көбеюіне алып келеді, -деп есептейді;

6. Қазақстан Кеңес дәуірінен бері ұмытылмаған тұрақты дәстүрді сақтап келеді. Ислам, христиан және республикамыздағы басқа да діндер ерлі-зайыптылрдың өзара құқықтық қатынастар мәселесін басқа да заңдармен шешуді дұрыс деп санамайды;

7. некеге тұратын адамдардың өздерінің мүлкі (пәтер, автомобиль, бағалы заттар) мен капиталдары (акция, бағалы қағаздар, банктегі шоттар, ЖШС-нің үлестері және т.б.) болған жағдайда ғана неке шартын жасасудың мәні бар;

8. көбінесе жастар арасында екеудің біреу шарт жасауға ниет білдірсе, екінші тарап оған сеніміздік білдіреді, яғни жағымсыз көңіл-күй өмірлік жұбай таңдауына күмән келтіреді.

Тараптар ажырасқан жағдайда, шарт бойынша мүлік қалай бөлінеді деген сұрақ та әркімді толғандырады. Көбінесе неке шартына отырушылар заң талаптарын мүлтіксіз орындай бермейді. Егер мүлік шартта көзделмесе, онда дүние бөлісу жалпы белгіленген режимнің заңына бағынады. Анықталған шарттың басталуына немесе басталмауына байланысты неке шартында ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері белгілі бір мерзімге шектеулуі мүмкін. Мысалы, егер кім көп айлық тапса, сол үйдің шығынын көтеріп алады.

Сонымен қатар неке шартын жасасу қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулер қарсылық білдіреді. Неке алғашында мүліктік қатынастарды, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттейді. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктік міндеттерін тең дәрежеде қорғайды.

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңның 40 бабына сәйкес «ерлі-зайыптылардың неке шарты мен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы заңның 32 бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы».

Тәжірибе жүзінде ол келесідей мәнге ие: мысалы, кәсіпкердің әйелі, күйеуі банкротқа ұшыраған жағдайда олардың барлық ортақ мүлкі тәркілеуге ұшырайды деп қорқады. Осындай жағдайда белгілі бір заттардың күйеуіне емес әйеліне тиісті деп көрсетілісімен неке шарты жасалады. Нәтижесінде, күйеуі еш нәрсесіз қалса, әйелінен сот бойынша белгіленген заттарды алуға болмайды. Бұл мүмкіндіктің жақсы жағының тағы бір түрі мынада: кез келген шиеленіс жағдайында емес, оның тууына дейін шешуге болады.

Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы  мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. Соныман қатар неке шарты ерлі-зайыптылардың өзара күтіп бағу жөнінде құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін енгізуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 40 бабының 2 тармағына сәйкес «неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттерді белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Мысалы, бұрынғы әйеліне төленетін «алименттер», оның келесі күйеуіне шыққанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, заңда неке шартында қандай шарттар кіруі мүмкін және қандай мүмкін емес екені белгіленген. Солайша, неке шартында мыналарға тыйым салынады:

ерлі-зайыптылардың құқық қабілеттілігін немесе қабілеттігін

шектеуге ( олардың өз атын әрекет етуге және сол үшін жауаптылық мүмкіндігінен айыруға). Мысалы: ерлі-зайыптылардың біреуі екіншісінің келісімінсіз өзінің жеке меншігін сатуға құқылы емес деп келісуге болмайды. (бұл әрбір жеке адамның өзінің жеке меншігін қолдану құқығы), сонымен қатар мынадай мысал келтіруге болады: Қазақстан кино әртістерінің бірі неке шартын орындау үшін өз шығармашылығын кепілдікке береді, бұл шартқа сәйкес ол күйеуге шыққаннан кейін үш жыл бойына күйеуінің келісімі бойынша қызмет түрімен айналыса алатын болады.

Бұл жөнінде біз тек кино әртісіне уақытында мамандырылған заңгер консультациясы берілмегендігі туралы ойланамыз, өйткені бұл оны нақты ережелермен таныстырып, бос өткен үш жылға жол бермес еді;

олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын

шектей алмайды. Өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдану Қазақстан Республикасының әрбір азаматының конституциялық құқығы болып табылады;

—         ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес жеке

қатынастарды реттеуге алмайды. Мысалы, ажырасу кезінде жұбайы фамилиясын некеге дейінгі фамилиясын өзгертуге міндеттей алмайды;

—         ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен

міндеттерін реттей алмайды, бұл да мүліктік емес жеке қатынастар (ал ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқығы мен міндеттеріне келсек, онда олар неке шартында бала саны, олардың тәрбие және білім алуын, ажырасу жағдайында олар кіммен тұратнын қарастыру керек). Алайда, неке шартына ерлі-зайыптылардың біреуінің ата-аналық құқығынан айыратын немесе шектейтін нормаларды енгізу мүмкін емес. Мысалы, ажырасу кезінде бала анасымен қалады да, әкесі олардың өмірінде, тәрбие және білім алуына ешқандай кірісуге құқығы жоқ. Азаматтар ата-ана құқығынан тек сот шешімі арқылы ғана айырылады, ал неке шартымен балаға қатысты құқығы мен міндетін реттей алмайды. Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңына сәйкес кәмелет жасқа толмаған балаларды асырау мәселелерін шешу үшін ата-анасы алименттік келісім жасауға құқылы, ал балалардың тұратын жері, ерлі-зайыптылардың ата-ананың құқығы сияқты арнайы келісіммен айқындалады;

—         еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайы асырау қаражатын алуға

құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды (неке отбасылық заң еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың құқығын қарастырады), сонымен қатар еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбай егер ол  некені бұзғанға дейін немесе некені бұзғаннан кейін бір жыл еңбек еткен соң, еңбекке қабілетсіз болса, ол жұбайынан (бұрыңғы жұбайы) сот негізінде алимент төлеуді талап етуге құқылы, яғни бұл құқық ерлі-зайыптылардың неке шартымен шектелмейді;

—         ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайда қалдыра

алмайды  (айтатын болсақ, ажырасу жағдайында ерлі-зайыптылардың бірі еш ақшасыз немесе еш нәрсесіз қала алмайды).

Азаматтық заң — өтірік, күш көрсету, қорқыту негізінде жасалған

мәміле,сонымен қатар қиын жағдайда, ал екіншісі сонымен пайдалану нәтижесінде жасалған мәміле жарамсыз деп танитын нормалардан тұрады.

Осыдан біз мынандай қорытынды жасай алмаймыз, яғни неке шарты ерлі-зайыптылардың біреуін қолайсыз жағдайға қалдыратын нормаларды (ережелерді) қарастыра алмайды. Неке отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.

Әйел және ер арасындағы некелік одақтың еркін принциптеріне сәйкес отбсылық қатынастарды реттеуді жүзеге асыру, отбасында ерлі-зайыптылардың құқық теңдігі, өзара келісім нәтижесінде отбасылық мәселелерді шешу, отбасылық бала тәрбиелеу артықшылықтары, оларды қадағалау, өмір сүруі мен дамуы отбасындағы кәмелет жасқа толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқығы мен көзқарасын қорғау, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық және қай дінге жататындығына қатысты азаматтарды отбасылық қатынастарын шектеуге тыйым салынған.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзатын неке шартының шарттары жарамсыз деп танылады. Бұдан басқа заң тағы басқа неке шартын құру барысында міндетті талаптарды белгілейді.

Ерлі-зайыптылардың некелік өмірі барысында жинақталған қоры, кәмелетке толмаған балалардың атына салынса, осы балаларға тиісті болып есептеледі. Ол мүліктік бөлісу кезінде есептелмейді және сәйкесінше неке шартының объектісі болып есептелмейді. Ата-анасы тірі кезінде бала олардың мүлкіне құқысы жоқ және баласының мүлкіне ата-анасының құқысы болғандықтан, неке шартын жасау барысында, ерлі-зайыптылардың мүлкін балалар мүлкінен шектеу керек.

Негізінен бала өзі кіргізген кіріске сыйға немесе ата-анасына қалған мүлікке және өзі тапқан басқа мүлікке жеке меншік иелік құқығы бар.

Әрбір ерлі-зайыптылардың өз кредиторын неке шартын құру, өзгеріс енгізу немесе бұзуы туралы алдын-ала хабарлауға міндетті. Бұл міндетті орындамаған жағдайда ерлі-зайыптылардың неке шартының мазмұнына қарамастан өз міндеті үшін жауап береді.

Бұл ереже несиеге берушінің мүліктік құқығы мен көзқарасын қорғауға бағытталған, яғни олар қарыздар неке шартын жасау, өзгерту немесе бұзу кезінде зардап шекпеуі керек. Өйткені, мынадай жағдайдың тууы да ықтимал: ерлі-зайыптылрдың бірі үлкен мөлшерде ақшалай сумманы қарызға алып, уақытында несиеге берушіге қайтармауы мүмкін, сөйтіп асығыс түрде неке шартын жасап өзінің бар мүлкін жұбайына аударады, нәтижесінде несие беруші өз қарызын қайтару мүмкіндігінен айырылып, қарыздардың мүлкін тәркілеуге ұсынады.

Алайда басқа да жағдай, мүлкін белгілі бір жағдайлармен неке шартының шарттары тиімсіз болған ерлі-зайыптылардың бірі және белгілі бір себептермен оны бұзу үшін сотқа шағымданғысы келмейтін ерлі зайыптылар несие берушімен немес соның ролін өз қолына алатын адаммен келісімге келеді. Нәтижесінде жалған несие берушінің жалған қарыздар жұбайға неке шартының мазмұнынан тәуелсіз шарттарын орындауға міндеттейді, соңында бұл бір жұбайының заңсыз баюына, ал екіншісінің құқығының бұзылуына әкеліп соғады.

Осыдан басқа неке шартын құруда тағы басқа орындауы міндетті талаптар қойылған: неке шартында ерлі-зайыптылардың өзара күтіп бағу жөніндегі өз құқықтарымен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындарының жасау тәртібін айқындауға неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге неке шартында ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзгеде кез-келген ережелерді айқындауға құқылы болады.

Біріншіден, ерлі-зайыптылар өзара күтіп бағу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін айқындауға құқылы. Ескере кететін жағдай, бұл құқықтар мен міндеттер неке кезінде және ол бұзылған жағдайда да айқындалады. Осының барысында ерлі-зайыптылар бір-біріне алимент төлеу тәртібінен бас тарту құқығына ие болады. Сәйкесінше, ерлі-зайыпталар өзара күтіп бағу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін еңбекке жарамсыздық пен мұқтаждық негізінде пайда болады. Мұқтаж бірақ еңбекке жарамды ерлі-зайыптылардың бірі екінші жұбайы тарапынан асырау құқығына ие емес. Бұнда неке шарты  ерлі-зайыптылардың өздерін өзара күтіп бағу мәселесін шешуді рұқсат етеді. Мысалы, егер шартта ерлі-зайыптылардың бірі өз отбасының мүддесі үшін өз қызметін тастауға немесе қызметінен айырылса, айта кетсек әйелі, отбасы және бала тәрбиелеу үшін жоғары білім алудан айырылуға мәжбүр болса, неке бұзылған кезде өз жоғалтқан уақыты және мамандығы бойынша ол өз жұбайынан күтіп бағуды талап ете алады.

Ресей Федерациясы неке шартындағы өзара күтіп бағу-бұл тараптарды ерлі-зайыптылардың неке барысында және оның бұзылған кезінде айқындалады. Мұнда ерлі-зайыптылардың өз қарауы бойынша әрекет етеді. Сөйтіп, неке шартында өз күйеуімен келісім  түрде отбасын тастаған әйелі балаларына белгілі бір сумма мөлшерінде ақша, белгілі уақыт аралығында; ай сайын, квартал сайын алуға болады деп белгілеуге болады. Яғни, ол неке кезінде және ол бұзылған уақытта ерлі-зайыптылардың өзара бірін-бірі бағып күту міндеттері мен құқықтарын белгілі бір талаптарға тәуелді етіп қоюға болады. Мысалы, әйелі бала мектепке барғанша, күтіп-бағуға құқығы бар. Ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісін бағып күтуі үшін төлейтін ақы, төлемі тәртібі мен көлемі белгілі бір алимент төлеу келісімінде айқындалады.

Екіншіден, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін анықтауға құқылы. Негізінде, кіріс-ол ақша және азаматтық айналымда қатысуымен түсіндірілетін заттардан түсетін пайда. Мысалы, кіріске акция және құнды қағаздан түсетін дивиденттер, банктік салым бойынша проценттер, жалға алу төлемі және т.б. жатады. Жекелеген  түрде «Кіріс» термині одан да кеңірек мағынада қолданылады және де ол заттардан шығатын табиғи түсімдерді қамтиды. Мысалы, үй жанындағы жерден астық түсімі, үй жануарлар тұқымы және т.б. Заң бойынша кіріс пен түсімді алып келген зат кімге тиесілі болса, оларда соған тиесілі. Алайда, неке шартында ерлі-зайыптылар бұл тәртіпті өзгерте алады. Мысалы, күйеуіне тиесілі банк салымдарының проценттері олардың ортақ және жеке меншігі деп есептей алады.

Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша, неке шартында да ерлі-зайыптылардың бір-бірінің  кірістеріне қатысу әдістері анықталады. Кірістерге тәртіп түрінде акциялар мен құнды қағаздардан түсетін дивиденттер, банк және т.б. жатады. Заң бойынша, кірісті алып келген зат кімге тиесілі болса, кіріс сол адамға тиесілі болса, кіріс сол адамға тиесілі болады ( Ресей федерациясының Азаматтық кодексінің 136 бабының 1 тармағы). Алайда, ерлі-зайыптыла өзара бұл заң ережесін өзгерте алады. Мысалы, олар неке шартынде некеге дейінгі күйеуінің жинаған акциясы кірісінің 50 пайызы әйелінің меншігіне енеді деп белгілеуге болады.

Үшіншіден, ерлі-зайптылардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындай алады. Отбасы шығындары-кең түсінік және ол заңда толық нақтыланбаған. Тәжірібиеде оған әртүрлі қамтамасыз етілу деңгейіне тәуелді, бұл арқылы отбасының мүмкіндігі мен қажеттілігі деңгейі айқындалады.

Отбасы шығындарын келесі үлгіде топтауға болады: бірінші топқа: ең қарапайым, бірақ маңызды ағымдағы шығындар; үй төлемі және коммуналдық төлемдер, көлік төлемдері және т.б. Сонымен қатар бұл топқа автокөлікті ұстау (бензин, гаражды жалға алу шығындары және т.б.), телефон байланысы төлемі (телефон, телефакс, элетронды почта, ұялы телефон және т.б.); қала сыртындағы саябақ немесе үй, жер учаскесі және т.б. заттарды ұстауға кететін шығындар жатады. Егер аталған мүлік сақтандырылған болса, онда бірінші топқа сақтандыру төлемдері де жатады.

Отбасылық шығынның келесі тобын білім беруді, медециналық қызмет көрсетуді (дәрі сатыпалуды қоса) санитарлы курорттық емдеуді және т.б. төленетін шығындар құрайды.

Үшінші топқа демалыс пен саяхатқа қатысты шығындар жатады.

Төртінші топқа күнделікті шығындар, яғни ақшалық суммалар жатады. Оларды ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің қарауы бойынша жояды.

Неке шартын құру барысында ерлі-зайыптылардың отбасы шығындарының тәртібін дұрыс формалауда олардың әртүрлілігін көрсету болып табылады. Бұл талаптардың шартына енуі, ерлі-зайыптылардың қайсысы және қандай көлемде толық немесе жартылай отбасы шығынына жауапты екенін анықтайды.

Ресей Федерациясының неке шартының әрбір ерлі-зайыптылардың әкелетін шығындары бекітілген. Бұл неке шартының ерекшелігі- отбасының күнделікті шығындарына ( тамақтану, ортақ шаруашылық жүргізу, үй төлемі және тағы басқалары тіпті күнделікті шығынға дейін) және сол сияқты тағы да басқа шығындарға мыналар жатады: мысалы, балаларды оқыту, мүлікті ұстау және дамыту (мысалы, автокөлік, тұрғын үй).

Көптеген шетел мемлекеттерінде ерлі-зайыптылардың ақшалық салымы отбасы шығындарын өтеуде тең немесе пропорционалды болуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кім және қандай мөлшерде (толық не белгілі бір бөлігін) отбасы шығынның төлейтіндігін анықтауға мүмкіндігі бар.

Аталған ережелерді неке шартында енгізу ең бірінші егер ерлі-зайыптылар неке өмірі барысында мүлікті бөлу тәртібін орнатқан жағдайда мүмкін болады.

Төртіншіден, неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге болады. Неке шартының бұл шартын ерлі-зайыптыларға неке бұзылғанда,  ортақ мүлікті келісіммен араластыруға болмайды. Біріншіден, бұл екі құжат арасында міндетті түрде нотариалды куәландыруға талап етеді, ал заң мүлікті бөлу келісімін нотариалды куәландыруды талап етпейді. Екіншіден, бұзылған жағдайдағы ерлі-зайыптының әрқайсысына мүлікті анықтайтын неке шартының шарттары берілуі перспективті болып табылады.

Неке шартында ерлі-зайыптылардың ажырасу кезінде және мүлікті бөлу кезінде белгілі бір заттар кімге беріледі, оларға баға қалай беріледі, кім және қандай мөлшерде ақшалай компенсация төлейтінің анықтауға мүмкіндіктері бар.

Бұл ережелердің неке шартында болуы маңызды және дұрыс, өйткені бұл сол жағдайда егер некеге дейін ерлі-зайыптылардың бірінің ешқандай жеке кірісі болмаған жағдайда, тек жұбайымен өзара келісім түрінде үй шаруашылығымен, балаларды тәрбиелеумен айналысқан болса, неке бұзылғанда ол қиын жағдайда қалуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда некенің бұзылу себептері қарастырылады. Сондықтан ажырасу кезінде мүлікті бөлу неке шартында белгілі бір шарттармен байланыстыру маңызды (Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 42-бабының 2-тармағы). Осылайша, ерлі-зайыптылар неке шартында ажырасу себебі – екеуінің бірінің опасыздығы болса, онда екінші жұбайы мүлікті бөлгенде үлкен бөлігін алады немесе мүлік құрамынан өз таңдауы бойынша заттар алады деп айтуға болады.

Неке шартына енетін жоғарыда аталған ережелер Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 40 бабында, Ресей Федерациясының Отбасы кодексінің 42 бабында көрсетілген. Бірақ олардың тізімі толық емес. Заң неке шартына ерлі-зайыптыларға қатысты басқа да мүліктік қатынастар ережелерін енгізе алады. Мысалы, оларға ерлі-зайыптылардың біріне тиесілі немесе отбасы мүшелеріне тиесілі тұрғын үй ауданын пайдалану шарттары ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің ата-анасын бағып күтуге материалдық жағдай жасау міндеттері ерлі-зайыптылардың бірінің иелігіндегі нақты заттар тізімі және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Осы ғасырдың басында Г.Ф.Шершеневич атты орыс ғалым-заңгері айтып кеткендей, «Отбасы құқығы – заңды түрде бірін-бірі сүю, құрметтеу және қадірлеуді бекітпейді, өйткені бұның барлығы санкциядан айрылған алдамшы құқық, рухани өмірмен байланысы жоқ. Ол тек сыртқы әлеммен байланысты», «Өнегелі отбасы Шершеновичтың айтуы бойынша, құқықтан тыс пайда болады. Жеке өмірге заңи элементтерді енгізу сәтсіз және ол ешқандай мұратқа жеткізбейді».

Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттерді белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Сәйкесінше неке шартында көзделген мүліктік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы әртүрлі, соның ішінде жеке мүліктік емес әртүрлі мінездегі белгілі бір жағдайлардың туындауы немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін.

Неке шарты кідірушілік немесе өзгертушілік шарттар негізінде құрастырылады. Егер екі тараптың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуын туындататын немесе туындамайтын жағдайларға байланысты тәуелді етсе, онда шарт кідірушілік негізде жасалған деп есептеледі. Мысалы, ерлі-зайыптылардың неке шартында тұңғышы ер бала болған жағдайда неке өмірінің алғашқы жылдары бойына автокөлікті жүргізу құқығы әйеліне тиесілі болады деп көрсетілген. Егер екі тараптың міндеттері мен құқықтарының тоқталуының туындауы немесе туындамауы белгісіз жағдайларға байланысты тәуелді етіп қойса, шарт өзгертушілік негізде жасалған деп есептелінеді. Мысалы, ерлі-зайыптылардың неке шартында некені бұзушылық мотиві ерлі-зайыптылардың бірінің лайықсыз қылықтары болып табылса, онда неке өмірі барысында жинаған мүлікті бөлу үлестік емес бөлшектелген тәртіп түрінде жүзеге асады, және кінәлі жұбайға екіншісіне қарағанда аз үлес тиеді деп белгіленген.

Осылайша, бірінші және екінші мысалдарда мәселе болып отырған заңға қайшы келетін олардың жеке құқықтары мен міндеттерін реттеу емес, шартта ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығының және міндеттерінің туындауы немесе тоқтатылуымен байланысты жеке мүліктік емес мінездегі шарт болып табылады.

Неке шарты көлемді мәселе, яғни ол қанша қандай шарттарды құрайды және заңмен көзделген мүліктік құқық пен міндеттердің қайсысын реттейтінін, некеге түсуші тұлғалар немесе ерлі-зайыптылардың өздерінің қарауы бойынша шешіледі. Мысалы, ерлі-зайыптылардың бір бөлімнен тұратын неке өмірі барысында жиналған барлық мүлікке, әрбіреуінің үлесін анықтайтын бөлектелген меншік режимін белгілеуге бекітілген неке шартын құрастыра алады.

Осыған байланысты ерлі-зайыптылардың немесе олардың бірі неке шартында неке өмірі барысында жинаған немесе заң бойынша соған тиесілі мүлікті өзі өмірден кеткен жағдайда басқарып ұйымдастыра алады ма, яғни неке шарты өсиет деген элементті қамти алуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

Өсиет мүліктік қатынастарды реттеуде тікелей қатынасқа ие екеніне қарамастан, бұл сұраққа жауап мынадай негізде бұрыс беріледі: біріншіден, мұрамен байланысты кез келген мәселені шешуде, азаматтық заңнаманың арнайы бөлімін қолдануды талап етеді. Заң бойынша, азамат өсиетті арнайы құжатта қалдырады. Сондай-ақ бірнеше адам атынан өсиет құрастыру және соның ішінде ортақ өсиет қалдыру рұқсат етілмейді.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңындағы неке шартында ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығы мен міндеттерін неке кезінде немесе ол бұзылған кезде анықтай алады деп көрсетілген, яғни бұл некені тоқтату негіздерінің бірі болып табылады. Өйткені ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда да неке тоқтатылады. Сәкесінше некені тоқтату негізі ретінде оны бұзушылық мәселесі айтылған, онда неке шартында ерлі-зайыптылардың бірінің өлімі жағдайында мүліктік құқық пен міндеттерді анықтау мүмкін емес.

Некеге тұрушы тұлғалар немесе некедегі ерлі-зайыптылар некені бұзу жағдайында неке шартында бір-бірінің құқығы мен міндеттерін реттеуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың арасында пайда болған көп түрлі тұрғын үй мәселелері арасындағы ең өзектісі – тұрғылықты кеңістікті пайдалану мен онда тұруды тоқтатумен байланысты жайттар болып отыр.

Мәселе мынада: некеге тұруға дейін құрастырылған заң бойынша ерлі-зайыптылардың бірінің меншігі немесе келісім бойынша жалдау объектісі болып табылатын пәтерде ерлі-зайыптылардың екеуінің тұруы екі жағдайда да екінші жұбайы тұрғын үйді тек қолдану құқығына ие болып, ал бірінші жұбайы соның иесі болып табылады. Екінші жұбайының тұрғын үйді қолдану құқығы – қосымша және ол некені тіркеуге негізделген. Сәйкесінше, бұл құқықтың пайда болуына некені тіркеу негіз болса, оның тоқтатылуына некені бұзуды тіркеу негіз болып табылады. Осыған байланысты неке бұзушылық тіркелген кезден бастап екінші жұбайының тұрғын үйді қолдану құқығы тоқтатылып, ол тұрғын үй кеңістігін босатуға міндетті. Азаматтардың тұратын жері бойынша тіркеуге тоқталатын болсақ, онда егер некені тіркеуге байланысты ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің тұратын үйіне тіркелсе, онда оның некені бұзуға байланысты тұрғын үймен қолдану құқығы тоқтатылған кезде бұл үй оның тұратын жері болып табылмайды.

Сөйтіп, ерлі-зайыптылардың неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектьелген меншік режимін белгілеуге құқылы.

Неке шартынң объектісі – мүлікпен байланысты және мүлік бойынша пайда болатын ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері болып табылады. Ерлі-зайыптылардың мүлкі – неке өмірі барысында жинаған немесе әрқайсысының бөлек меншігінде тұратын мүлік. Ерлі-зайыптылардың жеке меншігі мен бірлескен мүлкін ажырату заңда бекітілген. Ерлі-зайыптылардың бөлектенген меншігі деп оның неке құрғанға дейінгі мүлкі және некеден кейінгі жинаған қорға алынған мүліік есептеледі. Бұдан басқа бұл қатарға ерлі-зайыптылардың сыйға алынған мүлкі, мұра және тағы басқалары сияқты ақысыз берілген мүлік түрлерін жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша, сый ауызша түрде өте алады. Оны тапсыру – негізінде символикалық тапсыру негізі ретінде өтеді. Алайда айқындалған жағдайда сый жазбаша түрде болса, онда мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Сыйға тартылған нәрсені ерлі-зайыптылардың бірінің меншігі   деп есептеу үшін, сый дәл сол жұбайының пайдасына жасалуы керек. Бұл мәселені шешуде дұрыс қадам жасау тәжірибелік қызығушылықты ұсынады, өйткені бұл нақты затқа қандай құқықтық режимнің тарауына байланысты болады. Сонымен бірге заңда мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып есептелетін жағдай да қарастырылған. Бұл егер неке өмірі барысында ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе әрқайсысының бөлектелген мүлкі, не екеуінің еңбектерінің біріне салым белгіленбесе, бұл мүліктің құннын айтарлықтай үлкейтетін – ремонт, қайта құру және тағы басқалары. Ерлі-зайыптылардың мүлкін екеуінің ортақ меншігі деп танитын тізім негізі, ерлі-зайыптылардың бірінің еңбегі сияқты маңызды негізбенен толықтырылатынын ескерген жөн. Көп жағдайда мүліктің алғашқы салымы материалдық шығындарына байланысты емес, ерлі-зайыптылардың бірінің қосқан еңбегі нәтежиесінде көбейеді.

Ал неке шартына келетін болсақ, көпшілік жағдайда ерлі-зайыптылар некеге өз мүліктік қатынастарының қай нұсқаға тәуелді болатындығын таңдауда еркін болады. Олар неке көмегімен жұбайылық мүліктік режимге белгілі бір елдің заңымен бекітілген, заңға қайшы келмейтін кез келген өзгерістерді енгізе алады.

Ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік қатынастарды құқықтық реттеуді көп елдерде жұбайлардың келісімді немесе заңды мүліктік режимін бекіту мүмкіндігі — негізгі ерекшелік болып табылады. Келісімді мүліктік режимі ерлі-зайыптылар арасында неке шарты жасалғанда пайда болады. Ереже бойынша, неке шартын жасау тәжірібиесі ауқатты отбасыларда кездеседі. Неке шартында әйелі мен күйеуінің отбасы өмірінде жинаған және некеге дейінгі тиесілі мүліктеріне меншік құқығы белгіленеді, сонымен қатар неке бұзылған уақыттағы мүліктік санкциялар жағдайы қарастырылады. Жұбайлар арасында шиеленіс туған жағдайда сот заңдағы сілтемелерге емес, неке шартындағы  ережелер бойынша шешім қабылдайды.

Заңды мүліктік режимнің үш түрі бар:

-ерлі-зайыптылардың жалпылық мүліктік режимі (Франция,

Швейцария,АҚШ-тың 8-штатында);

-ерлі-зайыптылардың бөлектенген мүліктік режимі (Англия, АҚШ-тың

көптеген штаттары,);

-ерлі-зайыптылардың  бөлініп шығарылған жалпылық мүліктік режимі

(Швеция, Норвегия, Дания).

Ерлі-зайыптылардың жалпылық мүліктік режимі – неке кезінде жиналған мүлікке ортақ меншік түрі болып табылады. Бұл режим Франция құқығында толық регламенттелген. Франция заңнамаларында көптеген келісімді режим түрлерін ұсынады. Олардың көбі тәжірібиеде кездеседі. Оларға Францияның азаматтық кодексінде көрсетілгендей:

1.ерлі-зайыптылардың некеге дейінгі және неке кезінде жиналған

барлық мүліктерінің ортақталынғанын;

2.ортақталған тек жылжымалы мүліктерге және некеге отырғаннан

кейінгі жұбайлардың әрқайсысының тапқан мүліктерін;

3.ерлі-зайыптылардың ортақ мүліктеріндегі тең емес құқықтарды

анықтауды;

4.ажырасу жағдайында компенсация ретінде ерлі-зайыптылардың бірі

ортақ мүліктің белгілі бір бөлігін алу құқығын жатқызамыз.

Заңда ортақ мүлікті басқарудың әртүрлі нұсқаулары қарастырылған. Мысалы, ерлі-зайыптылардың неке шартында ортақ мүлікті бірігіп басқару және барлық құжаттарға өзара келісім негізінде қол қоюы мүмкін. Олар ортақ мүлікті басқаруды бір-біріне сенуі және бір-бірінің атынан іс-әрекет етуі мүмкін. Францияның заңнамаларында неке шарты еркінділігін шектемеу көрсетіледі. Мұнда заңға қайшы келмей, ерлі-зайыптылардың тең құқығын бұзбай, олардың таңдау еркін шектеуге болмайды.

Бөлектелген мүліктік режимге сай ерлі-зайыптылар тек некеге дейінгі мүлікке ғана емес, сонымен қатар неке барысында жинаған ақшаға да өз иелігін орната алады. Осылайша, егер әйелі жұмыс жасамай, тек үй шаруашылығымен   айналысып отырса, оған еш нәрсе тиесілі емес болып табылады, яғни ерлі-зайыптылардың бөлектелген мүліктік режимі күйеуге тиген әйелдің мүддесін қорғамайды. Англия мен АҚШ-тың дәстүрлі бөлектелген мүліктік режиміне маңызды жалпылық элементтері енгізілген: құқық бойынша жұбайы нақты мүлікке құқысыз болса, сот арқылы сол мүліктің белгілі бір бөлігін алуы мүмкін; жалпылық мүліктік режимі маңызды мүлік түрлеріне бекітілген (мысалы, тұрғын үй және кеңістіктер).

Жалпылық мүліктік режим түрі Германияда орнатылды. Оған 1957 жылы өзгерістер орнатылды. Олардың мәні мынада: некеде тұратын ерлі-зайыптылардың мүлкі бөлек меншікте орналасқан, ал неке бұзылған уақытта екеуінің де бұл мүліктің тең жартысына құқығы бар.

Бөлек шығарылған жалпылық мүліктік режимі бар елдерде, ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлу режимі түрінде жүргізеді, яғни ажырасу уақытында барлық мүлік қосылады, кейін тең үлеске бөлінеді.