Неке шартының дамуы және оның тарихы туралы қазақша реферат
Неке – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.
Ең алғаш неке шартын өмірге енгізген Еуропа да, Америка да емес. Бұл құжат ежелгі заманда пайда болған. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Греция мен Рим еркек пен әйел отбасы құрмас бұрын, мәміле жасап, онда мүліктік қатынастарын ойластырып, мұрагерлік мәселе туралы алдын-ала келісетін болған. Бұл әрекетті еш ұят немесе ерсі деп санамаған. Христиан діні пайда болғанға дейін мұндай келісім дәріптеліп келген.
ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында кейбір дамыған Еуропа мемлекеттерінде (Австрия, Англия, Франция, Германия) неке шарты институттары қайта құрылған.
Франция мен Англия неке шартын бұрыннан бері қолданылып келеді. Некеге тұрушы әйелдің туыстары некеге дейінгі мүлікпен және одан түсетін табстарды пайдалана алды.
1882 жылға дейін Англияда жұбайлардың «жалпы құқыққа» (common law) байланысты ерікті болды. Күйеуге шыққан әйел өзіндік мүлікке құқығы болған жоқ. Некеден кейінгі мүліктердің барлығы күйеінікі болады. Яғни жұбайылық мүліктері болған жоқ
ХVІІ ғасырдан бастап, Англияда капитализмнің дамуы салдарынан «жалпы құқықтың» нормалары таптардың мүдделеріне қарма-қайшы келді.
Осы мақсатта «әділет соттары» (eguity) құрылып, олар неке шарттарда әйелінің жарты мүлкі ерінің билігінен бөлек болды. Осы «әділет сотының» шығарған ережелері тек отбасы мүлкіне жатпайтын капитал түріндегі меншікке қолданылды, Сондықтан Англияда ХІХ ғасыр соңына дейін жұбайылық мүліктің екі режимі болды: «common law» — көпшілік халыққа, «eguity» — жоғары топқа арналған еді.
1882 жылы Парламентпен тұрмыс құрған әйелдердің меншігі туралы заң қабылданды. Онда әйел неке шартына тұрған жағдайда ерімен мүлікті бөліскен кезде оған дейінгі сол кездегі, одан кейінгі мүлік әйелінің меншігі болып табылды және оны ол мұрагерлікке қалдыра алды.
Революцияға дейінгі Ресейде «неке шарты» деген ұғым болған жоқ. Неке тәңірде жасалып, шіркеуде бекітілді. Бірақ сирек мұражайлық құжаттардың арасында Петр І патшаның Анна Петровна деген қызының неке шарты көрсетілген.
Ресей империясының заңгер жинағында ерлі-зайыптылардың мүліктерін бөлу туралы қағида бекітілген, ол ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке мүліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерінде отбасын қамтамасыз ету міндеттілігі жатты. Бірақ сол кездегі Ресей империясының құрамындағы Польшада «алдын-ала неке шарты» деген ұғым қолданылған. Ол некеге дейін жасалынады, нотариалды түрде куәландырылған, неке жазу актісінде көрсетілген. Онда тек жергілікті заңдармен анықталған ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары өзгертіледі.
Кеңестік кезеңде шіркеу өз әсерін жоя бастады, бірақ неке шартына деген қатынасы өзгерген жоқ. 1918 жылы революциядан кейін Ресейде бірінші «Неке және Отбасы заңдары туралы» кодекс қабылданды.
1969 жылы Ресейдің «Неке және Отбасы туралы кодексінде» ерлі-зайыптылардың балаларының және ата-аналарының отбасындағы ара-қатынасын қатаң анықтады.
Әр отбасы — қоғамның бір бөлігі. Ол кезде ерлі-зайыптылардың негізгі мүлкі қолданыстағы заттар (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) болған еді, сондықтан меншік құқығын таныған жоқ. Бірақ кейін жеке меншіктің және нарық қатынастарының дамуынан жағдай қатты өзгерді.
Қазақстанда «неке шарты» болды, бірақ мазмұны басқа еді. Бұл шарт неке жасаудың тәртібін реттеді және әдет-ғұрыптардың негізінде түсіндірілді. Осында келешек ерлі-зайыптылардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісетін еді. Олардың мәмілесінде қалыңдыққа қалым беру көлемі (жігіт отбасының қызға төлейтін ақшасы) көрсетілді. Оның қазіргі кездегі неке шартынан айырмашылығы — әйелінің ерінің мүлкіне, қалым төленген ақшаға ешқандай құқығы болған жоқ. Құқық жағдайына қарағанда, әйелі ерінің меншігі болды, сонымен қатар ерінің өлімінен кейін әйелі қалған мүлікпен тең болды, тектік үзілмес үшін оның қандас туыстарының бірінің әйелі болды.
1990 жылдары Совет Үкіметі құлағаннан кейін жаңа өзгерістер ТМД елдеріндегі неке заңнамаларын қайта қарастыру керек болды. 1995 жылы Ресейде азаматтар неке шарттарын жасасуға мүмкіншілік алды. Ал Қазақстанда 1993 жылдан бастап осындай тәжірибенің іске асырылуына жол берілді.
Қазақстандық заңнамаларда неке шартын жасасу тек ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын реттеу үшін ғана қолданылады. Сонымен бірге көптеген мемлекеттердің неке шартында жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу көрсетілген. Мысалы, 1994 жылы АҚШ-та танымал миллиардер Билл Гейтс Мелинда Френчпен неке шартын жасасты, онда ол өзінің жылына бір демалыс күнін ашынасымен өткізетіндігі туралы айтылған. Әлем тәжірбиесінде міндетті жыныстық қатынастарды қағазға түсіретін шарттар да бар.
Батыс мемлекетінің тәжірибесінде неке шартын жасасу кең тараған. АҚШ-та осыдан 25 жыл бұрын жастардың 1 % ғана неке шартын жасасқан. Қазіргі қорғаушылардың пайымдауынша, қазір 60% — ға жетті.
Отбасы қатынастарындағы Қазақстан мен АҚШ-тың ұқсастығы – ажырасу санында АҚШ-та бір ажырасу үш неке қиюға әкеп соғады. Бізде одан аз. Бірақ осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстанға бұл көрсеткіш отбасы тұрақтылығы үшін өте масқара болатын еді. 1950 жылы жүз некеге бір ажырасу келетін. Ал 1970 жылы тұрмыстық ахуалдың пайда болуына байланысты ажырасу неке қатынасына байланысты өсті де, көрсеткіш біреуі алтауына келетін болды.
Қазір біздің республикада неке шартын жасасу көрсеткіші көрсетілмейді. Бұл құжатты жұбайлар нотариуста куәландырады. Заңгерлердің пайымдауынша, ерлі-зайыптылар арасындағы келісімді қатынастар кездеседі. Азаматтардың көбісі орта деңгейдегі адамдар болғандықтан, бөлісетін ештеңе жоқ. Бізге белгілі, неке шарты жұбайлар арасындағы мүліктік және қаржылық қатынастарды реттейді.
Заңгерлер неке шартының белең алмауының бір себебі: Кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әр түрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді. Ал неке шарты болса, ажырасу кезінде өзекті болып отыр. Ресми түрдегі неке байланыстары кезінде ешкім оның соңы бұзылуға әкеп соғады деп ойламайды. Ресми ақпаратқа сәйкес некеге тұрушылардың орта жас 19-20 жас аралығы болып табылады.
Әуелі некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олар неке жасына жетуі қажет. Дәлелді себептер болған жағдайда ғана мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал-актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып, қозғай алды. Барлық жағдайларды неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.