Негізгі құралдармен материалдық емес активтерінің есебі мен аудиті туралы қазақша реферат
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка — жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады. Өндірістік бағыты бойынша — жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
а) ғимарат және құрылыс;
ә) компьютерлер;
б) көлік құралдары;
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
г) басқа да негізгі құралдар.
16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стандартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануға болады егер төмендегі шарттар орындалса:
− берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;
− активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде мүмкін.
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
• бастапқы;
• ағымдағы;
• баланстық;
• өтімділік.
Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу бағалары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы құнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді. Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады. Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.
Ағымдылық- анықталған күнге, нарықтағы сәйкес багға бойынша негізгі құралдардың құны.
Баланстық — активтердің есеп және есеп беруінде сипатталатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Өтімділік — бұл негізгі құүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны. Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі құралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің ұсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралындағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана,16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:
Негізгі құралдарды алу-Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. Банк (бөлімшелер) фронт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:
— негізгі құралдардың жалпы сомасын;
— амортизациялық аударым әдісін;
— пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;
— өтімділік құнын;
— негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын.
Баланс көрсеткіштерінің бас кітаптың негізгі құралдар баптары бойынша мәлеметтерімен сәйкестігін тексеру | Бухгалтерлік баланс, бас кітаптағы шоттар(16 ҚЕХС) |
НҚ синтетикалық ж.е аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру | Бас кітап,12ж.е 10 ЖО, тозу сомасы мен НҚ қайта бағалау есептеулері бойынша азірлеме кестелер алғашқы құжаттар. |
НҚ қойылған ж.е пайдаланатын орындарында бар болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру. | Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін инвентаризациялау комиссиясын ж.е МЖАмен келісімшарттар, түгендеу және салыстыру тізімдемелері,түгендеу актілері,есептің инветарлық карточкалары мен НҚИ тізімі ж.е т.б |
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша алғашқы құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеру | Қабылдау актісі(НҚ-1) жөнделген,қайта құрастырылған және жаңғыртып,жетілдірілген обьектілер қабылдау-тапсыру актісі(НҚ-2) НҚ есептен шығару актісі(НҚ-З) көлік құралдарын есептен шығару атіксі(НҚ-4) НҚесебі инвентарьлық карточкалардың тізімдемесі(НҚ-10),нқ қозғалысының есеп карточкасы (НҚ-12), жалға алынған нқ есебі(ұзақ мерзімге жалға алынған инветарльлық тізім)карточкасы(НҚ-12а)нқ (олардың тұрған пайдаланылатын орындары бойынша-НҚ-13) |
НҚ жіктелуін жасаудың дұрыстығын тексеру | Техникалық- құжаттама(паспорт,ерекшеліктері,іріктеп жинақталған ведомость) НҚ-1,НҚ-2,НҚ-3,НҚ-4,НҚ-6,НҚ-13 Т.Б |
Негізгі құралдарды бағалау мен қайта бағалаудың дұрстығын тексеру | Келісімшарттық баға хаттамалары,сатып алу сату келісімшарттар,нқ қайта бағалаудың әзірлеме кестелері, НҚ-1.НҚ-2.НҚ-6 және тб |
Негізгі құралдардың кіріске алудың дұрыстығын тексеру | Техникалық құжаттама НҚ-1.НҚ-2.НҚ-6 ж.е 1-8-журнал-ордерлер.бас кітап |
Негізгі құралдардың тозуын есептеу мен көрсетудің дұрыстығын тексеру | Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, нқ тозуын есептеу жөніндегі әзірлеме кестелер, нормативті құжаттар10ЖОбас кітап 8410 2420 2430 шоттар |
Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізділігін және оларды бухгалтерлік есепшоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру | Есеп саясаты жөніндегі бұйрық,жобалық сметалық құжаттама ведомосы,орындалған жұмысты қабылдау тапсыру актілері,мер-дігерлер мен келісімшарттар,басқа алғаш-қы құжаттар,аналитикалық есеп мәліметтері |
Негізгі құралдардың істен шығуын есепте дұрыс көрсетілуін тексеру | НҚ-1 НҚ-3 НҚ-4 НҚ-6келісімшарттар,ағымдағы түгендеу қорытындылары, 12-ЖО бас кітап |