Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе………..3

І. Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі…….5
1.1. Нарықтың ұғымы мен мәні….5
1.2. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері ……….8

ІІ. Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы……11
2.1. Нарық қызметтері……11
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы……11
2.3. Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы…..15
2.4. Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі.……….19

IІІ. Қазақстанда нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының мәселелері…….23
3.1. Нарықтық экономикалық қалыптасу Қазақстандық моделі……23
3.2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудің үдерістері………24

Қорытынды………26
Қолданылған әдебиеттер тізімі……30

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы — «Нарықтық экономика: мәні, қызметтері, қажеттігі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп — оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан  нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Халық шаруашылығын  экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің  «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Жалпы нарық  мәселесі төңірегінде  осы күнге дейін  теориялық айтыстар  толастай келеді. Экономикалық  әдебиеттер мен  зерттеулерде “нарық” деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.  Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен  практикасында  алатын зор  мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің  және Қазақстан ғылым әкономикасының  арасында нарық түралы бірыңғай  пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың  бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық ұдайы  өндірісті  үйлесімді  дамудың басты  тұтқасы. әкономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста  әрекет ететінін  естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы  ретінде  соңғы екі жүз жылдықта  А.Смиттің  еңбегінде іргетасы қаланған  теорияны талдау  және оны толықтыру бағытында  дамуда. Капиталистік қоғамның дамуы  деалектикасының өзі нарықтық  әкономиканы  ұйымдастыруға  әкелетіні аян. “Айырбастау”-дейді  В.И. Ленин: “адамдарды нарық арқылы біріктіреді”. Нарықтық әкономика–ертеден келе жатқан  шаруашылықтың  жүргізу  құралы, оның дамуының  өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы  айырбас пен қоғамдық  еңбек бөлінісінің  дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы  немесе еркін нарық,  монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы  нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде  болды,  оған еркін тауар  өндірушілер мен  сатып алушылар, еркін  бәсеке мен еркін бағалар  тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де  толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа  көшу әкономиканы  дағдарыстан  шығарудың  баламасыз  құралы деп  танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне  нарықтық инфрақұрлым  жатады. Нарық тауар биржаларының,  көтерме және  бөлшек сауда  құрылымдарының  құрылып, қызмет етуін  талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

 Курстық жұмыс / 30 бет