Нарық экономика жағдайында аудиттің рөлі курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе 8
1 Нарық экономика жағдайында аудиттің рөлі 10
1.1 Аудиттің даму тарихы, мәні, қызметтері 10
1.2 Қаржылық аудиттің ерекшелігі, қажеттілігі, түрлері 16
1.3 Қаржылық аудитті ұйымдастырудың принциптері 22
2 Кәсіпорында аудитті жүргізуді талдау 26
2.1 Аудитті жүргізу әдістемесі 27
2.2 Елеулі және аудиторлық тәуекелдік 33
2.3 «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі аудиттің жүргізілу тәртібін талдау 38
3 Қазақстан Республикасында аудитті жетілдірудегі негізгі бағыттар 56
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе

     Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында ХХ ғасырдың 90-шы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге обьективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тоқтап қалуына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді  жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың ролі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған.  Нарықтың экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттілігін жан-жақты  қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді, делінген

Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін, оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет.

Елдің микроэкономикасына басқару құралына сай қажетті әр түрлі  бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметің талдау, аудит және  басқару есебі сияқты арнайы ғылымдарға айырықша маңыз беріліп отыр. Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың, Бүкіл әлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша АҚШ агеттігінің, Еуроплық одақтың және Британдық кеңестің белсенді қатысуымен  өткізілгендіктен, оны құрудың ағылшын американдық үлгісі негіз етіп алынды.

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірбиесіне  сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі  оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай ақ белгілі бір экономика  секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс жиілігінде, нарық коньюктурасы өзгергенде және  бәсеке денгейінің  болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында, оны ұйымдастырудың принциптік  жаңа тәсілдемелерін әзірлеуде талап етеді.

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот — бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, аудиттің мақсаты-кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.

Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұсынатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас  бір деңгейлі байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.

Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін  шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай — ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның аудиторлық қызметтің қалыптасуын зерттеу болып табылады.

Берілген мақсатқа жету үшін , келесі міндеттерді шешу қажет:

— аудиттің тарихын, мәнін, қызметтерін ашып көрсету;

— қаржылық аудиттің ерекшелігін, қажеттілігін, түрлерін қарастыру;

— қәсіпорынның қаржылық қызметінде аудитті пайдалануын анықтау;

— аудитті жүргізу әдістемесімен  танысу.

Жұмыстың жазылуының әдістемелік негізі Қазақстан, Ресей және шетелдік экономистердің монографиялары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің есептік деректері, заң шығару және нормативтік актілер болды.

 Дипломдық жұмыс / 64 бет