Музыкатану және музыкалық білім беру педагогикасы

Музыка деген не? Адам өмірінде, қоғамда музыка қандай орын алады? Әлемнің көркем мәдениетінің ерекше форма ретіндегі маңызы неде? Оны қалай танимыз? Осыған музыкатану жауап береді. Музыкатану – музыка өнерді ізденуі, оның әлеумет – тарихи шындыққа қатысуы, басқадай адамзат рухының мәдениеті саласына оның ішкі көзқарас заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Музыкалық өнерді, музыкалық мәдениетті, оның жүйесін, нақты болмысты, музыкалық шығармаларды, музыкалық жанрларды, музыкалық шығармашылығы, тарихы, стиль процесінің өзгеруін, музыкалық жанр эволюциясының өзгеруі, әлеумет мәдениеті, музыкалық шығармашылықтың ұлттық негізі деп сеземіз.

Музыкалық білім туралы зерттеуі көне заманнан дамып, қалыптасып келеді. Музыка табиғатын, оның қызметтерін осы білім арқылы байытып,  толықтырып, музыкатанушылық білімі музыкалық – педагогикалық көзқарастарда көрінеді. Сондықтан, музыкатану мен музыкалық білім беру педагогикасы өзінің тарихи дамуында өз-өздерін толықтыру жолында болды. Жаңа музыкалық – педагогикалық технологиялар жалпы музыкалық мәдениетінің дамуына себеп болды.

Музыкатану ғалымға, педагог — музыкантқа, музыка саласы оның ғылымилығына, ізденісіне, шығармашылық әлеуетіне әсер етеді.

Музыкатану зерттеулері музыкалық өнер, музыкалық мәдениет ізденісіне бағытталған, оның күрделі жүйелеріне, нақты құбылыстарына, мысалы музыкалық шығарма, музыкалық жанр, музыканттың шығармашылық өмірбаяны және жалпы құбылыстарына, мысалы тарихи процесінде болып жатқан түрлі стильдер, музыкалық жанрлардың эволюциясына, әлеумет мәденілігіне, музыкалық шығармалардың ұлттық контекстіне.

Қазіргі кезде даму сипаттамасында музыкатану ғылыми саласында қызығушылықпен кеңейіп, музыкалық өмірде, мәдениетте, шығармашылықта, орындаушылықта, музыка қабылдауында және олардың заңдылықтарын, әдістерін зерттеу барысында байқалады.

Осы зерттеу барысы (музыкатану) музыка табиғатының интонациялығын (дыбыс ырғағын) ұғынуы. Сондықтан, музыка табиғатының интонациясы – ерекше қасиет, музыканы басқадай өнер түрлерінен айырмашылығы. Интонация  композитордың ойын жеткізумен қатар, оның әлемдік көзқарасын, әлемдік түсінігін, әлемдік тыңдаушылығын, әлемдік қатынасын, әлемдік сезушілігімен бірге заманның да ойын жеткізе алады.

Сондықтан музыкалық интонация, жанр, стиль, бейне т.б. музыкатанушылық категориясының кілті болып табылады да, музыкатану негізі ретінде басқадай ғылыммен байланыста болады, оның ішінде музыкалық білім беру педагогикасы да бар.

Сондықтан, келесі ұғымдарды білу қажет – музыка табиғатының интонациясы – арнайы қасиет, музыканың басқа өнердің түрлерінен айырмашылығы. Оның ішінде – «музыкалық интонация», «музыкалық жанр», «музыкалық стиль» т.с.с.

         Интонация – биіктігі, музыкалық тіл, музыкадағы өлшеу т.б. тіл мен музыка байланысы. Интонацияны қазақша дыбыс ырғағы деп атауға болады. Музыка – ол арнайы қасиет; музыкалық интонацияның семантикасы: (сөздің түбі, мағынасы т.б.).

Интонацияның түрлері – суреттеу, бейнелеу, лирикалық, драмалық, батылдық бағыттары; интонация  — мәнерлеу құралдарының барлығы. Сондықтан, музыканы тану – интонациялық процесс.

         Музыкатану ғалымдары «интонацияны» әр түрлі деңгейде қарастырады: биіктігіне құрылған музыкалық үн; музыка туралы айтып салу нақышы; ұғып «айтылуы» және т.б. Сондықтан, музыканың ерекше интонациялық теориясы зерттеледі: музыка мен сөз интонациясының байланысының негізділігі мен айырмашылығы; музыканың арнайы ерекшелік процесі; тарихи дамуындағы музыканың семантикасы.

Ал музыкалық білім беру педагогикасында музыка табиғатының интонациясы музыкаға «кіру» мәселесін шешуде, «жанды өнер» ретінде музыканы қабылдауы. Осы бағыттағы ең бірінші қадам (интонациялық теорияда), ол музыкалық және тіл интонациясының жалпылығы мен ерекшелігін ұғынуы.

Ал, педагог – музыканттың, ең негізі, ол интонацияны барлық музыкалық мәнерлеу құралдарын біріктіру болып табылады. Осындай жағдайды интонацияның «дыбыскешені», мазмұны мен формасының біртұтастылығы деп те атауға болады.

Музыкалық білім беру педагогикасында музыканы ұғынуды интонациялық процесс деп атауға болады. Интонацияны музыкалық форманың дамуында музыканың «дәні» деп түсіндіреді.

Музыкалық білім беру педагогикасында музыка табиғатының интонациясын меңгеру барысында жанрлық үйлесу деңгейінде қарастыруы.

Музыкалық жанр – қазіргі кезде музыкалық шағармалардың түрлері дейді (мазмұны және орындау құралдары). Ол — өмірлік, өмір сүру, орындаушылық құралдар, музыканың басқадай өнермен байланысы, мазмұнының түрі, т.б.

Сондықтан, музыкалық жанрлардың түрлері туралы тұжырымдама пайда болды: өмірлік арнауы мен өмір сүру тұрмысы(Т.В.Попова, А.Н.Сохор); орындаушылық құралдар (Т.В.Попова); музыканың басқадай өнермен байланысы (О.В.Соколов); мазмұнының түрлері (В.А.Цуккерман) және т.б.     Әлеуметтік факторға сүйене, жинақтай келе және жүйелеу барысында Е.В.Незайкинский – үш жанр формасын көрсетеді – синкретикалық (алғашқы дамымаған), эстетикалық (көрсететін музыка) және жалпы – коммуникациялық (байланыс, хабар). Сондықтан, музыкалық шығарманың жанры тыңдаушы мен композитор, шындық пен (көріністің) сәулеленудің делдалы. Ал, музыкалық білім беру педагогикасы (музыкатанушылар) – жанр классификациясы арқылы музыкалық материалды ұйымдастыру, реттеу негізі болып келеді.

Оқушылардың меңгеруі – оның қасиеті арқылы үлгі ретінде марш, ән, би, күй жанры, оның мазмұнында – «әуенді», «би ырғақты», «марш екпінінде», «күй ерекшелігінде», осылар арқылы симфония, соната, концерт, опера т.с.с. жанрлармен танысады. Әлде де жанр өзінің ғылыми, музыкалық – педагогикалық ұғымын алған жоқ. Әлде де зерттелген жоқ: байланыс жолдары, халықтық жанры мен кәсібишілігі, «жеңіл музыка» мен «салмақты музыка», (соната, симфония, концерт, оның дамуы, өсуі жағы зерттелмеген), олардың тақырыптық негізін, жанр интонациясын табу, коспозитор стилін интерпретациялық талдау (интерпретация – музыкалық шығарманы, бейнені шығармашылықпен көрсете алу, жеткізу).

Бұл педагогикалық – музыкалық түсінік: жанр – стиль, жанр – форма, жанр – мазмұны дегенді айыруы мен сипаты.   Музыкалық стиль – музыкатануда мәнерлеушілік құралдар жүйесін түсіну деген мағына, ол идея – бейне мазмұнын іске асыру деген сөз. Композитордың көзқарасы мен әлемсезімшілігі, ғасырлар мазмұнының идеясы, музыкалық – тарихи процесінің заңдылықтары. Сондықтан, композитордың тұлғалық шығармашылық мінезі (сипаты), оның эмоциялық мінез ерекшелігі (Е.В.Назайкинский), оның шығармашылық ойлауының қасиеті (М.К.Михайлов), «әлемнің рухани көрінісі» В.В.Мендушевский). Осының бәріне әлі де бірлік, біртұтастылық керек, стиль деңгейінің жүйесі: ғасырлық (тарихи стиль), ұлттық стиль, стиль-көркемдік бағыты, авторлық, орындаушылық, жанрлық. Олардың байланысы келесі мәселелерде ашылады: жалпылығы мен ерекшелігі, жүйелілігі мен жүйесіздігі, түрі мен жекелелігінің қатынастары.

Музыкалық білім беру педагогикасында стиль бағытына ерекше көңіл аударады. Мектепке арналған музыкалық бағдарламаны қарасақ, музыканы қабылдау әрекетіне Еуропа, басқадай ұлттық, халықтық стильдер бар. Сондықтан, музыкалық материалды сұрыптау кезінде педагогтың көңілі не бір, не басқадай стильге аударады: тарихи стиль, ұлттық стиль, стиль бағытына, композиторлық стиль, орындаушылық стиль т.с. (Ю.Б.Алиев, Е.В.Николаева).

Стильді талдау әдістемесінде музыкант – педагог келесі маңызды компонентке сүйенеді, ол есту атрибуция стилі.

Есту сезім атрибуция стилі – есту сезім айырмашылығы мен шығарманың не мәнерлеу құралдырдың ұқсастығын біліп алу. Қазіргі ғалымдардың стиль-есту талдау әдісі (Ю.Б.Алиев, Б.Л.Старобинский)  және интонациялық — стиль музыкасын меңгеру әдіс (Е.Д.Критинский, Г.П.Сергеева) бағытына көңіл аударуда. Музыкалық білім беру педагогикасында стильдің қалыптасу ерекшелігі педагогикалық тұжырымдама арқылы анықталады, «есеп уақыты», не «көзқарасының бұрышы» деп «музыкалық стиль» категориясындағы педагогикалық ұғым. «Музыкадан шығатын және музыкаға сүйенетін» педагогикалық тұжырымдаманың негізі (Д.Б.Кабалевский), онда стильдің педагогикалық түсінігі музыкатанушылардың айтуынша мәнерлеу құралдар жүйесі идея-бейнелеу мазмұнын іске асыруына сәйкес келеді.

Сондықтан педагог — музыканттың алдына қойылған мақсат-міндет – ерекше музыкалық-интонациялық құралдарының жүйесін анықтау, бейнелеу формасы және оны оқушылардың меңгеруі.