«Әдіснамалық талдау» ұғымы жалпы әдіснамалық мәселелеріне байланысты барлық жұмыстарда кездеседі. Ал педагогика әдіснамасында талдау ізденіс жұмысында маңызды құрал ретінде қаралып, педагогикалық болмыстың жаңғыруы болып есептеледі.
Музыкалық білім беру педагогикасындағы әдіснамалық талдау жеке әдістеме емес, музыкалық — педагогикалық мәселелерді шешу жолындағы принцип жиынтығы, алған нәтиженің тұтастылығы мен көп деңгейлігі. Әдіснамалық талдауды түсінсек қазіргі педагог – музыканттың интелектуалдылығын және шығармашылық дамуында үлкен мүмкіншілік ашылады.
Әдіснамалық талдаудың маңызын біле тұра оның негізін білу қажет, ол рефлексия. Педагог — музыканттың кәсібилік рефлексиясы – ол оның сана сезімінің өзіне жұмыс істеуі, тұлғаның кәсібилік сапалығы, іс-әректінің түрлерінде, көзқарасы, қызығушылығы, бәрі музыкалық білім беру мазмұнына және процесіне бағытталған. Осы рефлексия негізі болып, әдіснамалық талдауды жүзеге асыру шарты болады.
Музыкант — педагогтің тәжірибе жұмысында, өзінің білімінде, басқадай музыкалық білім беру түрлі мақсаттарды шешу жолдарының тууы (музыкалық қаблетінің дамуы, икемділік пен дағдылырының қалыатасуы) кездесетін қарама-қайшылық кездеседі. Ал, қарама-қайшылық бастама бола тұра педагог — музыканттың кәсіби рефлексиясы алға жылжиды – жаңа білімдерді табу, іздеу, үйрену деген ұғым мәселелені шешуге көмектеседі.
Рефлексия функциясы студенттің кәсіби білімділігін арттыру, музыкантты тәрбиелеу, педагог — музыкантты тәрбиелеу негізгі мәселе студентті оқыта оқыту (учить учиться) (Г.Г.Нейгауз).Осы мәселені шешу – рефлексиямен қарулану деген ұғым. Рефлексияның негізгі логикалық әрекеті бастапқы өзіндік талдауы, дамуы, жоспарын құруы, жоспарды жүзеге асыруы, өзіндік саралауы.
Бастапқы өзіндік талдау – музыкалық педагогикалық практикада кездесетін қарсылықты табу, сезіну, арнайы әдебиетті талдау, кәсіби қабілетінің деңгейін талдау, түрлі музыкалық-педагогикалық мақсаттарды шешу; оқушыларды музыкалық дамуында педагогтың басқаруы. Өзіндік талдау кезінде педагог — музыканттың өз ішкі жұмыс істеуі, өз-өзімен диалог ретінде жұмыс істеуі, бұның барлығы неге қарсылық туғызды деген мәселені шешу болып табылады.
Бастапқы бірінші талдау негізінде келесі, екінші, рефлексия талдаудың құрылым — логикалық кезеңі күшіне еңеді – оқушының музыкалық дамуына, кәсіби — тұлғалық жетілдіру бағытындағы даму бағдарламасын құрастыру.
Үшінші кезең, даму процесінің өзі, сол арқылы тұлғалық сапалығының, икемділігінің, қаблеттілігінің қалыптасуы музыкалық-пелдагогиалық болмысының қалпы.
Қорытынды, төртінші рефлексия әрекеті — өзндік қорытынды талдауы. Ол бірінші, екінші, үшінші рефлексияның нәтижесі, практика жүзінде, өзінің кәсібилік әрекетіндегі рефлексия нәтижесінің қолдануы. Сондықтан кәсіби әрекетінде кездесетін қарсылықты жеңу, жою, өтеу барысындағы, рефлексия талдауының процестерін өте келе, қиыншылықтың себебін біле тұра, жою болып табылады.