Мұнай және мұнай өнімдерін тұзсыздандыру

Мұнай және мұнай өнімдерін тұзсыздандыру туралы қазақша реферат

Мұнайдың құрамындағы тұздарды бөліп алуды – тұзсыздандыру деп атайды. Процесс мұнай эмульсияларын бұзуға негізделген. Тұзсыздандыру кезінде сусыздандырылған мұнайды тұщы сумен араластырады да, тағы эмульсия алады. Соннан соң ол эмульсияны қайтадан бұзады. Мұнайды шапшаң түрде сумен араластырғанда тұрақты эмульсиялар түзіледі.

Өндірісте мұнайдан су мен тұзды бөлу үшін эмульсияларды бұзудың қосарланған әдістерін – термохимиялық, электрохимиялық және басқалары қолданылады.

Мұнайдан тұздар мен суды бөлудің электрохимиялық қондырғысын электртұзсыздандырушы (ЭТҚ) деп атайды. Оларды кен орындарында және МӨЗ – да пайдаланады. Қазіргі кезде ЭТҚ іс жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар. Көптеген зауыттарда электртұзсыздандыру қондырылғылармен біріктіріліп тұрғызылады да олардың бір бөлігін құрайды.

Қондырғының ең негізгі аппараты электрдигидратор – электродтармен жабдықталған сыйымдылық, оларға жоғаы кернеулі айнымалы ток қосылады. МӨЗ –да 3 түрлі конструкциялы ЭТҚ электргидраттары қолданылады: тік орналасқан, шар тәрізді, көлденең

а) шар тәрізді; б) тік цилиндр тәрізді; в) горизонталді.

Тік цилиндр тәрізді электрогидраторлардың қуаты көп емес және сондықтан оларды барлық жерлерде жаңа конструкциялы аппараттармен алмастыруда.

Шар тәрізді электрогидраторлар өте үлкен және оларды жасау көп металл шығымын талап етеді.

Көлденең электрогидраторлардың жақсы жағы  — мұнайдың жүру жолы ұзындау, аппараттағы мұнайдың болу уақыты көптеу, себебі шикі затты өндіретін жер басқа конструкциялы жабдықтарға қарағанда төмен орналасқан. Одан бөлек горизонталды электрогидраторларда мұнайда тұнған тұз ерітіндісінің қабатына төменгі электрод астына бергенде, мұнайдың осы ерітіндімен әрекеттесуі болады және судың үлкен бөлшектері, мұнай электродтар арасындағы электр кеңістігіне түспей жатып, тұнып бөліне бастайды.

Мұнай эмульсиясын бөлу әдісі мұнайдағы дисперсті судың концентрациясына байланысты болады. Сондықтан судың мөлшеріне байланысты:

—  терең тұзсыздандыру;

—  өте терең тұзсыздандыру;

су мөлшері өте жоғары мұнайды тұзсыздандыру жүреді.