Мұнай эмульсияларын жою туралы қазақша реферат
Мұнайда беттік қозғалғыштығы жоғары эмульсиялардың болу себептері:
- Адсорбционды қабықшаның еруі
- Тұрақсыз эмульсияның пайда болуы
- Эмульсияны тұрақтандыратын эмульгатордың жойылуы
Соның әсерінен мұнай-су эмульсиясының дестабилизацися жүреді. Тұрақты эмульсиядан тұрақсызға ауысып тұнады. Дестабилизация өз кезегінде екі сатыдан тұрады: а) деэмульгатордың эмульсия бетіне енгізілуі, яғни диффузионды процесс болып табылады; б) мұнай эмульгаторының әсерінен пайда болған қабықшаның үзілуі.
Тұзсыздандыру және сусыздандыру құрылғыларында суда еритін, суда ерімейтін және мұнайда еритін деэмульгаторлар қолданылады. Соңғы аталғаны жиі қолданылады. Себебі ол :
— мұнаймен жақсы араласады, сумен оңай шайылады және ақаба суларды ластамайды;
— мұнайда тұрақты эмульсиялардың пайда болуын тежейді;
— оңай қозғалғыш сұйық болғандықтан қату температурасы төмен және еріткішсіз қолдана беруге болады.
Мұнайда ерімейтін деэмульгаторлар үшін еріткіш ретінде төмен молекулярлы спирттер, ароматты көмірсутектер және оның әртүрлі қосылыстары қолданылады.
Суда еритін деэмульгаторларды 1 – 2% — ды сулы еріткіштер ретінде қолданады.
Қазіргі таңда деэмульгаторларға қойылатын талаптар:
— жоғарғы деэмульгациялық активті, улы емес, арзан, ыңғайлы;
— бактерицидтік қасиеті жоқ және металлды коррозияға ұшырату қабілеті төмен болу керек.
Бұл талаптардың барлығына дерлік ионогенсіз деэмульгаторлар сәйкес келеді. Олар бұрын қолданып келген ионогенді деэмульгаторларды қолданыстан толық ығыстырып кең қолданып келеді [12].
Механикалық қоспалары, күкірт, тұз, суы бар жоғары тұтқыр мұнайдың құрамындағы берік эмульсияларды жою қиынға соғып отыр. Химиялық реагент қосу арқылы эмульсияларды жою кезінде мұнайдың, стабилизатордың қасиеттерін жойып жібереді.
Эмульсиялардың қосылуы нәтижесінде мұнайда жоғарғы тұтқыр массалар пайда болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта өндірілген деэмульгаторлардың ішінен Нафтенол – Д жиі қолданылады. Сонымен қатар шет елдермен өндірілетін дисольван, кемеликс, сепарол сияқты деэмульгаторлардан кем түспейді. Соған орай келесі міндеттер орындалады:
— әртүрлі технологиялық параметрлер мен химиялық табиғатына байланысты кең құрылымды деэмульгаторларды өндіру;
— әр мұнай түріне байланысты деэмульгатор түрін анықтау;
— деэмульгаторларды өндіру үшін көп компонентті жоғары эффективті заттарды өндіру.
Деэмульгатордың негізгі компоненті алкилен оксидінің блогсополимерлері, фенолформальдегидті шайырлар, әртүрлі химиялық құрылымды және модификациялы полиэфирлер болып табылады. Осы компоненттердің қасиетіне байланысты деэмульгаторлардың түрлері де әртүрлі болады.
«Химико – ГАНГ » фирмасы қалдықсыз технологияны қолдайтын болғандықтан әртүрлі БАЗ – ды ойлап шығарды. Соның ішінде БС – молекулалық массасы 3000 – ға тең этилен, пропилен оксидтерінің блогсоплимерлер; молекулалық массасы 2500 – ға тең нафтенол кең қолданылады.
Қазіргі уақытта фенолформальдегид шайырының негізінде БАЗ – ды көп өндірмейді. Дегенмен, фенолформальдегидтен жасалған деэмульгаторлар тұзсыздандыру және сусыздандыру процесінде өте көп қолданылады.