Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру туралы қазақша реферат
Қазіргі өркениетті заманда азаматтардың (мұра қалдырушының) жеке меншігінде әр түрлі мүліктер (жер учаскелері, пәтерлер, кәсіпорындар, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың үлестері, шаруа қожалығы, қозғалмалы мүліктер және т.б.) бар.
Мүліктің жеке түрін мұраға қалдыру Қазақ КСР-нің АК-нің бір ғана бабымен шектелген еді, ол 556 бабы, яғни: «Қолхозшы үйіндегі мұрагерлік». Қазірде ҚР-ның АК-нің 1082 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлік».
Ресей Федерациясының АК-сі, мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыруға қатысты арнайы тарау қарастырған. Онда, шаруа серіктестігіне қатысушыларға байланысты, кәсіпорынға құқық; шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің мүлкі; жер теліміне қатысты және т.с.с. мәселелерге қатысты арнайы баптар қарастырылған. Бұл тағы да болса мұрагерлік құқыққа қатысты даулардың және кейбір келеңсіз жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Кәсіпорын шаруашылық-өндірістік және мүліктік кешен ретінде, мұраның құрамына кіреді. Кәсіпорын ҚР-ның АК-нің 119 бабына сәйкес, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады.
Л.И. Корчевскаяның айтуынша кәсіпорынды мұраға қалдыру кезінде кәсіпорын құқықтық объектісі ретінде қарастырылу керек, егер олай болмаған күнде құқық субъектісінің бірі тұлға болса, басқа субъект мұраға қалдыратын –кәсіпорын болып табылады, делінген.
Өзге дамыған елдерде, кәсіпкердің меншік құқық объектісі ретінде кәсіпорын қарастырылған.
Қазақстан заңына сәйкес, мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер теліміне құқық, талап ету құқықтары, борыштар сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енеді.
Жұмыс барысында ҚР-ның АК-де мүліктің жеке түріне қатысты мұраға қалдыруға байланысты мәселелерге көп назар аударылмағаны жайында нәтиже шығады. Осыған қатысты автор ҚР-ның АК-нің «Мұрагерлік құқық» 6 бөлімін «Мүліктің жеке түріне қатысты мұраға қалдыру» 60-1 тарау атауымен толықтыруды ұсынады.