Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан — дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық — педагогика-лық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын псдагогикалық қызметгің жаңа әдіс тәсілдсрін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрыңғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика гылымы жетістіктерін практикаға еңгізу
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мүғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді таңдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мүғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезенде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшеліктері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский). Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зертгеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мүғалім қауымының игілігіне айналды.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына өндіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызметкерлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажетгілік анық-талатындығы В. Е. Грурман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткинжөне басқа ғалымдар арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек кегрсету арқылы бүл ғылыми үсьшьісгардыіскеасыруәдістеріментәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сүрақ туындайды. Жеке мүғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орын-басары немесе оқу ісінің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мүғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бүндай топты қүрудың қажетгігі бірқатар жағдайлар-ға байланысты. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогакалық идеяның, технологияның авторы, оның қүндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді. Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне қүлшына кіріспейді. Үшіншіден, жаңалық автордың баяңдауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін. Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз қалайды.
Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірбиесін таддағавда оқу орнының жүмысывда педаго-гикалық жаңалықты практикада қоддануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал осындай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең кем дегенде екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп, педагогикалық жаңалықты көбіне ешқаңцай аддын ала үйымдық, техникалық, ең бастысы түлғалық, психологиялық қатынастар түрғысын-да дайыңцықсыз енгізіледі.
Педагогикалық инновацияның мазмүны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс-тәсілін меңгеру жеке мүғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжам-дауға мүмкіндік береді. Мектептерде жоғарының нүс-қауымен енгізілген инновациялық жаңалықтар қысқа мерзімде үмытылып кетеді немесе бүйрықпен тоқтатылады.
Осы сияқты жағдайлардың негізгі себептерінің бірі — мектепте инновациялық ортаның белгілі бір үйымдық, әдістемелік, психологиялық сипаттағы оқу процесінде инновацияны енгізуді қамтамасыз ететін кешенді шаралардың болмауы. Бүндай инновациялық ортаның болмауы мүғалімдердің әдістемелік түрғыдан дайындық-сыздығын, оларда педагогикалық жаңа енгізілімнің мәні туралы мағлүматтың аздығынан байқалады. Ал қолайлы инновациялық орта педагогикалық үжымда мүғалімдердің жаңа енгізілімге «қарсылық» коэффициентін төмендетеді, кәсіптік қасаидықты жоюға көмектеседі. Инновациялық орта мүғалімдердің педагогикалық инновацияға қатынасынан нақты көрініс табады.
Тағы рефераттар:
- Өсімдіктерді қорғау жолдары
- Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
- Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы
- Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта
- Қазақстан тарихының тәрбиелiк мүмкiндiгiн жүзеге асырудың әдiстемелiк жолдары