Моторлардың жіктеліп бөлінуі туралы қазақша реферат
Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмыска айналдыратын машина мотор деп аталады. Бұған байланысты моторлар: жылулық, электрлік, желдік, сулық немесе гидравликалық, т.б. болып бөлінеді.
Қазіргі кезде ең көп тараған жылу, электр және буданды моторлары. Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу және электр моторлары колданылады.
Жылу моторлары үлкен үш топқа бөлінеді:
— Бу моторлары;
— Іштен жану моторлары;
— Буданды моторлар.
Отын бу моторларынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Бу труба арқылы машинаның цилиндріне немесе турбина дөңгелегінің қалағына беріледі, сөйтіп ол механикалық жұмыс істейді.
Іштен жану моторында жану процесі және одан алынған жылуды механикалық жұмысқа айналдыру процесі мотордың цилиндрінде өтеді. Отын жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен шатун арқылы мотордың иінді білігіне берілетін күш туғызып, механикалық жұмыс атқарады.
Буданды моторлар дегөніміз бір автомобильде екі (одан да көп) түрлі моторларды пайдалану. Мысалы, іштен жанатын жөне аккумулятормен істейтін электр моторлар, іштен жанатын және күн сәулесімен істейтін моторлар және т.б.
Дүние жүзінде автомобильде ең көп пайдаланатын іштен жану моторлары 99%-тен астам автомобильде. Іштен жану моторлары отын жылуының 25-38 процентін механикалык, жұмыста айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу машиналары отын жылуының тек 8-13 процентін ғана пайдаланады.
Іштен жану моторлары былай жіктеледі:
1) Қызметіне қарай – стационарлық, кемелік, тракторлык, автомобильдік, т.б.;
2) Іштен жанатын, электрлі, күн сөулесінен және буданды (іштен жанатын және электрлі, іштен жанатын және күн сәулесінен, электрлі және күн сәулесінен істейтін) моторлар;
3) Моторларды басқару жүйесіне қарай
— компьютерлі;
— механикалық;
— вакуумды.
4) Қолданылатын отынға қарай — мұнай өнімді (бензинді, дизельді) және газ тәріздес отын (сүйылтылған және сығылған газдар) моторлар;
5) Қоспа құраудың әдісіне карай – қоспаны сыртта құрайтын моторлар (бензиндік жөне газбен істейтін):
— бүрку жүйелі (орталық, таралымды, тікелей);
— карбюраторлы (Еуропа стандартына сай келмейді).
6) Қоспаны іште құрайтын моторлар — дизельдер:
— орталық насосты;
— насос-форсункалы.
7) Жанармай қоспасының тұтануы әдісіне қарай – жұмыстың коспасы электр ұшқынынан от алатын газды немесе бензинді моторлар:
8) Жұмыстың қоспасы сығылудан от алатын дизельдер;
9) Жұмыстық процестің орындалуы бойынша — төрт және екі тактілі моторлар;
10) Цилиндрлерінің саны бойынша — бір, екі, және көп-цилиндрлі болып бөлінеді;
11) Цилиндрлерінін, орналасуы бойынша – горизонталь, қиғаш, тік, жүлдызша V және W тәріздес моторлар.
Мотордың белгілі жұмысқа арналуы оның құрылысына да едәуір дәрежеде әсер өтеді. Авиациялық және козғалысты құрылғыларда мотордың салмағы есепте көрнекті орын алатын болса, стационарлық моторлардың салмағына көңіл аз бөлінеді.
Бұрын автомобильдерде карбюраторлы моторлар қолданылатын, ал соңғы кездерде бензин отынмен карбюраторсыз жұмыс істейтін моторлар және дизельдер пайдаланылады. Іштен жану моторындағы жұмыстық процесті жүзеге асыру үшін бірнеше дайындық операциялары өтеді:
- цилиндрді жанатын қоспамен немесе ауамен толтыру;
- жанатын қоспаны немесе ауаны сығу;
- от алу және жұмыстық жүріс;
- жұмыстық жүріс аяқталған соң пайдаланылған газды цилиндрден шығарып жіберу.
Бұл операциялардың барлығы да поршеньнің жоғары және төмен қозғалуының көмегімен және тиісті клапандармен жабылып тұратын кіргізу және шығару тесіктерін ашу арқылы орындалады. Бүкіл процестің аяқталып шығуы поршеннің жүрісіне байланысты болатынына қарай, моторлар төрт тактілі және екі тактілі деп бөлінеді.
Төрт тактілі процесс цилиндрдің ішін жанармай қоспасымен немесе ауамен толтыру, сығу, от алу, ұлғаю (жұмыстық жүріс), шығару секілді поршеньнің төрт жүрісінде немесе иінді білік екі айналғанда орындалады. Екі тактілі мотордың бүкіл процесі поршень екі жүргенде немесе иінді білік бір айналғанда орындалады.
Автомобильдік моторларда көбінесе төрт тактілі процесс бойынша жұмыс істейді, өйткені екі тактілі моторлармен салыстырғанда төрт тактілі моторлардың тиімділігі артық болады.