Модельдеу — зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу, әдісі. Бірінші объекті түпнұсқа болады да, екінші объектіоның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алғаш нәтижелерін ұқсастың және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнүсқаны зерттеу қиын, мүмкін емес болғанда немесе түпнүсқаны зерттеу үлкен қаражат шынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеу үшін модельді зерттеу кезінде алған ақпараттары түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшінұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формаларі қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның Физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаңның толық көшірмесі болған модель болмайды). Модельсіз түпнұсқадан айырмашылығы — оны зерттеу оңай, алайда, оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары менөлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Тағы рефераттар:
- Өсімдіктерді қорғау жолдары
- Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны
- Педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі маңызы
- Педагогикалық-кәсіптік қасиеттері – балаға деген ынта
- Қазақстан тарихының тәрбиелiк мүмкiндiгiн жүзеге асырудың әдiстемелiк жолдары