Миология

Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) — адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім.

Жалпы миология.

Бұлшықет — мүше ретінде.

Бұлшықет көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бір-біріне параллелді жүретін бұл талшықтар борпылдақ дәнекер тін (endomysium) аркылы бірінші ретті шоғырға байланысады. Осындай бірнеше бірінiі шоғырлар бірігіп, екінші ретті шоғыр, және т.с.с. түзеді. Жалпы барлық ретті бұлшыкет шоғырлары бұлшықет қарыншасын түзе, дәнекертінді қабықпен — perimysium бірігеді. Бұлшыкет будалары арасындағы, бұлшыкет қарыншасы ұштарындағы дәнекер тінді қабатшалар бұлшықетінің сіңір бөлігіне айналады.

Бұлшыкет орталық нерв жүйесінен келетін импульстардың әсерінен жиырылатындықтан, әрбір бұлшықет онымен нервтер арқылы байланысқан: «бұлшықет сезімінің» өткізгіші (И. П. Павлов бойынша, қозғалыс анализаторы) болып табылатын афферентті нервтермен және оған нерв қозуын әкелетін эфферентті нервтермен байланысқан. Одан басқа, бұлшықеттерге симпатикалыұ нервтер келеді, солардың әсерінен тірі организмдердегі бұлшықет үнемі тонус деп аталатын біршама жиырылу күйінде болады. Бұлшықеттерде өте күшті зат алмасу жүреді, сонымен байланысты олар қан тамырлармен бай жабдықталған. Қан тамырлары бұлшықетке оның ішкі бетінен бұлшықет қақпалары деп аталатын бір немесе бірнеше пунктен өтеді. Бұлшықет қақпаларына қан тамырларымен бірге нервтер де еніп, олармен бірге бұлшықет қабатында оның шоғырларына сәйкестене (ұзына бойына және көлденең) тарамдалады.

Бұлшықетте белсенді жиырылатын бөлігін — қарыншаны және пассивті, соның көмегімен сүйекке бекитін бөлігін — сіңірді ажыратады. Сіңір тығыз дәнекер тіннен тұрады және қызыл-қоңыр түсті бұлшықет қарыншасынан тым өзгеше келетін жылтыр ақшыл-алтын түсті Көбіне сіңірлер бұлшықеттін екі шетінде орналасады. Ол өте қысқа болса, бұлшықет сүйектен басталатын немссе оған тікелей қарыншасымен бекитін сияқты көрінеді. Зат алмасу аздау жүретін сіңір бұлшықет қарыншасына қарағанда қан тамырларымен кемдеу жабдықталады. Сөйтіп қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінінен ғана емес, сонымен бірге дәнскер тіннің әр түрінеи (perimysium) (сіңір), нерв тінінен (бұлшықет нервтері), эндотелийден және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан (қантамырлары) тұрады. Алайда көлденең салалы бұлшықет тіні басым келеді, оның қасиеті (жиырылғыштығы) бұлшықеттің жиырылу ағзасы ретіндегі қызметін анықтайды. Әрбір бұлшықет белгілі бір өзіне тән пішіні, құрылысы, қызметі, дамуы және организмдегі өзіндік жағдайы бар жеке ағза, яғни тұтас түзіліс болып табылады.

Бұлшыкеттердің жұмысы.

Бұлшықеттері жұмысына негіз болатын бұлшықет тінінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады.

Бұлшыкет жиырылғыштығында қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Бұл екі нүктеден жылжымалы беку пункті, punctum mobile қозғалмайтын нүктеге, punctum fixum, тартылып, нәтижесінде дененің сол бөлігі қозғалады.

Осылай әрекет ете, бұлшықет белгілі бір күшпен тартады да, жүкті (мысалы, сүйек салмағын) қозғап, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Бұлшықетгің кіші оның құрамына кіретін бұлшықет талшықтарының санына байланысты және физиологиялык көлденеңі деп аталатынның ауданымен, яғни бұлшықеттің барлық талшықтары өтетін жердің кесіндісінің ауданымен анықталады. Жиырылу шамасы бұлшықеттің ұзындығына байланысты. Буындарда бұлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар, яғни ауырлықты қозғалтуға арналған карапайым машиналар түзетін сияқты.

Бұлшықеттер тірек жерден неғұрлым алыстау бекісе, соғырлым пайдалы, өйткені рычаг иінінің ұзаруы арқасында олардың күші толығырақ пайдаланылады. Осы тұрғыдан П.Ф. Лесгафт тірек нүктесінен алыстау бекитін күшті бұлшықеттерді және оған жақын бекитін етті бұлшықеттерді ажыратады. Әрбір бұлшықеттің басталатын жері — origo, және бекитін жері — insetiro, болады. Дененің орта сызығы бойымен орналасқан омыртқа бағанасы бүкіл денеге тірек болатындықтан, бұлшықеттің әдетте қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін басталатын жері ортаңғы жазықтыққа жақындау, ал қол- аяқтарда тұлғаға жақын орналасқан; бұлшықеттің қозғалмайтын нүктеге сәйкес келетін бекитін жері ортаңғы сызықтан әрірек, ал қол-аяқтарда тұлғадан әрірек, дисталды жатады. Punctum fixum мен punctum mobile қозғалмалы нүкте бекітіліп, бекіген нүкте босатылған жағдайда бір-бірімен орын ауыстыра алады. Мысалы, тік тұрған кезде іштің тік бұлшықеттерінің қозғалмалы нүктесі оның жоғарғы шеті (тұлғаның жоғарғы бөлігін бүгу), ал қолмен көлденең жұмыр білекте (перекладинада) бүкіл дене асылып тұрғанда төменгі шеті қозғалмалы нүктесі болады (тұлғаның төменгі бөлігін бүгу). Қимыл екі қарама-қарсы бағытта жасалатындықтан (бүгу-жазу, қашықтату- жақындату, және т.б.), қайсыбір білік байланысындағы қозғалыс үшін қарама-қарсы жақтарда орналасқан ең кемі екі бұлшықет керек. Өзара қарама-қарсы бағытта қимылдайтын мұндай бұлшықеттер антагонистер деп аталады. Әрбір бүгілу кезінде бүккіш бұлшықет қана емес, міндетті түрде жазғыш бұлшықет те қимылдайды, ол біртіндеп бүккіш бұлшықетінің ыңғайына көшіп, оны тым қатты жиырылудан сақтайды. Сондықстан бұлшықеттердің антагонизмі (қарама — қарсылығы) қимылдың бірқалыпты және үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, әрбір қозғалыс антагонистер әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Антагонистерден өзгеше, теңдестірушілері бір бағытта өтетін бұлшықеттер агонистер немесе синергистер деп аталады Қозғалыс сипатына және оған қатысатын бұлшықеттердің функционалдық комбинациясына қарай, бір бұлшықеттің озі бірде антагонист, бірде сннергист ретінде қимылдауы мүмкін.

Бұлшықеттердің нақты буынының айналу бідігіне анатомиялық қатынасымен анықталатын олардың қарапайым қызметінен басқа тірі организмде байқалатын бұлшықеттердің функционалдық күйінің өзгеріп отыратынын ескеру қажет. Ол өзгерістер дене мен оның бөліктерінің калпын сақтауга және қозғалыш аппаратына түсетін статикалық жүктеменің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Сондықтан бір бұлшықеттің өзі дененің немесе қасына әрекет ететің дене бөлігінің қалпына және тиісті қозгалыс актісінің фазасына карай өз қызметін өзгертіп отырады. Мысалы, трапециятәрізіді бұлшықет қолды горнзонталды қалыптан жоғары көтергенде жоғарыжәне төменгі шеттерімен оған түрліше қатысады. Мәселен, қолды көтергенде трапеция тәрізді бұлшықеттің аталған екі бөлігі бұл қимылға белсене қатысады, содан кейін (120 – тан жоғары қарай көтергенде) оңын төменгі белсенділігі тоқталады да, ал жоғарғы бөлігінің белсенділігі қолды вертикалды қалыпқа көтергенше жалғаса береді. Қолды бүккенде, яғни оны алға қарай көтергенде, трапециятәрізді бұлшықеттің төменгі бөлігі онша белсенділік көрсетпейді, ал 120-тан жоғары көтергенде белсенділігі едәуір артады.

Тірі организмнің жекелеген бұлшықеттерінің функционалдық күйі туралы мұндай тереңдеу және дәлдеу дерекгер электромиография әдісінін көмегімен алынады.

Бұлшықеттердің жіктелуі.

 Саңсыз көп бұлшықеттердің (олар 400-ге жуык) пішіні, құрылысы, қызметі және дамуы әр алуан болады. Пішіні жағынан бұлшықеттерді ұзын, қысқа және жалпақ деп бөледі. Ұзын бұлшықеттер қозғалыс рычагтарына сәйкес келеді де, сондықтан көбіне қол-аяктарда кездеседі. Олар ұршық пішінді, сонымен бірге олардың ортаңғы бөлігі қарынша, venter, бұлшықеттің басталатын жеріне сәйкес келетін бір шеті — басы, caputі, ал екінші шеті — құйрық, cauda деп аталады. Ұзын бұлшықеттердің сіңірі — tendo, жіңішке таспа тәрізді болып келеді.

Ұзын бұлшықеттер түрлі сүйектерден бірнеше баспен (көпбасты) басталады, бұл олардың тірегін күшейтеді. Екібасты, biceps, ұшбасты, triceps және төртбасты, quadriceps, бұлшықеттер болады. Әр текті немесе бірнеше миотомдардан дамыған бұлшықеттер қосылып-тұтасқанда олардың арасында аралық сінірлі дәнекерлер, intersecciones tendineae қалады. Мұндай бұлшықеттердің (көпқарыншалы) екі (мысалы, m. digastricus) немесе одан көп (мысалы, m. Rectus abdominis) қарыншалары болады. Бұлшықетгер аяқталатын сіңірлердің саны да өзгеріп отырады. Мәселен, қол мен аяқтың бүккіш және жазғыш бұлшықеттерінде бірнешеден сіңір (4-ке дейін) болады, сол себепті бір бұлшықет қарыншасының жиырылуы бірден бірнеше саусаққа қозғалу эффектісін беріп, сол арқылы бұлшықеттер жұмысын үнемдеп жасауға қол жетеді.


Жалпақ бұлшықеттер негізінен тұлғада орналасқан және оның жалпак сіңір немесе апоневроз, aponeurosis, деп аталатын сіңірі болады.

Бұлшықеттердің басқа пішінділері де болады: шаршы (m. quadratus), ұшбұрышты (m. triangularis), пирамидалық (m. pyramidalis), дөңгелек (жұмыр) (m. teres), дельтатәрізді (m. deltoideus), тісті (m. serratus), камбалатәрізді (m. soleus) және т.б.

Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша талшықтары тік параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obliquus), көлденең (m. transversus), дөңгелек (m. orbicularis) орналасқан бұлшықеттер болады. Соңғы бұлшыкеттер тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе сфинктер тузеді. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан  байланысатын болса, онда бір қауырсынды бұлшықет тузіледі. Талшыктардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (m. semitendinosus) және жартылай жарғақты(m. semimembranosus) бұлшықеттер де байқалады.

Бұлшыкеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар (extensores), әкелушілер (adductores) әкетушілер (abductores), айналдырушылар (ratatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.

Бұлшықеттер буындарға (бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы бойынша бір, екі немесе көпбуынды деп аталады. Ұзындау келетін көпбуынды бұлшықеттер бірбуынды бұлшықеттерге қарағанда беткей орналасады. Орналасу жағдайына қарай бұлшықеттер беткей және терең, сыртқы және ішкі, латералды және медиалды деп бөлінеді.

Бұлшықеттердің қосалқы бөліктері.

Бұлшықеттердің басты бөліктері — оның денесі мен сіңірінен басқа оның жұмысын жеңілдететің қосалқы бейімділіктер болады. Бұлшықеттер тобы (немесе дененін белігілі бір бөлігінің барлық бұлшықеттер жиынтығы) талшықты дәнекер тіннен түзілген шандырмен (фасциямен) қоршалады.

Шандырлар құрылымдык және қызметтік ерекшеліктеріне қарай беткей, терең және ағзалар шандырлары деп бөлінеді.Беткей (теріасты) шандырлар, fasciae superficiales s. subcutaneae терінін астында жатады. Олар теріасты шелмайының тығыздалған түрі больш, сол аумақтын барлық бұлшықеттерін қоршайды. Беткей шандырлар морфологиялық, қызметтік жағынан теріасты шелмайы, терімен байланысты және олармен бірге дененің серпімді тірегін қамтамасыз етеді.

Терең шаңдырлар, fasciae profundae, синергист-бұлшықеттер тобын (яғни біртектес қызмет атқаратын) немесе әрбір жеке бұлшықетті (меншікті шандыр, fascia propria) жабады. Бұлшықеттің меншікті шандыры зақымдалғанда, бұлшықеттің осы жері томпайып, жарық түзіледі.

Бұлшықеттердің бір тобын басқа топтан бөліп тұратын шандырлардан тереңге қарай, көрші бұлшықет топтарының арасына өтетін және сүйектерге бекитін өсінділер, бұлшықет аралық қалкалар Septa intermuscularia түзіледі.

Шандырлардың қынаптық құрылысы.

Беткей шандыр бүкіл адам денесі үшін өзіндік біртұтас қынап түзеді. Меншікті шандырлар жеке бұлшықеттер мен ағзалар үшін қынап құрайды. Шандырлардын кынаптык құрылыс принципі дененің барлық бөліктерінін (тұлға, бас. кол-аяқтар) және іш, кеуде, жамбас куыстары ағзаларынын шандырларына тән; әсіресе, қол-аяқ шандырлары құрылысын Н.И. Пярогов толық зерттеді.

Қол -аяқтың әрбір бөлімінің бір сүйек (токпан жілік және ортан жілікте) немесе екі сүйек (білек пен сирақта) айналасында орналасқан бірнеше қынабы немесе шандырлы қаптары болады. Мысалы, тоқпан жіліктің проксималды бөлімінде — 7-8, ал дисталды бөлімінде 14 шандырлы қынапты айыруға болады.

Бүкіл қол-аяқ айналасын қоршайтын негізгі қынапты және бұлшықет топтарын, тамыр және нервтерді қамтитын екінші ретті қынаптарды ажыратады. Н.И. Пироговтың қол-аяқ шандырларының қынапты құрылысы туралы теориясының ірінді ісіктердің, қан құйылганда қанның таралуын түсінуде, сондай-ақ жергілікті (қынапты) анестезия үшін маңызы бар.

Шандырлардың қынапты құрылысынан басқа, соңғы кезде тірек және шектеуші рөлін атқаратын шандырлы түйіндер туралы түсінік пайда болды. Тірек рөлі шандырлы түйіндердің сүйек және сүйек қабығымен байланысынан көрінеді, соның арқасында шандырлар бұлшықеттердің тарту күшіне жағдай туғызады. Шандырлы түйіндер тамыр мен нервтердің, бездердің және т.б. қынаптарын нығаитып, қан және лимфа ағындарына жағдай тудырады.

Шектеуші рөлі мынада: шандырлы түніндер бір шандырлы қынапты басқаларынан бөліп, іріңнің таралуына тосқауыл болады, ал шандырлы түйіндер бұзылса, ірің ешбір кедергісіз тарала береді.

Шандырлар бұлшықеттерді қоршап және бір-бірінен бөліп, одардың бөлек жиырылуына жағдай жасайды. Сөйтіп, шандырлар бұлшықеттерді әрі бөледі, әрі байланыстырады.

Ағзаларды, жабатын терең шандырлар, атап айтканда бұлшықеттердін меншікті шандырлары қаңқада бұлшықетаралық қалқалар немесе шандырлы түйіндердің көмегімен бекиді. Тамыр-нерв будаларының қынабы осы шандырлардың қатысуымен құрылады. Аталған түзілістер, қаңқаны созған сияқтанып, ағзалар, бұлшықеттер, нервтер үшін тірек қызметін атқарады. Сондықтан оларды адам дсенесінің жұмсақ қаңқасы деп карауға болады.

Кейбір қол-аяқ буындары аймағында шандыр калыңдап, осы жерден өтетін сіңірлерден асып өтетін тығыз талшықтардан тұратын сіңірлі ұстағыш (retinaculum) түзеді. Осы шандырлы байламдардың астында фиброзды және сүйекті-фиброзды қынаптар, vaginae fibrosae tendinum, түзіледі, олар арқылы сіңірлер өтеді. Байламдар және олардың астындағы фиброзды қынаптар сіңірлерді сәйектерден алыстатпай өз қалпында ұстап тұрады, оның үстіне сіңірлердің бүйір жақтарға ығысуын болдырмай, бұлшықеттердің тарту күшінің дәлірек бағытталуына жағдай жасайды. Фиброзды қынаптың қабырғасын астарлаған жұқа синовиалды қабық өзек шеттері аймағында сіңірге қарай бүгіліп, оны айналдыра тұйық синовиалды қынап, vagina synovialis tendinis, түзеді. Синовиалды қабықтың бір бөлігі сіңірді қоршап, онымен бітісе-өсіп, оның висцералды жапырақшасын түзеді. Ал басқа бөлігі фиброзды қынапты іштей астарлап, онымен бітісе-өсіп, қабырғалық, париеталды жапырақша түзеді. Висцералды жапырақшанын париеталды жапырақшаға ауысқан жерінде сіңір жанында синовиалды қабық екі еселеніп, сіңір шажырқайын, mesotendineum, түзеді. Оның қабатында сіңір нервтері мен тамырлары өтеді, сондықтан — mesotendineum -де орналасқан нервтер мен тамырлар зақымдануынан сіңір жансызданады. Сіңір шажырқайы жіңішке байламдар, vincula tendinum, аркылы бекиді . Синовиалды қынап қуысында, синовиалды қабықтың висцералды және париеталды жапырақшалары арасында синовиге ұқсас бірнеше тамшы сұйық жатады, ол сіңірдің қынап ішінде сырғанай қозғалуын жеңілдетеді.

Бұлшықеттер мен сіңірлер астында әр жерде, негізінен олардың бекитін жерлері қасында орналасқан синовиалды қапта да, bursae synoviales,осындай қызмет атқарады. Олардың кейбірі, артрологияда көрсетілгендей, буын қуысымен байланысады. Бұлшықет сіңірі өз бағытын өзгертетін жерлерде көбінесе шығыршық, trochlea, түзеді, ол арқылы сіңірлер өтеді. Шығыршықтар сүйекті, фиброзды шығыршықтар деп бөлінеді. Сіңір сүйек арқылы асыра өткізілсе, сүйекті шығыршық түзіледі, бұл жағдайда сүйек беті шеміршекпен қапталады да, ал сүйек пен сіңір арасында синовиалды қап орналысады. Фиброзды шығыршық шандыр байламдарынан түзіледі. Бұлшықеттердің қосалқы аппараттарына сондай – ақ дәнтәрізді сүйектер де, ossa sesamoidea, жатады.

Олар бұлшықет күшінің иінін үлкейту үшін сүйекке бекитін жерлерде қалыптасады.

Бұлшықетке сыртқы орта факторларының әсері.

Бұлшықетте жұмыс істеген кезінде одан сайын үдейтін күшті зат алмасу үрдісі жүреді. Бұл кезде бұлшықетке тамыр арқылы келетін қан ағыны күшейеді. Бұлшықет қызметінің күшеюінен оның қоректенуі жақсарып, салмағы артады (бұлшықеттің жұмысшы гипертрофиясы). Еңбек пен спорттың әр түрлерімен байланысты жасалатын дене қимылдары ең көп жүк түсетін бұлшықеттердің жан — жақты дамуына, үлкеюіне әкеледі.

Әрбір кәсіп түріне байланысты еңбек дененің үзақ уақыт бойы бір қалыпты жағдайда болуын (мысалы, верстак жанында еңкейіп жүмыс істеу) немесе дене қалпының үнемі бір бағытта өзгеріп отыруын (мысалы, балташылардың түлғасы үнемі бүгіліп, жазылып отырады) талап етеді. Сондықтан мамандану бүкіл дене бұлшықетінің жұмысын емес, оның тек белгілі бір бөлімдерінің жұмысын ғана күшейтеді, сол себепті кәсіби еңбек дененің кейбір бөлімдерінің күшті дамып, ал басқа бір бөлімдерінің кенжелеп қалуына себеп болады. Дәл осы сияқты спорттың кейбір арнаулы түрлері тек бұлшықеттердің жекелеген топтарын ғана өсіріп, дамытады. Демек, еңбек пен спорт гигиенасы адам денесінің жарасымды дамуына жағдай тудыратын әмбебап дене шынықтыруды керек етеді.

 

Дүрыс таңдап алған дене жаттығулары бүкіл дене бұлшықетін үйлесімді дамытады. Бұлшықеттердің қарқынды жұмысы бүкіл организмнің зат алмасуына әсер ететіндіктен, дене шынықтыру және спорт организм дамуына қолайлы әсер ететін күшті факторлардың біріне жатады.

Жеке миология.

Арқа бұлшықеттері

Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда болған аутохтонды бұлшықет жиынын құрайды, оған бастан (висцералды) және қолдан арқаға (трункопеталды) ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі — беткей және терең — қабат болып орналасады.

Кеуде бұлшықеттері

Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.

Іштің  бұлшықеттері

Іштің бұлшықеттері кеуде торының төменгі тесігі мен жамбас астауыныңжоғарғы жиегі аралыгын алып жатады. Олар іш қуысын қоршап, оның қабырғасын тузеді. Бүйір, алдыңғы және артқы бұлшықеттерді ажыратады. Іш бұлшықеттері осы аймақтың аутохтонды вентралды бұлшықеттеріне жатады. Бүйір бұлшықеттері бір-біріне қабаттасып жатқан үш жалпақ бұлшықеттерден түзіледі. Олардың сіңірлі созылмалары m. rectus үшін қынап түзіп, іштің алдыңғы жағында ақ сызық бойында қосылады.

Бастың бұлшықеттері

  1. Шайнау бұлшықеттері, бірінші желбезек (төменгі жақсүйектік) доғаның туындылары, n. trigeminus арқылы нервтендіріледі.
    1. Мимикалық немесе бет б9лшықеттері екінші желбезек доғасының туындылары, n. facialis-пен нервтенеді.
    2. Бассүйек күмбезінің бұлшықеттері.

 

Қол бұлшықеттері

Қол бұлшықеттері еңбек мүшесі ретіндегі қолдың қимыл — қозғылысын іске асырады. Қол бұлшықеттері оны тұлға қаңқасына бекітіп, сүйектердің бұлшықетті байланысуын түзіп, орталық ретіндегі иық белдеуі сүйектеріне әр жақтан — бастан, арқа мен кеудеден — келеді және олардың шығу тегі әр түрлі: 1) беку нүктелері, иық белдеуі сүйектерінде болатын, тұлғаның вентралды бұлшықеттерінің туындылары, яғни трункофугалды бұлшықеттер: m. Rhomboideus, m. Levator scapulae, m. Serratus anterior, m. Subclavius, m. omohyoideus, сондай-ақ бастан ығысып ауысқан желбезек доғаларыныћ туындылары – m. trapezius; 2) трункофеталды бұлшықеттер – m. Latissimus dorsi, mm. Pectorals major et minor.

Иық бұлшықеттері

Иық бұлшықеттері ең қарапайым пішіндегі қол-аяқтар бұлшықеттерінің бастапқы орналасуын сақтап, былай бөлінеді: еқі бүккіш бұлшық алдыңғы бетінде (алдыңғы топ) және екі жазғыш бұлшықет артқы бетінде (артқы топ). Олар шынтақ буынына әсер етіп, фронталды білік айналасында қозғалыс тудырады. Сондықтан иықтың алдыңғы және артқы беттеріне орналасып, білек сүйектеріне бекиді. Бұлшықеттердің екі тобы иықтың барлық бұлшықеттерін қаусыратын оның ортақ шандырынан тоқпан жіліктің латералды және медиалды жиектеріне қарай баратын, екі дәнекер тінді қалқаларымен бөлінген.

Білек бұлшықеттері

Білек бұлшықеттері кызметі жағынан бүккіштер мен жазғыштар  болып бөлінеді. Олардың кейбіреулері қол ұшын түгелдей, ал басқалары тек саусақтарды ғана бүгіп, жазады. Одан басқа, кәрі жілікті тиісті қозғалыска келтіреггін пронаторлар мен супинаторлар болады. Орналасуына қарай бұл бұлшықеттердің барлығы екі топқа бөлінеді: алдыңғы топтың құрамына бүккіштер мен пронаторлар, ал артқы топқа жазғыштар мен супинаторлар жатады.

Аяқ бұлшықеттері

Аяқ бұлшықеттері жамбас белдеуі, сан, сирақ және аяқ ұшы бұлшықеттерініне бөлінеді.

Жамбас белдеуінің бұлшықеттері жамбас астаудан ортан жіліктің жоғарғы шетіне барып, ұршық буынында оның барлық негізгі 3 білігі айналасында қозғалыстар жасайды. Олар буынның жан-жағынан орналасып, қозғалыстардың барлық түрін орындайды. Сондағы беку нүктелеріне және басты қызметіне қарай оларды алдыңғы және артқы топтарға бөледі.

Сан бұлшықеттері

Сан бұлшықеттері ұзын сүйекті рычагтарды қозғалысқа келтіре, тік жүруге әрі денені тік қалыпта ұстауға қатысады. Олар осымен байланысты ұзарып, бір ортақ сіңірі болатын қомақты массаға тұтасып, көпбасты бұлшықеттер (мысалы, екібасты және төртбасты сан бүлшықеттері) түзеді. Сан бұлшықеттері 3 топқа бөлінеді: алдыңғы (негізінен жазғыштар), артқы (бүккіштер) және медиалды (әкетушілер). Соңғы топ ұршық буынына әсер етеді, ал алдыңғы екеуі оған қоса және басым түрде тізе буынына әсер етіп, оның фронталды білігін айнала қозғалтады, бұл олардың санның артқы және алдыңғы бетіне орналасып, сираққа бекуіне байланысты.