1 Әр міндеттеменің басы (оны «пайда болу деп атайды») және соңы («тоқтатылу») болады. «Міндеттемені тоқтату» ұғымының заңды анықтамасы жоқ. Ал, доктриналды анықтамасы соңғы жылдары беріле бастады, бірақ азаматтық құқықтың әр әдебиетінде емес.
Авторын белгілей отырып, кез – келген үш оқулықтан «міндеттемені тоқтату» ұғымына анықтама жазып алыңыздар. Оларды бағалаңыз және егер келіспесеңіз, өз анықтамаңызды беріңіз.
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 21 тарауында міндеттемелерді тоқтатудың алуан түрлі әдістері берілген, бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде басқа да тарауларында белгіленген басқа да әдістері бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тарауларды көрсетіп, міндеттемені тоқтату әдістерінің кестесін құрастырыңыз.
3 «Диас» сауда үйі сатып алу – сату шартымен 1998 жылдың ақпан айында Қ. Ахметоваға 2 жыл кепілдік мерзімімен бейнемагнитафон сатады. Сол жылдың қарашасында Қ. Ахметова оған сатылған бейнемагнитафонның төмен сапалылығы үшін шығындар мен моральдық залалды өтеуді және шартты бұзуда талап етеді. Фирма өкілі оған оның талаптары шарт бұзылғандықтан құқыққа сай емес деп түсіндіреді.
Сипатталған міндеттеме тоқтады ма? Қ. Ахметованың талаптары құқыққа сай ма? Сатушының міндеттері мен сатып алушының құқықтары сақтала ма?
4 «Якорь» ЖШС «Тайфун» мейрамханасына күнделікті 85 кг жоғары сапалы балық жеткізіп отыруға міндеттенеді. «Якорь» ЖШС – ның иелігіндегі жалғыз траулердің істен шығуынан кейін, жеткізуші мейрамхана администраторына шарттың күші бұзылғандығы жайлы айтады. Мейрамхана «Якорь» ЖШС – гі арендаға басқа траулер алып, шартты орындауды жалғастыра алады деп бас тартуды қабылдамайды.
Жоғарыда сипатталған мән-жайлар жеткізілім шартын бір жақты бұзуға негіз бола ала ма? Шартты сақтау тәсілі ретінде мейрамхана әкімшілігінің ұйғарымының орындалуы міндетті ме?
5 Б. Сафонов Е. Кротовпен суда жүзетін құстарды өсіру мақсатында оның жер учаскесінің бойымен ағып жатқан өзенге құрық құру туралы шарт жасасты. Құрылысты бастағаннан кейін екінші күні Б. Сафонов жиналған су көрші жер учаскесін басып алуы мүмкін деп, өзінің тапсырысынан бас тартады. Е. Кротов оған қарсы болмады, бірақ осы жұмыспен қатар ұсынылған басқа пайдалы жұмыстан бас тартқандықтан, шарттың тоқтатылуы себебінен шығынға ұшырағандығы үшін, жоспарланған жұмыстың толық көлемін төлеуін талап етті.
Е. Кротовтың талабы заңды ма? Е. Кротов шарттың бұзылуы кезінде жұмысты отындауға әлі кіріспесе, жауап өзгерер ме еді?
6 Т. Скамейкин Елкин Е. оған Түркиядан Семей рыноктарында сатуға әйел тондарының партиясын әкелу туралы шарт жасасады. Тондарды ұшақтың чартерлік рейсімен Семейге тасымалдау кезінде, ұшақтың жүк бөлімінде пайда болған өрттің салдарынан олар жарамсыз күйге ұшырады. Нәтижесінде екі жақ та шығынға ұшырады: Елкин Е. тондарды сатып алуға, тасымалдауға, жеке жүріп-тұруға, қонақ үйде тұрып, тамақтануына жұмсалған қаражатынан айырылды, ал, Скамейкин Т. болса болжаған табысын алу мүмкіндігінен айырылды.
Шарттың орындалуы тоқталды ма? Елкин Е. өзінің міндемесін орындамағаны үшін Скамейкиннің алдында жауапты ма? Міндеттемені орындамаудың себебі Елкин Е – нің абайсыздығы болса, жауап өзгерер ме еді?
7 Жеке кәсіпкер И. Оразбаев 15 тамызға дейін Васенковтан жанар-жағар май сатып алу үшін 80 мың теңге қарызға алады. Қарыз мерзімінде қайтарылмайды, ал 27 қыркүйекте Васенков В. Аяқ астынан қайтыс болады. Қайтыс болғанның барлық мүлкі оның ұлы Анатолийге көшеді.
Міндеттеменің орындалуы тоқталды ма? Егер де сіз Оразбаев И. қарызды қайтаруға міндетті деп есептесеңіз, онда кімге және қандай сомада? Васенков В. емес, Оразбаев И. қайтыс болса жауап өзгерер ме еді?
8 «Юность» тігін фабрикасы балалар кешенді дүкеніне 1 тамызға дейін қыздарға арналған мектеп киімін жалпы мөлшері 500 нысанада жеткізуге міндеттенеді. Алайда шартта белгіленген мерзімде және одан кейін тапсырылған киім жеткізілмейді, нәтижесінде кешенді дүкен шығынға ұшырайды. Шартты бұзудың себебі тігін фабрикасында қажетті матаның болмай қалуы болады. Мата мақта фабрикасында қажетті жіптің болмауынан өндірілмейді.
Тігін фабрикасы кешенді дүкен алдында өз міндеттемесін орындамағаны үшін жауап берді ме? Бұл сұрақтың жауабына фабрикада матаның болмау фактісі мен себебі әсер ете ме? Егер фабрика дүкен алдындағы шығындарды өтесе, бұл оны сол тауарды болашақта жеткізу міндетінен босата ма? Берілген сұрақты шешуге тапсырысқа берілген тауар кешенді дүкенге бір де бір рет жеткізілмегенің маңызы бар ма?
9 Жеке кәсіпкер Акулов А. өзіне тиесілі наубайхананы інісі Крымов К-ға тұрақты рента шарты бойынша береді. Осыдан бір жарым жыл өткеннен кейін Акулов А. қайтыс болады.
Шарттың әрекет етуі тоқталды ма? Сіздің ойыңызша Акулов А. емес, Крымов К. Қайтыс болса жағдай өзгерер ме еді? Жоғарыда келтірілген екі сұраққа да жауап егер бұл ғұмырлық рента болса қалай болар еді? Ал, егер өмір бойы асырауда ұстау шарты болса ше?
10 Профессор Болтабаев Т. өзінің философия мен логикадан ескі кітаптарын аспирант Киреев Н – ға сатады. Төлемді бөлшектеп үш айда жүзеге асыру көзделеді. Алғашқы екі айда Кирев Н. ақшаны төлейді де, үшінші айда – қалған төлемді екі ай ішінде толық өтеуге міндеттенетін қолхат береді.
Кітапты сатып алу бойынша міндеттемеге не болды? Мұндай әрекет заңмен көзделген бе және ол қалай аталады? Бұл келісім борышты өтеу бойынша міндеттеменің ескіру мерзіміне қалай әсер етеді? Бұл мерзім қай айдан жүзеге асады?