1 Міндеттеменің мақсаты оны орындау болып табылады. Дегенмен «міндеттемені орындау түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде қарастырылмаған, бірақ теориялық жұмыстарда оны міндеттеменің қағидасы деп қарастырады.
«Міндеттемені орындауды» сіз қалай түсінесіз? Міндеттеменің қағидалары қандай? Соңғы кездері ол қағидалардың құрамына өзгерістер енді ме?
2 1999 жылдың 2 мамырында Айдарбаев «Омега» коммерциялық банкіне 50мың теңгені 40% өсіммен салады. Міндеттеме депозиттік салым шартымен рәсімделген.
Қай уақыттан бастап міндеттеме күшіне енеді? Шарттың аяқталу мерзімі қашан? Банк шарт мерзімі аяқталғанша бір жақты пайыздың мөлшерін азайта ала ма? Ол шартқа өзгөзгертулар мен толықтырулар енгізу қандай нысанда болуы шарт?
3 Семей цемент заводы Астана қаласына тасымалдау шарты бойынша екінші кварталда 100 вагон цемент жеткізуге шарт жасасады. Оның жеткізілгені нақты 80 вагон. Тапсырыс берген жақ шарт бойынша қажетті зат толық жетпеуі салдарынан, артық ақшаны қайтаруды талап етеді. Ал завод болса айыппұл төлегендігі үшін одан бас тартады.
Қойылған талап дұрыс па? Шартта көрсетілмеген айыппұлды тапсырысшының есебінен төлеу дұрыс па? Егер завод тапсырысшының берген тапсырысынан артық әкелсе, оған ақша төлеуге құқығы бар ма?
4 Ерлі – зайыпты Оспановтар жаңбырдың жаууына байланысты көршісінен қол шатырын, кешке әкеліп береміз деп сұрап алады. Олар қол шатырды бір ай өткенге дейін кері қайтармайды.
Бұл жағдайда азаматтық – құқықтық міндеттеме туындай ма? Егер солай болса, бұл қалай аталады? Қанша уақытта қол шатырды қайтарып беру қажет?
Егер көршісі Оспановтарға тоғыз күн өткеннен кейін затын қайтарып беру туралы телефон соқса, онда жоғарыда көрсетілген жағдай өзгере ме? Ал Оспановтар бұл телефон қоңырауынан кейін затты тез арада қайтаруы тиіс еді. Бұл жағдай заңда көрсетілген? Көршісі қол шатырын әкелген кезде қандай талаптар қоюға құқығы бар?