Метал кескіш аспаптардың түрлері туралы қазақша реферат
Аспаптардың дұрыс классификациялануы олардың негіздерінің дұрыс конструкциялығын және өнімділігін қамтамасыз етеді. Аспаптардың классификациясы олардың технологиялық өңдеуіне байланысты: қайрау, фрезерлеу, тесікті өңдеу және т.б.
Барлық металкескіш аспаптарды 8 топқа бөледі:
- кескіш
- тарта жону
- тесік өңдеу аспаптары (бұрғы, зенкер, ұңғы)
- фреза және аралар
- тіскескіш
- бұранда қазғыш аспап
- қажақты
- қол аспаптары (егеу т.б.)
Кескіштер тобына токарлық, револьверлі, соққы және өзге метал кескіш станоктарда жұмыс жасайтын, бұрандалы және тіскескіш кескіштерден басқа барлық бір жүзді аспаптар кіреді.
Тарта жону тобына көлденең тістері бар өзекше ретінде жасалған копжүзді аспаптар жатады.
Тесік оңдеу тобына (бұрғы, зенкер, ұңғы) біржүзді, екіжүзді, копжүзді тесік өңдеу аспаптары жатады.
Фреза және аралар тобына бүйірлі бетте тістері бар айналу денесі ретінде жасалған барлық көпжүзді аспаптар жатады.
Тіскескіш тобына тісті және кілтекті бірікпелерді кесу үшін барлық біржүзді және көпжүзді аспаптар жатады.
Бұранда қазғыш тобына ішкі және сыртқы бұрандаларды қазуға арналған аспаптар жатады.
Қажақты аспаптар тобына қажақты материалдан жасалған барлық ажарлау аспаптары жатады.
Қол аспаптарына қандай да болсын станокты қолданбай, қолмен жұмыс жасайтын аспаптар жатады.