Мерзімді валюталық операциялар курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе

І Валюталық операциялар туралы түсінік

1.1 Валюталық операциялардың сипаттамасы

1.2  Валюталық операциялардың жіктелуі

ІІ Мерзімді валюталық операцияларды талдау

2.1 Мерзімді валюталық операциялардың сипаттамасы

2.2 Мерзімді валюталық операциялардың экономикалық негіздері

III Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттейтін органдар

3.1 Валютаны реттеу мен бақылау

3.2 ҚР Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

3.3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар  және олардың құқықтық қамтылуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық бағам,  валюталық операциялар, валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Өз кезегінде валюталық операциялар осы аталған валюталық қатынастардың негізі болып табылатын валюталардың арасындағы әр түрлі есеп айырысулардың жүргізілуін, төлем құралы ретiнде шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәлiмелердің атқарылуын, ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердің арасындағы валюталық операциялар болып табылады. Сонымен қатар валюталық операциялардың негізінен банктік операция ретінде және Ұлттық банктен лицензиясы бас басқа да валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқысы бар органдардың  валюталық операцияларды жүргізуіне байланысты валюталық операцияның көптеген түрлері болады және олар валюталық мәмілелерде әр түрлі сипатта және мақсаттарда қолданылады.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық — экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық -заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық — экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік — құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық операцияларды қамтиды.
Валюталық операциялар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюталық операцияларды реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғышарты.

 Курстық жұмыстың өзектілігі – Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды және оның түрлерін жүзеге асыруға байланысты зерттеу жүргізу, оны жетілдіру жолдарын анықтау. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.

Валюталық операциялар — валюталық құндылықтарға қатысты жасалатын мәмілелер екендігінін мәнін ашу. Олардың ұлттық заңдармен және халықаралық келісімдермен реттеледі.

Валюталық операциялар экономиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Оның жағдайы ерекше роль атқаратындықтан, курстық жұмыста валюталық операциялар мәселелерін талқылау қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекетте жүргізілетін валюталық операцияларға талдау жүргізу, валюталық операциялар түрлерін анықтау және валюталық операциялардың түрлерінің экономикамен байланысын талдау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:

— мемлекеттің валютамен жүргізетін операциялары мен оның түрлерінің

ерекшеліктері;

— мерзімді валюталық операциялардың экономикамен байланысын талдау;

— валютаны реттеу мен бақылаудың ерекшеліктері;

— Ұлттық Банктің валюталық операциялары мен реттеу шараларын жетілдіру жолдары ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеті – валюталық операциялардың жүргізілуін және мерзімді валюталық опеациялардың ерекшеліктерін толық зерттеу, жүргізілген зерттеуді статистикалық мәліметтермен толықтыру, қорытындысына зерттелген тақырыпқа қатысты өз ойымды жазып қорытындылау.

Курстық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 25 бет