Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Отандық және ТМД елдерінің авторлары «шығындарды»: өндіріс шығындары (издержки); шығындар (затраты); шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони., Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады [7]. Аталған «шығындар» жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын түсінудің қажеттігі туындайды.
«Өндіріске жұмсалған шығындар» өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету шығындарын қамтыса «Өндіріс шығындары» сату шығындарын қоса қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады. Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде дайын өнім өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгіөндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріснегізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар(мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар(ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.);
— өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (4-суреттен көре аласыз) мынадай етіп салуға болады:
Материалдар |
Жалақы |
Жалақыдан аударылған аударымдар |
Үстеме шығысы |
||||
Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған «Негізгі өндіріс», «Көмекші өндіріс», «Үстеме шығындар», «Өндірістегі ақау» бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 90, 92, 93 және 95 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 және 95 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қодданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
— «Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)» кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі («Материалдар» бөлімшесі шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (3350 -«Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (3140 — «Басқа да» шоттың «Әлеуметтік салық» субшотының кредиті);
— «Негізгі құрал – жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал – жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі («Негізгі құрал-жабдықтардың тозуы» бөлімшесі шоттарының кредиті);
— «Материалдық емес активтер амортизациясының есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі ( «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесі шоттарының кредиті);
— «Көмекші өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін белу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (8310 — «Көмекші өндірістер» және 940 — «Әлеуметтік сала» шоттарынын кредиті).
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және баскару бухгалтериясы болуы мүмкін (6-сурет).
Қаржылық бухгалтериясы есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы, өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір «ноу-хауды» және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, «жаңалықтарды» өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де «жабық» болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 1341 — «Негізгі өндіріс», 1342 «Өз өндірісінің шалафабрикаттары», 1343 — «Көмекші өндіріс» шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір – екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1341-214 шоттары дебеттеліп, 8110, 8210, 8310 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8110, 8210, 8310 шоттары дебеттеліп, 1341-214 шоттары кредиттеледі).
Сонымен, 1341-214 шоттар «бір күндік шоттар» болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше «транзиттік» шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.
Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымының күрделенуіне байланысты ішкі бақылау қызметінің қызметі үлкен мәнге ие болуда. Бәсеке ортасында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі ұйымның өміршеңдігінің кепілі және табысты қызметтің басты шарты болып табылады.
Шет елдерде ішкі аудит кең қолданылады. Бұл кезде алдын-ала және ағымдық бақылауға орын беріледі, өйткені шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін оның тиімділігіне, яғни ұйымның шаруашылық-қаржы қызметі барысында қолдан шығып кеткен кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға ықпал ету мүмкін емес. Республикамызда ішкі бақылау жүзеге асырылады, бірақ ол әкімшіліктің кейбір ұйғарымдарының, үкіметтің нормативтік актілерінің орындалуын тексерумен, шаруашылық қызметін талдаумен шектеледі, әрі тек кезекті бақылау сипатына ие.
Ішкі аудит ішкі бақылаудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Оған былайша түсінік беруге болады: ұйым қызметін, оның ішінде көрсетілетін қызмет ретінде жүргізілетін, тәуелсіз бақылау.
Көптеген экономистердің пікірінше, ішкі аудит ішкі бақылаудың неғұрлым дамыған нысаны болып табылады [8]. Шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында ұлғайып келе жатқан қаржылық тәуекелділік, жиі өзгеріске ұшырайтын отандық салық заңдылықтары, сондай — ақ оның пункттерінің бірнеше мәрте түсіндірілуі ұйымда ішкі аудит бөлімін құруға жұмсалатын шығынды ақтайды.
Құрылыс ұйымында ішкі аудит бөлімін құру бірқатар әдістемелік және ұйымдастыру – техникалық мәселелерді шешуді талап ететін күрделі процес б.т. ішкі аудит бөлімін ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады.
Ішкі аудиттің мақсаты – ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінде орын алған операциялардың дұрыстығына, шындығына, растығына бақылау жасау, кеткен кемшіліктерді дер кезінде анықтап, басқару жүйесіне хабарлауды қамтамасыз ету [9]. Олар жоюға байланысты басқару шешімінің қабылдануына және оны жеделдетуге ықпал ету нәтижесінде бақылау үрдісінде қолданылатын ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиторлар пайдаланатын ақпараттардың құпиялылығы сақталуға тиісті. Өйткені бастапқы құжаттардағы және есеп регистрлеріндегі мәліметтер коммерциялық құпия болып табылады. Ұйымның бөлімшелеріне аудит жүргізу нәтижесінде аудитордың алған ақпараттары басқа да бөлімшелер үшін құпия болып саналады.
Аудитолық дәлелдемелердің көздерінің үлкен бөлігі экономикалық субъектінің өзі құрған ішкі құжаттар болып табылады [10]. Бұл аудит үшін олардың құндылығы төмендетеді. Сондықтан тексеруді табысты жүргізу үшін аудитордың клиент бизнесінің ерекшелігін, оның өндірістік процессінің мәнін жеткілікті түсіну, цехтардағы өндіріс процесстермен, қоймалар және басқа өндірістік бөлмелермен тікелей танысу аса маңызды болып табылады.
Шоттардың келтірілген өзара байланысы шығындар құрамын, шығын шоттарына жатқызылу мен олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалдарды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметік салыққа жіберу, жүкқұжатты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңнің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотында жабылады.
Өндіріс процессі – кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті – бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жалпы учаскесі [10]. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолдаеылатын бақылау процедураларын түсінуі керек.
Өндіріске жұмсалған шығындарды аудиторлық тексеру – аудиторлық қызметтің көп еңбекті қажет ететін процестерінің бірі, ол ұйым қызметінің жекелеген түрлерінің өндірістік шығындарының дұрыс есептелу ерекшеліктерін білуді талап етеді.
Өндіріс шығындары аудитінің аталмыш міндеттерін орындауға кіріспес бұрын, өндіріс процесі мен шығындарға жасалатын ішкі бақылаудың әлсіз және мықты жақтарын бағалау мақсатында алдын – ала шолу жүргізу керек. Жалпы мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесін бағалау үшін ұйымға арнайы сұрақтар жиынтығын дайындаған орынды. Аудиторлық тексеру барысында құрылыс жұмыстарын орындауға жұмсалған шығындарды есепке алудың дұрыстығын, әрі заңдылығын анықтау қажет. Шығындарды тексеру кезінде орындалған жұмыстардың өзіндік құнының дұрыс есептелгенін құжаттармен растау керек, өйткені өзіндік құн жұмыстарды орындау барысында жұмсалатын материалдық және еңбек шығындарының пайдаланылу тиімділігін, ұйымның табыстылығын және қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды синтетикалық көрсеткіштердің бірі.
Құжаттық тексеруді жүргізерге дейін аудитор ұйымның ұйымдық және технологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оның өндірістік қызметінің барлық түрінің сипатын, мамандану аясын, қарқынын (масштаб) және құрылымын анықтауға міндетті.
Үстеме шығындар құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалынған шығындардың құрамында едәуір үлесті алады, сондықтан олардың қалыптасу және бөліну негізділігін мұқият тексеру керек. Шығындардың үстеме шығындарға жатқызылуының дұрыстығын бухгалтерлік есептің №7 және №12 стандарттарының әдістемелік нұсқауларына сәйкес тексеру керек [11]. Үстеме шығындар есебінің дұрыстығын тексеру алғашқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Тексеру кезінде үстеме шығындардың құрамында басқа шоттарға апарылуы тиіс сомалар көрсетілгенін яки көрсетілмегенін анықтау қажет. Электрэнергиясының, коммуналдық және басқа да қызметтердің құнын прорабтардың, шеберлердің және өзге де материалды жауапты тұлғалардың растауынсыз үстеме шығындарға қоса салу жағдайлары кездеседі.
Аудитор құрылыс ұйымының негізгі белсенді құралдарының, әсіресе, жалға алынған құралдардың пайдаланылу иімділігін де талдауы керек. Осы мақсатта бүкіл механизмдердің мәлімдемелерде көрсетілген атқарылған уақыттарын қосып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес ол жұмыстың қандай көлемін орындауғы есептелгенін қайта есептеу керек. Алынған мәліметтерді тапсырыс берушімен қабылданған нақты орындалған жұмыс көлемімен салыстыру керек, акті бойынша олардың себептері жұмыс бағытының болмауынан тұрып қалу, жанар – жағар майдың немесе қызмет көрсететін жұмысшының болмауынан тұрып қалу, жүк көтергішін (грузоподъемности) толық пайдаланбау анықталады.
Аудиторға сондай – ақ жекелеген құрылыс жұмыстарын орындаумен айналысатын субмердігер ұйымдармен жүргізілген есеп айырысудың дұрыстығын тексеру керек.
Өндірістік шығындарды аудиторлық тексерудің қорытындылаушы кезеңі аяқталмаған құрылыс туралы мәліметтерді тексеру болып табылады. Аяқталмаған құрылысқа есепті кезеңнің соңына шығындар есебінің объектісі болып табылатын құрылыс объектілерінің, олардың кезектерінің, жұмыс түрлерінің аяқталмаған жұмыстары жатады.
Жалпы, талдау (грек сөзінен «analysis») – бұл зерттеліп отырған объектіні бөлімдерге, элементтерге әртүрлі факторлар әсерінен өзгеру бағытын анықтау мақсатында бөлшектеу деген мағынаны береді [12].
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де құрылыс жұмыстарының жүзеге асырудың ерекшелігінегізгі өндірістік қорларды тұрғызу және салу, қайта қалпына келтіру және кеңейту кезінде пайдаланылатын еңбек заттарының әртүрлілігімен, сондай – ақ ғимараттар мен құрылыстарды салу кезіндегі, пайдаланудағы объектілерге күрделі жөндеу, жаңғырту немесе кеңейту жұмыстарын жүргізу кезіндегі табиғи – климаттық жағдайлардың сан алуандылығымен айқындалады және оларды алдын алу мекеменің жұмысының тиімділігі. Ең алдымен оның атқарған қызметтерінің санымен көрініс табады. Бірақ серіктестіктің тиімділігі қызметкерлердің және шаруашылық бөлмелерін соңғы жаңарған технологиямен, сапалы материалдармен қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Шығындардың қайсысы өндіріс ықпалымен, қайсысы өзгедей құбылыстардың ықпалымен қалыптасатындығына қаржылық нәтижеге тәуелді.
Өндіріс шығындарын талдаудың міндеттері:
- өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің бір өлшеміне материалдық, еңбек ақы, үстеме және тағы басқа шығындардың нормасын анықтау;
- нақты шығындардың нормадан ауытқуын, олардың себептерін анықтау;
- материалдық, ақшалай және еңбек ресурстарының тиімді пайдаланудың ішкі шаруашылық резервтерін шығару;
- өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарына әсер етуші факторларды талдау және өзіндік құнды төмендету жолдарын анықтау
Шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру көбінесе басқарушылық шешімдердің дәлелдігіне, мақсатқа лайықтылығы мен өз уақыттылығына тәуелді. Бұның барлығына талдау барысында жетуге болады деп ойлаймын. Бірақ та тек шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне аналитикалық зерттеулерді дұрыс ұйымдастыру оның әрекеттілігін және тиімділігін қамтамасыз етіп, шаруашылық процестердің ағымына негізді түрде әсер етеді. Сондықтан, серіктестікте шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру бірқатар талаптарға сәйкес болуы тиіс. Оның ішінде, біріншіден, талдаудың ғылыми сипатын атап өту керек.
Талдауды жүргізу әрбір маманның, шаруашылықтың әртүрлі деңгейлері басшылырының қызметтік міндеттерінің табиғи байланысты бөлігі, басқару шешімдерін қабылдауға қатысы бар барлық қызметкерлердің міндеті болуы тиіс. Осыдан талдауды ұйымдастырудың тағы бір маңызды қағидасы – жеке атқарушылар арасында шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша міндеттерді негізгі түрде бөлу. Бұл бөлудің мақсатқа лайықтылығынан талдау объектілерін қамту толықтығы ғана емес, сонымен қатар бір ғана зерттеуді көп өлшемді (әртүрлі адамдармен) жүргізу мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл мамандардың жұмыс уақытын тиімді қолдануға көмектеседі және талдау жинақтылығын қамтамасыз етеді.
Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге кететін шығындар талдаудың үйлесімді түкпірінде және жинақтылығында аз мөлшерде болуы қажет. Осы мақсатпен ұйымдастырудың мақсатқа лайықтылығынан басқа, оны жүргізуде кең түрде аналитик жұмысын жеңілдету үшін озат әдіснама, құралдар қолданылуы керек.
Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі: қаржылық есептің экспресс-талдауы және қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау. субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.
Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:
1) дайындау, дайындық
2) қаржылық есепті алдын-ала шолу
3) есепті талдау және экономикалық
Талдау жүргізуде қолданылатын ақпарат сапасы мен мазмұны, құрамы шаруашылық қызметті талдау әркеттілігін қамтамасыз етуде шешуші рөль атқарады. Талдау тек экономикалық мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпаратты кеңінен қолданады. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің барлық көздері жоспарлы, есептік және есептік емес болып бөлінеді.
Жоспарлы көздерге кәсіпорында өңделетін барлық жоспар типтері жатқызылады(шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, баға көрсеткіштер, жобалық ғимараттар және т.б.
Кесте-5. Экспресс-талдаудың аналитикалық көрсеткіштер жүйесі.
Талдау бағыты |
Көрсеткіштер |
1. Шарушылық субъектінің экономикалық потенциалын бағалау. |
|
1.1 Мүлікті жағдайды жалпы бағалау | 1. Активтердің жалпы құны
2. Өндірістік бағыттағы мүлік құны. 3. Негізгі құралдар құны және оның активтерінің жалпы құнындағы үлесі. 4. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті. |
1.2. Қаржылық жағдайды бағалау. | 1. Меншікті капитал және оның жал-пы капиталдағы үлесі.
2. Заемды және меншікті капитал қа-тынасының коэффициенті. 3. Ағымдық ликвидтілік коэффи-циенті. 4. Ағымды активтердегі меншікті айналым қржысының үлесі. 5. Запастарды жабу коэффициенті. |
1.3. «Ауру» статьялар | 1. Жабылмаған зиян.
2. Қамтамасыз етілмеген несиелер. |
2. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігін бағалау. |
|
2.1. Табыстылықты бағалау. | 1. Жалпы және таза табыс.
2. Бөлінбеген табыс. 3. Негізгі қызметтен түскен табыс. |
2.2. Динамикалық бағалау. | 1. Өнімді сату мен жалпы капиталдан табыстың өсу қарқыны.
2. Жалпы және таза табыстың өсу қарқыны. |
2.3. Іскерлікті бағалау. Кәсіпорынның іскерлігін және қаржылық-шаруарылық қызметінің тиімділігін бағалау. | 1. Ағымдық активтердің айналымды-лығы.
2. Еңбек өнімділігі. 3. Қор қайтарымы. 4. Өнімнің материал сыйымдылығы. 5. Меншікті капитал табыстылығы. 6. Жалпы капитал табыстылығы. |
Кең ауқымды өндірістік серіктестерде экономикалық қызметтің барлық қызметімен экономикалық мәселелер бойынша жұмыс атқаратын директор меңгерушісі болып табылатын бас экономист айналысады. Ол серіктестіктегі шаруашылық қызметке талдау жүргізуді де қоса, барлық экономикалық жұмыстармен айналысады. Өндірісті ұйымдастыру және экономика лабораториясы, жоспарлы-экономикалық бөлім, еңбек және еңбекақы бөлімшелері, бухгалтерлік есеп, қаржылық және т.б. бөлімдер оның тікелей басшылығында болады. Орта және шағын кәсіпорындарда аналитикалық жұмыстарды бас бухгалтер немесе жоспарлау бөлімінің басшысы басқарады. Аналитикалық жұмыстарды үйлестіру үшін құрамына кәсіпорынның барлық бөлімдерімен қызметтерінің басшылары кіретін технико-экономикалық кеңес құрылуы мүмкін. Экономикалық талдау экономикалық қызмет қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар техникалық бөлімдердің (бас механик, энергетик, технолог, жаңа техника және т.б.) міндеттері болып табылады. Сонымен қатар цехтік қызметкерлер, бригада, участок басшылары да айналысады.
Өндірістік бөлім өнімді көлемімен ассортименті бойынша шығару жоспарын орындауды, жұмыс ырғақтылығын, өнім сапасын көтеруді, жаңа техникамен технологияны енгізуді, өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауды, құрылғылардың жүмысын, материалдық ресурстардың шығындалуын, технологиялық циклдің ұзақтығын, өнімді шығарудың кешенділігін, өндірістің жалпы техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін талдайды.
Бас механикпен энергетиктің бөлімі машиналармен құрылғылардың эксплуатациялық жағдайын, құрылғыларды жаңартумен жөндеу жоспар-графиктерінің орындалуын, жөндеудің сапасы мен өзіндік құны, құрылғыларды және өндірістік қуаттарды қолдану толықтығымен энергоресурстарды тұтыну орындылығын зерттейді.
Техникалық бақылау бөлімі дайын өнімменшикізат сапасын, ақау және ақаудан болған жоғалтулар, ақауды азайтуға байланысты шаралар, өнім сапасын жақсарту, технологиялық тәртіпті сақтау және т.б. талдау жасайды.
Жабдықтау бөлімі өндірісті материалдық-техникалық қамсыздандыру сапасымен өз уақыттылығын, өнім көлемі, номенклатурасы, мерзімі, сапасы бойынша жеткізу жоспарларын орындау, қойма қорларының сақтығымен жағдайын, материалдарды жіберу нормаларының сақталуын және т.б. бақылауға алады.
Өткізу бөлімі келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын және өнімді тұтынушыларға көлемі, сапасы, мерзімі, номенклатурасы бойынша жөнелтуді, қоймадағы қорлар жағдайымен дайын өнімнің сақтығын зерттейді.
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі (бухгалтерия) өндіріс шығындары сметасының орындалуына, өнімнің өзіндік құнына, кіріс жоспарының орындалуымен және оны қолдануға, кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне, қаржылық жағдайына және т.б. талдау жасайды.
Шаруашылық қызметке талдау жасауды жүргізу бойынша мұндай бірлескен жұмыстар оның жинақтылығын қамтамасыз етеді және де бастысы терең, квалификациялық шаруашылық қызметін, оның нәтижелерін зерттеуге, қолданылмаған резервтерді толығырақ көрсетуге көмектеседі.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті екі салаға бөлу басқару талдамасы мен қаржылық талдама секілді қызметті экономикалық жағынан талаудың жаңа түрлерінің пайда болуы үшін негіз болғанын атап көрсеткен жөн.
Басқару талдамасы нақты саясаттың аса маңызды мәселелерін талдап жасауда, кәсіпорын әкімшілігі алға қойған мақсаттарға жетуді бағалауда және таяу перспектива мен көз жетер болашақтағы бизнесті дамыту стратегиясын негіздеуде шешуші роль атқарады.
Егер қаржылық талдаманың көмегімен кәсіпорынның мемлекетпен және басқа да ақпаратты сыртқы пайдаланшыларымен өзара қарым қатынастары проблемалары шешілетін болса, ал басқару талдамасы негізінде барлық есеп және есептен тыс деректер тартыла отырып ішкі шаруашылық байланыстар зерттеледі. Тек басшылық және олар тартқан аудиторлар мен консультанттар ғана ішкі басқару талдамасының субъектілері болып табылады.
Кесте-6. Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принциптері |
Принциптің мазмұны |
Нақтылығы |
Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады |
Жиынтылығы |
Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу |
Жүйелілігі |
Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес |
Тұрақтылығы |
Талдауды түпкілікті алдын ала белгілі аралық уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес |
Объективтілігі |
Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау |
Пәрменділігі |
Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы |
Үнемділігі |
Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек |
Салыстырымдылығы |
Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет |
Ғылымдылығы |
Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек |
Басқару талдамасы мыналарды қамтиды:
- Бизнес – жоспарлардың негізділігің және олардың іске асырылуын талдау;
- Маркетингтілік қызметті талдау;
- Техникалық – ұйымдық деңгейді талдау;
- Өндірістік ресурстардың пайдаланылуын талдау;
- Өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемін талдау;
- Өндіріс шығындарын талдау;
- Шығындардың, өнім көлемі мен қаржылық нәтижелердің өзара байланыстарын талдау;
- Қызмет тиімділігін кешенді түрде талдау;
- Перспективалық бағдарламаларды, жобаларды және даму стратегиясын талдау;
Басқару талдамасын өндірістік және ішкі шаруашылық қаржылық талдамаға бөлу біршама шартты түрде алынған, өйткені ішкі шаруашылық қаржылық талдама өндірістік талдаудың жалғасы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ішкі шаруашылық қаржылық талдама ақпарат көзі, системалық бухгалтерлік есеп деректері, өндірісті, нормативтік және жоспарлы ақпаратты техникалық жағынан дайындау туралы деректер ретінде пайдаланылады.
Ішкі шаруашылық қаржылық талдаманың негізгі мазмұны кәсіпорынды басқаруды оңтайландыру үшін маңызы бар басқа да аспектілермен толықтырылуы мүмкін. Мысалы, халықаралық практикада «шығындар — өнім шығару» әдісі секілді шығындардың, айналымның және қаржы нәтижесінің өзара байланысын талдау кең таралған [12].
1. Тұрақты және өзгермелі шығындар деңгейінің, өндіріс көлемі мен оны өткізудің, материалдар мен өнім бағасының қаржы нәтжесінің жалпы сомасына (ҚНж.с) әсерін анықтау:
ҚНж.с = Өк * Б – (МШ – ЕА) – ШТ – КӨ (1)
Мұнда:
- Өк — өнімнің әрбір түрінің натуралды түрде өндірілу көлемі;
- Б — өнім, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер өлшемінің бағасы;
- МШ — өнімнің жекелген түрлерін өндіру үшін жұмсалған тікелейматериалдық шығындар;
- ЕА – жұмысшылар еңбегіне жалақы төлеу;
- ШТ – шартты-тұрақты шығындар;
- КӨ — өткізілмеген өнім қалдықтарындағы кіріс;
2. Тауарлы өнім өткізу көлемі өзгеруінің қаржы нәтижесіне әсерінің есебі:
а)Ө=х 100; (2)
Мұнда:
- Ө — толық өзіндік құн бойынша өнім өткізу көлемі жоспарының орындалу деңгейі;
- Ө і.ж және Өж — өткіілген өнімнің тиісінше іс жүзіндегі және жоспарлы толық өзіндік құны;
б) Қн = (3)
Мұнда:
- Жк — өнім өткізуден түскен жоспарлы кіріс;
- Қн – тауарлы өнім өткізу көлемінің қаржы нәтижесіне әсері.
3. Өнім жеткізіп беру жөніндегі шарттық міндеттемелердің орандалмауы салдарынан қаржы нәтижесінің азаю мөлшерін анықтау (ҚНшо);
ҚНшо = (4)
Мұнда:
- Qн – толық мөлшерде алынбаған өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің құны;
- Rөжқ — өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер рентабельдігі, %.
Соңғы жылдары ТМД-ның экономикалық әдебиетінде өнімді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден қаржы нәтижесін есептеу тәртібін жетілдіру жөнінде қызу пікірталас болды [12]. Ол мынадан туындаған еді: Өнім өткізуден түскен түсім мен толық өзіндік құн арасындағы айырмашылық ретінде тікелей есеп әдісімен анықталатын қаржы нәтижесі кәсіпорын қызметінің түпкі нәтижесін дәл сипаттай алмайды. Әңгіме мынада: өзіндік құн өнім өндіру жөніндегі барлық шығындарды ескермейді. Мысалы, ол өндірістік запастардың өсуін ескермейді, ал кәсіпорын, барлық тең жағдайда, неғұрым материалдық ресурстарды көбірек сатып алса, аяқталмаған өндірісте запастарды неғұрлым көбіріек жасап, қоймаларда өткізілмеген өнім көбейген сайын, шын мәніндегі қаржылық нәтиже соғырлым аз бола түседі. Мерзімі жетпеген қаржы міндеттемелері жөніндегі контрагенттердің кәсіпорынға өзара берешегінің өзгерістері де өзіндік құнда көрсетілмей қалады.
Осыған байланысты өзіндік құнда көрсетілген ағымдық шығындарды ғана емес, іс жүзінде барлық шығындарды ескеретін кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің нақты есебіне көшу қажет.
4. Өнім өткізуден болған іс жүзіндегі қаржылқ нәтиженің есебін (ҚНф) мына формула бойынша шығарған тиімді:
ҚНф = Т-Өқт+Дб-Кб+Пдө-Өз-АӨ, (5)
Мұнда:
- ҚНф — өнім өткізуден, жұмыстар мен қызметтер көрсетуден алынған іс жүзіндегі қаржылық нәтиже;
- Т — өнім өткізуден түскен түсім;
- Кб – кредиторлық берешек;
- Өкт — өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;
- Пдө — қоймадағы дайын өнім қалдықтарындағы пайда;
- Дб – дебиторлық берешек;
- Өз — өндірістік запастар қалдықтарының өзгеруі;
- АӨ — аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеруі;
Бұл формула (5) Батыс елдерінде (АҚШ, Канада, Англия, Германия, Франция, Италия және т.б.) кең тараған «шығындар — өнім шығару» әдісіне сүйенеді, бірақ дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алатынымен ерекешелінеді [12].
5. «Шығындар — өнім шығару» әдісі бойынша түпкі қаржылық нәтижені анықтаудың оңайлатылған схемасы мынадай:
ҚНп = (МРб + АӨб + ДӨб + ӨШ) – (МРс + АӨс + ДӨс + Т + Ш), (6)
Мұнда:
- ҚНп – қаржылық нәтиже (ҚНп – пайда, ҚНз – зиян);
- МРб мен МРс – кезең басындағы және соңындағы материалдық ресурстар;
- АӨб мен АӨс – тиісінше кезең барысындағы және соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары;
- ДӨб мен ДӨс – кезең басындағы және соңындағы дайын өнім;
- ӨШ – өнім шығару (өткізу);
- Т – кезең ішінде тауарлар сатып алу;
- Ш – кезең ішіндегі элементтер бойынша шығындар.
Бұл әдістің мәні өнім өндірудің жабдықтау, өндіру және өткізу жөніндегі шығындармен салыстырылып отыратындығында болып табылады. Бұл материалдық запастар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім қалдықтарының өзгеруін ескере отырып, есепті кезең ішіндегі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін (пайда немесе зиян) анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық нәтижені анықтау үшін 4 процесті ғана: өнім шығаруды (өткізуді), элементтер бойынша шығындарды, кезең басындағы және соңындағы ресурстар қалдықтарының ескеру қажет. Мұндай әдіс өнімнің өзіндік құның калькуляциялау жөніндегі өте көп еңбек сіңірілетін жұмысты жүргізуді талап етпейді, мұның өзі қаржылық нәтижені анықтау процесін едәуір оңайлатып, тездетеді, ал ең бастысы мемлекетке кірістерді дұрыс есептеу үшін бақылау жасауды күшейтуге мүмкіндік береді.
«Шығындар – өнім шығару» әдісі кезінде, ақы төлеу емес, тұтынушыларға нақты өнім беру (жұмыс пен қызмет көрсету) мұның өзі кәсіпорынның нарық жағдайындағы қызметіне және коммерциялық кредиттің кең тарауына байланысты туып отыр.
Бұл әдіс В. Леонтьевтің еңбегінің арқасында дүние жүзінде кеңінен танылды, ол осы әдісті іске асырғаны үшін 1973 жылы Нобель сыйлығына ие болды [12]. Халықаралық есеп жүйесі «шығындар – өнім шығару» әдісін пайдалануға негізделген. Оны халықаралық ұйымдар БҰҰ, ЕЭО, Бухгалтерлік стандарттар жөніндегі халықаралық комитет жоспарлауда, есепке алумен статистикада пайдалануға ұсынған.
Бұл әдісті енгізу, мамандардың дәлелдеулеріне қарағанда, қаржылық және экономикалық басқарудын тиімділігін кемінде 2 есе арттырады, әрі БҰҰ ұлттық шоттарының принциптеріне сәйкес жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көрсеткішін статистикалық практикада пайдалануға мүмкіндік береді.
Батыста және АҚШ-та қызметтің түпкі қаржылық нәтижелерін есептеп шығарудың түрлі тәртіптері қолданылады [13]. Қаржылық нәтижелер есебінің осындай жүйелерінің бірі таза табысқа әсер ететін түрлі факторларды анықтауға, сондай-ақ өзіндік құнды азайтудың және шекті пайданы, яғни маржиналдық табысты ұлғайдың резервтерін анықтауға мүмкіндік беретін «директ-костинг» жүйесі болып табылады.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің негізгі топтарының өзара байланысы шағын талдаулардың жиынтығы ретінде оларға кешенді басқару талдамасын жүргізу схемасын және олардың жүргізілуінің жүйелі болуын айқындап береді. Бұл орайда көрсеткіштерді қалыптастырудың объективті негізі ерекше маңызға ие болады.
Басқару талдамасы өндірістік талдауды ғана емес, сонымен бірге қаржылық талдауды да қамтиды, мұнсыз кәсіпорын басшылығы өзінің қаржылық стратегиясын жүзеге асыра алмайды. Кез келген коммерциялық істің техникалық-экономикалық негіздемелерінде өндірістік және маркетингілік әдістер де, сондай-ақ қаржылық талдау да пайдаланылады, нарыққа бағдар ұстаған өндірісті басқаруда және өнім өткізуде жиі қолданылады.
Жалпы схеманы және жүйелік басқару талдамасында қолданылатын шаруашылық қызметтің аса маңызды көрсеткіштерін қарастыралық (сурет-8). Кәсіпорындар жұмысының барлық экономикалық көрсеткіштері негізінде өндірістік ұйымдық-техникалық деңгейі жатады.
Басқару талдамасының осы бөлімінің экономикалық көрсеткіштері жүйесі өндірістің тек техникалық, ұйымдық және табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер өмірінің әлеуметтік жағдайлары мен кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін сипаттайды.
Өндіріс ресурстарының пайдаланылу дәрежесі осы жағдайлардың бәріне байланысты, ол еңбек өнімділігі, негізгі өндірісітік қорлардың қор қайтарымы, өнімнің материал сіңіргіштігі, кәсіпорынның аванстық қаражатының айналымдылығы және т.б. секілді қорытушы (жинақтаушы) көрсеткіштерден көрінеді