Мердігерлік шартының элементтері туралы қазақша реферат. Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа мердігерлік шарт бойынша келісіоген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық – құқықтық қатынастарының кез-келген тұлғасы бола алады.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қыметтің субъектісі, жееке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммециялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез-келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқатұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіеің 619-бабының 1-тармағыны сәйкес бүкіл жұмыстың мөлшнрін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлғабас мердігер деп аталады. Тартылған тұлға қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартыжасауға тапсырысшының келісімі керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасауға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс-әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынадаәрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен дербес мердігерлік шарты жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бірнеше шарт жасауы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір мінднттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы шарттың жасау себебіболып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚРАК 287-бабының 1-тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкертапсырысшының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады (ҚРАК 287-бабы 2-тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағыннан, қосымша келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге еөмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлемақыны алып, бір жұмысты алуға келіскен соң пайда болған дау орын алады. Алғашқы шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешіктірмей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден сомманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұл ол ақыны болу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірілген мысалды талдай отырып, бұндай талаптарды, олар ақыны болу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады1. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтын туралы қорытынды жассай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы – бұл мердігермен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларға өзінің бейнеленуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға міндеттенеді. Тасырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін, Мердігер бұзушылықтардың нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелінетінін растайтын келтірілгеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әр түрлі болуы мүмкін.