Меншік құқығының субьектілері туралы қазақша реферат
Меншік құқығының субьектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер құрылтайшысы қатысушы түрінде,яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат озіңнің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады (Азаматық Кодекстің 58-бабы, 3 тармағы). Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.
Заң жеке кәсіпкерлікті жеке және бірлескен кәсіпкерлікке бөледі. Жеке кәсіпкерлік бір адамның меншік иелігіндегі мүліктің дербес базасына енгізіледі, сондай — ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, белік етуге құқылы.
Бірлескен кәсіпкерлік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден құралады, демек әрқайсысы өзінің үлесін ортаға салады, сондай — ақ олар сол мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқықтарына ие болады.
Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік (жұбайлардың бірлескен жалпы меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ меншігі, жекешелінген тұрғын үйге деген немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті меншігі негізінде жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мынадай болады:
1) ерлі — зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін жүзеге асырылатын ерлі — зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруашылық қожалығы немесе бірлесіп тұрғын үйді жекешелендіру негіздерінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жай серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңың 9 — 10 баптарына сәйкес, егер азамат өз мүлкін айналымға салатын болса, онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а) кәсіпті тіркеуді талап етуді; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат — кәсіпкердің тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды. Жолдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілген салық салынбайтың жылдық жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне тыйм салынады.
Заңды тұлға құрмай — ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар мемлекеттік тіркеуден өзі барып өтуге тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында есепке тұруы қажет. Азаматтық кодекстің 19 — бабы бойынша олардың мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жасауына рұқсат етілмейді («Жеке кәсіпкерлік туралы» заңың 9 — бабы). Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай — ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясының болуы міндетті. Лицензия «Лицензиялау туралы» заңда белгіленген тәртіппен беріледі.
Жеке кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы, ол бұл ретте өзінің жұмысшылармен еңбек шартын немесе жалға беру шартың жасамайды. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматқа оның еңбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі болады. Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жалданып істейтін серіктестікке салыс сала алады, сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын салған салымының көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған жұмыскерге еңбек заңының нормылары қолданылады.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңың 9 — бабы 3 — тармағына сәйкес азамат өзінің кәсіби мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін субьект құқығын алу талап етілмейді. Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктін болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Сөйтіп, кез келген жеке тұлға заңымен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқылы. Өз қызметің мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырушы жеке кәсіпкердің өз мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға құқығы жоқ («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңың 9 — бабы 4 — тармағы).
Заң жеке кәсіпкердің өз атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатындағын, құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асыратындығын бекітеді. Сөйтіп, азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелер жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайының өзінең анық туындамаса, өзінің жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтыңдығын көрсетуі тиіс. Мұндай көрсетудін болмауы жеке кәсіпкерді тәукел етуден және жеке кәсәпкердің өз міндеттемелері бойынша жауаптылығынан босатпайды («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңың 25 — бабы).