Меншіқ құқығын субьективтік мағынада анықтау туралы қазақша реферат
Меншіқ құқығын субьективтік мағынада анықтайтың болсақ, ол меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті иемдену, пайдалану және билік етуді өз еркімен және өз мүддесі үшін осы мүлікке қатысты заңға және өзге де құқықтық актілерге қайшы келмейтін әрі басқа тұлғалардың құқығымен заң жүзінде қорғалатың мүдделерін бұзбайтың, сондай — ақ оның шаруашылық билігі саласына күллі үшінші тұлғалардың араласуын болдырмау мүмкіндігін заң жүзінде қамтамасыз етуін тиянақтайды. Ұсынылған анықтамаларға мұқият салыстармалы талдау оқулық авторларының қарастырылып отырған құбылысты түсінудін қызықты ерекшелігін атап өтуге болады. Ол жоғарыда атап өтпек экономикалық категория ретіндегі меншік пен заңды категория ретіндегі меншіктін таңғажайып ұқсастығы. Аталған түсініктін екеуі де меншік иесінің негізгі құқығы — иемдену, пайдалану және билік етуден құралады. Екі жағдайға да меншік иесінің өзіне тиесілі мүлкіне билігі тағы басқа секілді белгі бар. Ал анықтармалардың өзара айырмашылығының сипаты шамалы ғана, ол негізінен, авторларынын меншік құқығынын субьективтік мағынада, заңды билік, заңды құқық тағы басқа белгілерін ендірумен байланысты. Ұсынылған анықтамалардың ұзақтығыда көніл аудартады.
Батыстың дамыған елдеріндегі меншік құқығы түсінігіне көз қарасты нақты екі топқа бөлуге болады. Біріншісі — құрылықтың құқық мектебінің өкілдері, оның негізінде Ежелгі Римнің меншік құқығы туралы ілімнің басты қағидалары ашылады;екіншісі-ағылшын-саксон,басқаша айтсақ ағылшын,- американ құқығы мектебінің өкілдері.Әр мектеп өкілдерінің көзқарастарын тікелей талдау барысында,негізі туралы тоқталатын боламыз.
ХХ ғ. В.Кариннің ізбасары А.Оноре»толық»,»либералды»меншік құқығы түсінігін шығарып,оның мазмұнынын меншік иесінің мәлім»триадасынан»емес, тіпті он бір құқығымен алады: 1) Иемдену құқығы яғни затқа түбегейлі физикалық бақылау. Егер затқа физикалық тұрғыда иелік етілмесе, иелік метафизикалық тұрғыда қабылданады, не болмаса басқа тұлғалардың оны қайсыбір ретте пайдалану құқығын жоққа шығаруын ретінде түсінеді; 2) Пайдалану құқығы яғни затты жеке пайдаланц, ол кейінгі екі ережені қамтымайды; 3) Басқару құқығы, яғни затты алдын — ала жеке пайдаланудан және оның басқа тұлғаға пайдалануға рұқсат етуден игілікке жұмсау; 4) Табыс құқығы яғни затты алдын — ала жеке пайдаланудан және оның басқа тұлғаға пайдалануға рұқсат етуден игілікке жұмсау; 5) Затты иеліктен шығару, тұтыну, ысырап ету, өзгерту немесе жою құқығы; 6) Қауіпсіздіқ құқығы, яғни элекпропряцияға қарсылық; 7) Затты беру билігі; 8) Мерзімінің белгілембеу, яғни меншік құқығының мерзімсіздігі; 9) Залалды пайдалануға тиым салу, яғни затты басқалар үшін зиянды түрде пайдалануды болдырмау міндеттілігі; 10) Өндіріп алу түріндегі міндеттілік, яғни парыз төлемі ретінде затты тартып алу мүмкіндігі; 11) Меншік иесінің бұзылған құқығыңың қалыпына келтіруді реттейтін ережелердің болуы меншік құқығыңың осындай түсінігі күллі кемелденген құқықтық жүйелерге ортақ деп санайды.