Менмендік және немқұрайдылық туралы қазақша реферат
Қылмыстың құрылымы материялдық. Адам өліміне әкелген абайсызда болған жағдайда, себеп-салдары көрсетілуі керек. ҚК-нің 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
ҚК-нің 21-бабында абайсыз кінәнің екі түрі- менмендік және немқұрайдылық көзделген.
Осы 21-баптың 2-бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндіктігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендіктің интеллектуалдық кезеңі адамның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардабы болуы мүмкін екендігін алдын ала білумен сипатталады.
Қылмыстық менмендік өзінің интеллектуалдық кезеңі бойынша тікелей, әсіресе жанама ниеттің интеллектуалдық кезеңі бойынша тікелей, әсіресе жанама ниеттің интеллектуалдық кезеңімен біршама ұқсас. Бұл екі жағдайда да айыпты өз әрекетінен немесе әрекетсіздігінен қоғамға қауіпті зардап болатындығын алдын ала біледі. Бірақ ниет болған кездегі көре білудің сипаты менмендік кездегі көре білудің сипатынан өзгеше.
Ниет болған кездегі көре білуде әрқашан нақтылық сипат болады. Болуы мүмкін немесе қалай да болатын қылмыстық нәтиженің сол нақты жағдайда өзі жасаған әрекеттен немесе әрекетсіздіктен болатындығын айыпты алдын ала біледі.
Қылмыстық менмендікте көре білудің сипаты өзгеше. Бұл жағдайда зардап жалпы, абстракциялық формада елестейді.
Айыпты өзі жасайтын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіпті зардап әкелуі мүмкін екндігін білсе де, дәл осы нақты жағдайда зиянды зардап болмас деп ойлайды.
Менмендіктің еріктік кезеңі адамның жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен өз әрекетінің немесе әретсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын болғызбау мүмкіндігіне сенуін білдіреді.
Айыптының өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардабын болдырмауға сенімі оның өз ойынша, зардапты болдырмайтын нақты мән-жайларға сенуге негізделген.
Субъект сенетін мән-жайлар әртүрлі болуы мүмкін. Ол өзіне, өзінің күшіне, есептілігіне, тәжірибесіне, біліміне сенеді. Айыпты, тіптен, басқа адамдарға, табиғи күштерге, механизмдерге және т.б. сенуі мүмкін. Субъектінің ойынша, зиянды зардапты болдырмауға мүмкіндігі бар мән-жайларда нақты ондай қабілет болуға тиіс. Нақты мән-жайларға емес, кездейсоқ мән-жайға сенгенде менменділік болмайды.
Зиянды зардаптардың болуына, айыптының ойынша, тосқауыл бола алатын мән-жайларғаменмендікпен сену жеңілтектік, яғни үстіртін, дәлелсіз, асығыстық болып табылады, себебі субъект бұл мән-жайларды дұрыс бағалай алмайды. Айыптының қандайда бір мәнжайларға сенуі оның жеңілтектігінен дұрыс болып шықпайды, ол өз күшін, басқалардың мүмкіндігін асыра бағалайды, нәтижесінде зардап қалай да болады.
Мысалы, Г. әрекетінде менменділік болған. Ол автомашинаны қатты жылдамдықпен жүргізіп келе жатқан. Қарсы келе жатқан автомашинада жүргізуші И. және жолаушы К. болған. Жолдың екі жағына тас үйілген қылтаң жерден қатты өте шықпақшы болған Г. қарсы келе жатқан көлікпен қақтығысып, нәтижесінде жолаушы К. қаза тапқан.
Менмендік пен жанама ниет бірі бірінен, негізінен, еріктік кезең бойынша бөлінеді.
Жанама ниетте айыпты зиянды зардаптың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді, немқұрайлы қарайды.
Менмендікте зиянды зардаптардың болуын тілеу де, оған саналы түрде жол беру де, немқұрайдылықпен қарау да болмайды.
Менмендіктегі еріктік кезең адамның зиянды зардапты болдырмауға сенгендігінен көрініс табады.
Зиянды зардапты болдырмауды жеңілтектікпен, нақты мән-жайларға сенуді нақты мән-жайларға негізделген «бәлкім» жағдайға сенумен шатастырмау керек.
«Бәлкім» жағдайға сену зиянды зардапқа саналы түрде жол беруге жатады, ол жанама ниеттің еріктік кезеңін құрайды.
ҚК-нің 21-бабаының 3-тармағына сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық немқұрайдылықтың интеллектуалдық кезеңі адамның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардабының болуы мүмкіндігін болжай алмағандығымен сипатталады.
Кінәнің басқа формаларынан – ниеттен және менмендіктен немқұрайдылықтың айырмашылығы сонда, адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғам үшін қауіпті екендігін ұғына алмайды, зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін білмейді.
Немқұрайдылықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екндігін ұғынбайды, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін болжай алмайды, себебі ол сақтық сақтамайды, жеке азаматтардың мүдделерін, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді сақтауға онша назар аудармайды. Егер айыпты сақтық ережесін сақтауға, өз міндетіне ұқыптырақ және адалдықпен қараса өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды екендігін ұғұнып, зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін болжай білер еді, оған тосқауыл жасар еді.
Кейбір немқұрайдылық жағдайда адам жасалатын іс-әрекетінің нақты жағын ұғынбайды, сондықтан қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Басқа бір немқұрайды жағдайда айыпты өз іс-әрекетінің нақты жағын ұғына алады, бірақ оның қоғамның қауіпті сипатын ұғынбайды және зиянды зардаптың болу мүмкіндігін көре алмайды.
Немқұрайдылықтың еріктік кезеңі екі белгімен сипатталады. Біріншісі адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардабын болжап білуге тиіс, екіншісі болжап біле алады.
Заң сөзімен берілген «білуге тиіс» міндеті немқұрайдылықтың субъективтік критерийін береді. Ал, «біле алады» деп берілген мүмкіндік немқұрайдылықтың субъективтік критерийін құрайды.
Заң ҚК-нің 21-бабының 3-бөлігі немқұрайдылықты объективтік және субъективтік критерийлерді жинақтап қарастырады.