Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi

Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi туралы қазақша реферат

Механизм—дегенiмiз бiр неше білiмдердiң жиынтығы бұл білiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.

Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизiмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмiбұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар мемлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi—белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизiмi бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.

Мемлекеттiң механизiмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар—құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизiмiне тән заңдылық—оның органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.

Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы  реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.

Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның міндеті. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін  атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.

Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері

Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.

Мемлекет механизiмiнiңөзiне тән белгiлерi:

  • реттелген мемлекеттiк органдар;
  • оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
  • оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
  • ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.

Екiншi заңдылығы—бiрiнiғ қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың

Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар санағынан өткен принциптерге негiзделiп құрылады.

Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан түрады: 1. өкiлдiк органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi: 1)Жоғарғы өкiлдiк орган—Парламент. 2)Жергiлiктi өкiлдiк органдар—облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы—Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган—үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар—әкiмшiлiктер. 4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. әскер. оған мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды үстап түратын орындар.

Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:

а) Монархия

ә) Республика

Монархия–деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады.

Монархияныңүш түрi бар:

1) Шексiз абсолюттiк монархия

2) Шектеушi конституциялық монархия

3) Дуалистiк монархия

Республика–деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

Республиканың түрлерi:

1) Президенттiк

2) Парламенттiк

3) Аралас

4) Аристакратиялық Республика

5) Демократиялық Республика

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент—ол барлық органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.

Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент—жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.

Заң атқару органдары.

Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы—себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.

Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.

Сот органдары.

Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.

Бақылауқадағалау органдары.

Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.

Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.

Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.

Конституциялық кеңес атқаратын орган.

Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.

Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады.  Конституциялық кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.

Әскери күштер.

Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,

Мемлекеттi қорғау органы.

Құқықты қорғау органдары.

Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:

ü құқықтары мен бостандықтарын қорғау

ü қоғамдық тәртiптi нығайту

ü қылмыспен күресу

ü бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.