Мемлекеттің әлеуметтік мәні және оның функциялары туралы қазақша реферат
Мемлекетті әлеуметтік мәні оның функциялары арқылы нақтыланып көрініс табды. Мемлекеттің функциялары — қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары болып табылады. Оның белгілері мынадай:
1)қоғамдық өмірдің басты сферасында тұрақты қалыптасқан мемлекеттің қызметі;
-мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей байланыстығы;
-қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы;
-билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.
Мемлекеттің функциялары стихиялы түрде емес, белгілі бір мақсатқа бағытталып негізделеді. Айталық, өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекет алдында тұрған міндеттерді (таптық немесе жалпыәлеуметтік) орындау үшін қоғамдық қатынастарға ықпал ете алатын мүмкіншілігіне ие болуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік функция-таптық немесе жалпы-әлеуметтік бағыттағы болып келеді. Бірақ, әр түрлі тарихи кезеңдерде мемлекеттің функцияларының ара – қатынасы әр қилы болуы да мүмкін. Мемлекет алғашқы кезінен бастап, қоғам онсыз дами алмайтын бірқатар қызметтерді, мысалы, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (жол, стихиялық апатқа қарсы қорғаныстар салу), почта ісін, суда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір басқа да қызметтерді орындап келеді. Мемлекеттің басты қам – қарекеті әрдайым өзі орнатқан тәртіпті қалай да болса қорғау болып келеді.
Қанаушы мемлекеттердің функциясы өркениетті мемлекеттерге қарағанда өзгешелеу болып келеді. Оны мынадан көруге болады:
— қарамағындағы бағынышты халықты қанауын ұйымдастыру (құлдар, еркі жоқ шаруалар, жұмысшылар);
-өзіне бағынышты халықты жалындырып ұстау, қолданыстағы режимге олардың ашық қарсылықтарын басып тастап, одан әрі өрбуіне жол бермеу;
-салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді жинау;
-қанаушы, үстемдік етуші таптардың саяси және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету;
-шаруашылық – шаруашылық функциялар (ішкі функциялар).
Оның сыртқы функциясы мынадай көріністе болады: жаулап алу соғысын ашу; өзіне бағынышты мемлекеттер мен аумақтардағы халықты және табиғи байлықтарды тонап қанау; мемлекеттік шекараны қорғау, кедендік қызметті ұйымдастыру және басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қарулы агрессиясына қарсы тойтарыс беру; өзге елдермен дипломатиялық және сауда – экономикалық қатыстарда болу; басқа мемлекеттермен мәдени және ақпарат құралдармен алмасу, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттер жалпы әлеуметтік функцияларды жүзеге асырады, олар әр түрлі негізде түрлерге бөлінеді. Іс — әрекеттерінің уақытына байланысты функциялар тұрақты (мемлекеттің дамуының барлық кезеңдерінде) және уақытша оның пайда болуы белгілі бір жағдайларға байланысты, ол жойылған соң бұл функция қажет болмайды (мысалы, табиғи аппаттардың зардаптарын жою, Чернобель АЭС-індегі уақиға куә). Қызмет сферасына қарай – ішкі және сыртқы функцияларға бөлінеді. Мәні жағына келетін болсақ функция негізгі және негізгі емес (қосалқы) болып келеді. Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, бақарушы, және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындғы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жітелінді.
Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қоданылатын функциялары: ішкі және сыртқы функциялар.
Ішкі функция – қоғам өмірінің ішкі жағдайын басқарудағы мемлекеттің негізгі бағыттары. Ішкі функцияны жіктеу мемлекет қызметінің көлеміне байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің басқару нысанына, не болмаса мемлекеттік құрылымына қарай көптеген негізгі экономикалық, әлеуметтік, күзет және бақылау қызметтерін тәуелсіз шешеді. Соымен бірге қазірге кезде, барлық мемлекеттердің алдында тұрған маңызды мәселеге қоршаған ортаны қорғау жатады. Жоғарыдағы көрсетілген жұмыс көлеміне байланысты Қазақстан Республикасының ішкі фнукцияларына экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, құқықтық тәртіпті қорғау және экология (табиғат қорғау) жатады.
1) саяси сферада – демократиялық қоғамды құрудағы, халықтық биліктің әр түрлі нысандарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің стратегиялық бағыттарын іске асыру маңызды болып табылады. Әсіресе, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; ұлтаралық келіспеушілікті жою, т.б. бағыттары;
2) экономикалық сферада – елдің экономикалық дамуының жоспарын жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, базарлық-тауарлық қатынастар кезіндегі өмір сүрген Құқықтық мемлекеттің экономиканы мемлекеттік реттеуі, негізінен әкімшілік тәсілімен, экономикалық жолмен іске асырылады. Ондай мемлекеттер бостандықта және жекеменшік еркіндігі бар сипатта болады, өндірушілердің және әлеуметтік жағдайларды тұтынушылардың шын теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеудің негізгі экономикалық екі түрі болады:
1)Мемлекетке оның әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін, қоғамның өндіргіш күштерін қалыпты дамытуға, ұлттық байлықты бөлуге, қаталырақ алым – салым саясаты керек.
2) Мемлекеттің түгелімен қоғамның пайдасына үлкен үлес қосатын экономиканың тиісті саласының дамуына қажетті жағдайлар жасауы.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің экономикалық қызметтері мынадай бағыттарды қамтиды:
-Қоғамның экономикалық өміріне мемлекеттің ықпалын мынадан көруге болады: мемлекет бюджетті жасайды және экономикалық дамудың ел көлеміндегі бағдарламаларына сәйкес оның жұмсалуына бақылау жүргізеді; өндірістің және ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын қаржыландырады, өндірісті ынталандыруға жәрдем ақша бөледі. Экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуде жоғарғы және жергілікті мемлекеттік органдар, арнайы мекемелер қатынасады.
Әлеуметтік сферада – Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды бөлу өндірушілердің арасындағы эквиваленттік айырбастан басқа тұтынушылармен іске асырылады. Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні біріншіден, әлеуметтік табысты бөлуді әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай жүргізу қажет. Себебі, әртүрлі объективтік себептерге байланысты өз жөнінде толық жұмыс істей алмайтын адамдардың ( ауырулар, инвалидтер, кәртайған адамдар, студенттер, балалар) өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету қажеттігі.
Халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамсыз ету, денсаулық сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға, байланыс құрлдарына қажетті қаржатты бөлу т.б.
Экологиялық сферада — кәзіргі мемлекеттерде көптеген табиғат қорғау туралы заңдар шығарылған, олар адамдардың және мекемелердің жұмыстарын табиғат қорғау жағынан реттейді (Қабылданған заңдарға жануарлар дүниесін, ауаны, табиғи байлықтарды, суды, жерді, орманды) қорғау жатады. Көптеген елдерде өмір сүрген ортаны қорғау туралы ұлттық жоспарлар жұмыс істейді. Онда табиғатты бұзушыларды жазалайтын шаралар белгіленген, жерді, ауаны ластайтын өндіріс қалдықтарын жою жолдары белгіленген.
Азаматтардың экологиялық жағдайын, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жұмыстарын жүргізу. Сөз соңында айта кету керек, бұл функция ішкі және сыртқы көріністерде қатар жүреді. Басқаша айтқанда бұның екеуіне де қатысы бар. Осындай тәріздес функцияларға ғылыми – техникалық прогресті қамтамасыз ету бағыттары да жатады, айталық ғарышты бірлесіп зерттеу және жұртшылыққа ақпарат көздерімен таныстыру қызметін көрсету.
Сыртқы функциялар мыналар болып табылады:
1)дүниежүзілік қоғамдастыққа кіру мақсатына басқа мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми — техникалық, мәдени, әскери ынтымақтастықта болу;
2)сыртқы шабуылдан өзін қорғау, мемлекеттің шекарасын сақтап қалу;
3)жер шарында бейбітшілікті қамтамасыз ету, соғысты болдыртпау, қарусыздандыру, ядролық қаруды жою.
Қазіргі кездегі Қазақстан мемлекетінің функцияларын дамыту тенденцияларының мынадай жолдары іске асуы мүмкін:
-функциялардың мазмұны мен шеңберін кеңейту, бұлардың көбісінің мемлекеттік ішкі мәніне ұласуы;
-бұрынғы кеңестік мемлекеттілік сатысына қарағанда барлық функциялардың мазмұнының іс жүзінде түпкілікті өзгеруі;
-мемлекеттің функцияларында жалпыәлеуметтік, жалпыдемократиялық, гуманистік (адамгершілік) мәні бар бағыттардың көбеюі;
-мемлекет өзінің «қоғам мен тұлға құлы» делінетін жаңа рөлін меңгеруі;
-мемлекет функцияларының мақсатты бағыттарының өзара байланыс-тылығы, үйлесімділігі және біріңғайлылығы;
-жалпы дүниежүзілік жүйенің елдің ішіндегі және дүниежүзілік аренадағы мемлекеттік қызметке тигізетін ықпалы;
-қоғам ісін басқаруда мемлекеттің функционалдық рөлінің артуы.
Ішкі және сыртқы функциялар бір – бірімен өзара тығыз байланысты, өйткені сыртқы саясат белгілі бір мемлекеттің өмір сүруінің ішкі жағдайларына тікелей байланысты.
Кез келген мемлекет өзінің функцияларын іс жүзіне асырған кезде, міндетті түрде оған қажетті мемлекет аппаратын құрады. Ол мемлекеттік аппарат материалдық күшін көрсетеді. Ол мемлекеттік биліктің материалдық күшін көрсетеді. Демек, мемлекеттік аппарат дегеніміз мемлекеттік орган деп аталатын өзара байланысты және бірлесіп қызмет атқаратын бөлімшелердің жиынтығы. Әрине, ол – билік өкілеттілігіне, материалдық — техникалық құрлдарына ие, яғни өзінің құзыретін іске асырудағы кездесетін мәселелерді шешуге жарамды ұйым.
Мемлекеттің функцияларын іске асыру нысандары екеу: құқықтық және ұйымдаструшылық. Құқықтық нысандарға кіретіндер құқық шығармашылық (заң нормаларын дайындау мен қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет); құқық орындаушылық (құқық нормаларын орындауға байланысты қолданылатын шаралар туралы мемлекеттік қызмет); құқық қорғаушылық (нормаларды орындау мен сақтауға байланысты бақылау мен қадағалау, сонымен бірге бұзақыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі мемлекеттік қызмет).
Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдатыру – реттеушілік (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар); ұйымдастыру – шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік функцияларды орындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты оперативті-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); ұйымдастыру – идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындалуын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік – түсіндіру, тәрбиелік жұмыстар).