Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы — Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиіс.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы — қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері, құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мемлекеттердің алдыңда тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзіреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат — алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конститтуцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық бегіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы: прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен байланысты.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаметтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар [1, 25].