МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің құрылымы, механизмі, қызмет қағидалары 5
1.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары 5
1.2 Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар 9
2. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен азаматтық қоғам 15
2.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы 15
2. 2 Мемлекет пен құқық байланысы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
КІРІСПЕ
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Мемлекет болып қалыптасқан, танылған ел біріншіден өзінің алға қойған даму стратегиясының негізінде жұмыс істеу керек. Мақсаты мен арманы жоқ адам соңында өмірден адасып кетеді. Сол сияқты мемлекетте өмір сүр сүру үшін өзінің тәуелсіздігі, әнұраны, конституциясы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері мен салт-дәстүрі болу керек. Соған орай мемлекеттің басқару құрылымы болу керек. Яғни мемлекет өзінің қандай бағдармен жүруін айқын анықтап, қандай мемлекет болуын таңдап өз мақсаттарына жетуге тиіс. Мемлекеттік құрылымдар туралы сөз қозғасақ оның монархия немесе республикалық мемлекетпе екені анықталады. Соған байланысты мемлекеттің ішкі құрылымын айқын білеміз. Ішкі саясаты мықты мемлекет сыртқы саясатта елеулі жұмыстарды атқарып, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, өзін зайырлы, демократиялық ,тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетті. Міне, жуықта мемлекетіміздің қалануына 20 жыл болады. Осы жиырма жылдың ішінде мемлекет қиыншылықтарды басын өткізді. Тәуелсіздігіміздің орнауына, дүние жүзінде елеулі, мықты мемлекеттердің қатарына енуіміз сол таңда басқа мемлекеттерді айтпағанда өзіміз сенуіміз қиял болып көрінген еді. Мемлекеттің өркендеуі ол оның халқына байланысты. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін қызмет ету керек. Халық пен мемлекеттік басқарушылардың арасында, яғни шенеуніктер, органдар арасында тығыз байланыс орнау керек. Халық жоғарыда отырған басқарушыларға сенім артқан жағдайда ғана мемлекет оңды болады. Соған орай біздің конституциямызда жазылғандай мемлекеттің бірден бір байлығы ол халық, оның бостандығы мен құқығы болып табылады. Курстық жұмысым мемлекет құрылымы, яғни мемлекеттік басқарушылар мен халықтың арасындағы байланыс туралы. Курстық жұмысымның тақырыбын ашу мақсатында 1 бөлімде ҚР басқару құрылымы туралы жазып кетемін. Соған байланысты құрылымның халықпен байланысын өз мемлекетіміздің деңгейінде зерттеп көрсетемін. 2 бөлімде мемлекеттің саяси жағдайын, көзқарасын анық көрсету, ҚР 20 жыл ішінде қандай нәтижелерге жетуі мен көп ұлттардың бір бірімен бейбітшілік өмір сүруінің мағынасын ашуға тырысамын.Сонымен курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады. Онда мемлекет механизмі, құрылымы, саяси көзқарастары, тақырыптың мағынасын толық ашуға бағытталған мәселелер қолданылады.
Курстық жұмыс / 24 бет