Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж курстық жұмыс

Мазмұны:

Кіріспе…….3

I бөлім.Салық жүйесінің  мәні мен мазмұны….4-7

1.1.Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері…..4-7

1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылупринциптері……8-12

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері…..13-16

II бөлім.Мемлекеттік баждыңмәселелері….17-20

2.1.Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж…17-20

2.2.Мемлекеттік баждың бюджет кірістерінде үлесінкөрсету……21-24

III бөлім.Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж…. 25-26

3.1.Мемлекеттік баж обьектілері……25-26

3.2.Мемлекеттік баж төлеуден босату…..27-31

3.3.Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі……32-34

Қорытынды……35

Пайдаланған әдебиеттер……..36

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемле- кеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып  біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:

—       салықтың маңызы мен мәнін ашу;

—       Қазақстан Республиксында салық жүйесін зерттеу;

—       мемлекеттік баждың құрылу негізін қарастыру;

—       мемлекеттік баждың бюджеттік кірістердегі орнын бағалау;

—       мемлекеттік баждың мәселелерін қарастыру.

Бірінші бөлімде, біз жалпы салық жүйесі түсінігін, салық салу ерекшеліктері, салық түрлерімен туралы ақпарат аламыз. Мемлекеттік бажды Қазақстан Республикасының салық жүйесінде  ерекшелеп алғандықтан Қазақстан Республикасының салық жүйесіне зерттеу жүргіземіз.

Екінші бөлімде, мемлекеттік баждың қолдану саласын, обьектілерін, обьектілеріне байланысты төлеушілерін анықтаймыз. Оның әр салаға өзіндік ставкаларын қарастырамыз. Осы бөлімде мемлекеттік баждың толық мән мағынасы ашылады. Толық мемлекеттке қажеттілігін, бюджеттік кірістер арасындағы үлесін анықтау осы бөлім негізінде түп-тамырын жайғанын байқаймыз.

Ал үшінші бөлім мен екінші бөлімнің арасында тығыз байланысы болғандықтан, мұнда біз ең алдымен мемлекеттік баждың мәселелерін, толық Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ролін анықтаймыз. Көрсеткіштерді салыстыра отырып өсу қарқынының коэффициентін есептеп аламыз.

курстық жұмыс / 36 бет