Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні туралы қазақша реферат
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу бұл-мемлекеттік органдарды ұйымдастыруда және олардың қызмет ету ережелерін бекітудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Оның пәні ерекше, себебі басқару процесіндегі мемлекеттік биліктің құралы, әдісі және процедурасы юридикалық анықтамасымен байланысты. Мемлекеттік органдардың басқару іс-әрекеттері мен ұйымдық құрылымын, қызметін, мақсатын реттеумен айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің пәні болып саналатын мемлекет пен қоғамдық шындықтың кейбір аспектілерін көрсетуге болады:
- Мемлекет(оның органдары) пен қоғам азаматтары арасындағы қатынас. Одан мемлекеттік-басқарушылық әсер ету (мемлекеттік аппарат арқылы қоғамды басқару) туындайды. Мұнда мемлекеттік басқарудағықұқықтық механизмін объективизациялау мен объективация басты рөлді атқарады.
- Мемлекет ішіндегі қатынас, оның органдарының арасындағы мемлекеттік биліктің болуы мен олардың жүргізуі. Мұның негізгі мәселесі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі (статусы) мен басқару сферасы.
- Адамдар арасындағы ерікті қатынастар. Бұлөз мәселелерін шешу кезіндегі мемлекеттік органдарға сүйенген және мемлекеттік басқару процесінде іс-әрекет етушілер (мемлекеттік органдарыкадрлары, мамандандырылған мемлекеттік қызметшілер).
Мемлекеттік басқару тек ғана оған деген басқарылатын объектілерден қажеттілік болғанда туындайды. Сондықтан мемлекеттік басқаруда барлығы заңмен белгіленуі қажет, оның ішінде соған қатысты органдар мен олардың шеңберлерінің шегі.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеудің “ортасында” мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі орын алады. Мемлекеттік орган мәртебесі юридикалық тұрғыда 3 элемент тобынан тұрады:
- Біріншіден, елдің мемлекеттік органдардың толық жүйесіне кіретін мемлекеттік органның орны мен табиғатын қамтиды. Органдардың заң шығарушылық, атқарушылық, сот биліктеріне (көлденеңнен) немесе федералды қатарына (тігінен) және басқа да жүйе басты атқарушылық билікке жатуы оларды құқықтық мәртебесін тұжырымдауға негіздейді. Сондықтан да мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі сол органдардың жүйесіндегі алатын орнын, табиғатын көрсетеді.
- Екіншіден, құқықтық мәртебенің негізгі бөлігі-мемлекеттік органның құзырлығы. Ол бөлек басқарылатын объектілерге қатысты жалпы басқарушылық функциялары мен мемлекеттік органдарының құзіретінің юридикалық көрінісі. Мұнда, нақты мемлекеттік органдарының басқарушылық функцияларының жиынтығы; соған сәйкес құзіреті; құзіреттің құрамы; басқарушылық функцияларының формалары мен әдістерін қамтитын құзірет құрамы; басқарылатын объектілер немесе қызмет атқарудағы бөлек мәселелер (аспектілер) тізімі.
- Үшіншіден, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын, юридикалық бекітілуін және де оның формасының, әдісінің және пролцедурасының қызмет етуін қарастырады.
Түгелдей мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрамдас бөлігіне: мақсаттары, қызметі, процедуралары, операциялары және көптеген мемлекеттік басқарудың элементтері құрайды. Бұл негізінен басқару институтттарын реттеу.
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне сәйкес, оның өзіндік әдістері бар. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз-мемлекеттік аппарат құрамындағы әлеуметтік басқарушылық жүйеге, әлеуметтік-құқықтық сферасы мен оның құрамдас бөліктерінің элементтеріне түгелдей юридикалық амалдар, құралдар, шаралар арқылы әсер ету.(1) Құқықтық реттеу екі жайтпен сипатталады:
— Құқықтық реттеу субъектісі (бастауы), бұл сәйкесінше қажетті құқықтық нормаларды шығарушы құзіретті орган;
— Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны .
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің субъектісі басқару облысындағы құқықтық нормаларды шығаруға белгілі бір мемлекеттік органның мүмкіншілігіне, сипатына және әрекет ету шеңберін белгілейді. Осыған байланысты:
- Орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі). Мұнда жоғарыдан төменге қарай реттеу құзырлық шеңберінде және юрисдикциялық объектісіндегі мемлекет билік органдарының түгелдей не оның субьектілеріне әкімшілік-императивті түрде іске асырылады.
- Орталықтандырылмаған, диспозивті реттеу (координациялық әдісі). Мұнда құқықтық реттеу келісім, шарт, ортақ акт қабылдау бірнеше мемлекеттік биліктің органдарымен төменнен инициативаны қолдау арқылы жүзеге асырылады. (2)
(1) Сорокин В.Д. Методы правового регулирования: Теоритические проблемы М., 1976 с.84
(2) Алексеев С.С. Общая теория права М., 1981 с.295
Құқықтық нормалардың мағынасы мен мазмұны басқарушылық процестің жүруін анықтайды. Ол басқарушылық қарым-қатынастағы қатысушыларға құқықтық норма арқылы әсер ету мәнінен тұратын құқықтық реттеу амалына тәуелді. Жалпы құқықтың әдістерін былайша ажыратады:
— Позитивті міндеттеу – белгілі бір жағымды іс-әрекет жасауға тұлғаларды тікелей міндеттермен жүктеу.
— Тиым салу – белгілі бір іс-әрекеттерді жасамауға тұлғаларды жуктеу.
— Рұқсаттылық – тұлғаларға өзінің активті іс-әрекетіне құқық беру.
Барлық айтылып кеткен амалдар мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуде қолданылады және оны мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесінде табуға болады.
Сонымен, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні болып мемлекеттік-құқықтық институтттар (элементтер) мемлекеттік-басқарушылық әсерді туғызып және жүзеге асырылуын қамтамасыз етілумен байланысты санасы, жүріс-тұрысы, және адамның іс-әрекеті болып саналады.
Құқықтық реттеудің әр түрлілігі мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесіне және олардың қызмет ету роцесінің анықталуына, бағыт ұстанушылықты, рет-реттілікті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар мен лауазымдықтың құқықтық жағдайын және де оның іс-тәжірибесін жузеге асыруын анықтау мақсатында қолданылатын құқық тәртібінің ұйымдастыру құрылымына, ұтымды қызмет етуіне және жүйелік әрекеттестігіне мән беру үлкен рөл атқарады.
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің тәртібі, өзінің сипаты және мазмұны бойынша үйлесуі керек. Сөйтіп, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің жүйелік жиынтығын құру қажет.
Сондықтан, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тәртібінің бірнеше талаптары бар:
- Уақыттылық
- Тұрақтылық
- Толықтылық
- Ішкі үйлесімділік
Бұл талаптарды орындау мемлекеттік-басқарушылық құбылыстардың, процестер мен қатынастардың ретке келтіруіне себебін тигізеді.
Уақыттылық- құқықтық нормалардың дер кезінде қабылдануы және оның мағынасының өзектілігі.
Тұрақтылық- құқықтық нормалардың дұрыс таңдалып, мемлекеттік орган мен лауазымдықтың мәртебесінің жағдайын түсінуге, тануға, іс жүзінде қолдану мен бағалауға адам мен қоғамға мүмкіншілік береді.
Құқықтық норманың көбісі толықтығы мен ішкі үйлесуіне тәуелді. Мұнда ең дұрысы үлкен комплексті құқық актілерін құру жолын ұстанған жөн. Сонда басқаруға тән белгілер толықтай құқықпен безендірілуге мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік басқару элементтеріне оның мәні мен алатын орнына байланысты мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымы сәйкес келуі керек. Осыған орай мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымына мыналар кіруі қажет:
- Заң шығарушылық реттеу. Мұнда мемлекеттік басқару элементтерінің қарпайым түрлері анықталады.
- Жергілікті органдар арқылы мемлекеттік басқарудың бірнеше элементтерінің нормативті анықтамасы.
- Атқарушы биліктің жалпы және арнайы органдары жүргізетін басқару процесін ішкі-жүйелік нормалармен реттеу.
- Аумақ шеңберіндегі өзін-өзі басқаруды реттеу.
- Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қадағалайтын және құқық қорғау органдарымен басқару процесін құқық қорғау арқылы реттеу.