Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);
ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымдағы әдістер);
Басқарудың стилдері:
— кәсіпорын, бірлестік, зкономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;
— министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;
— түрлі деңгейдегі басшылардың аз қызметінде қолданатын әдістеріне;
— белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемаеына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жаллылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзіне басқару стилдерінің:
— өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);
— мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);
— қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді);
— қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экокомикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, соның ішінде:
— экономикалық;
— ұйымдық-әкімшілік;
— әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.
Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.
Басқару стилдеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару стилдері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына әдетте мүмкіндік береді. Сонымен басқару әдісі дегеніміз — объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.
Басқару стилі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.
Басқару стилінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.
Басқару стилі өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.
Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналылығына негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа:
а) материалдық себеп әдістеріне;
ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;
б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады. Осы топтардың әрқайсысы:
— онды себепті (ынталандыру);
— теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды.
Бұл стилдер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен, материалдық қажеттерді санағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып жеке-жеке қарауға болады.
Материалдық себептер мынадай үш түрде:
— қоғамдық;
— ұжымдық;
— жеке түрде көрінеді.
Материалдық себептерге:
— материалдық жағынан ынталандыруды қолдану жатады.