Мемлекеттік аппарат қағидалары туралы қазақша реферат
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Құбылыстың, заттың жұмыс жасауының, ең басты идеясы, талабы, бастауы.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi дегенiмiз—бүл механизм жұмыс iстеуiнiң ең басты идеалары, талаптары.
Мемлекеттiң механизiмiнiң принципi екiге бөлiнедi:
1. Жалпылық
2. Арнайы
1) Заңдылық—бар адамдар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар заңды бұлжытпай орындауы керек ал егер орындамаған жағдайда жауапқа тартылуы керек.
2) Халықтың билiгiн қамтамасыз ету принципi.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша мемлекет билiгiнiң қайнар көзi халық. Сондықтан ең маңызды мәселелер шешiлгенде халық тiкелей қатысты болады. Ол: Референдум немесе бүкiл халықтық дауыс беруi арқылы.
3) Гуманизм принцiпi—мемлекеттiк орган заңға сүйенуi керек және онеге имандылық талаптарына сәйкес болуы керек.
4) Заң алдында барлығы тең принцiпi.
5) Мемлекет қызметкерлерiнiң құзiретi жоғарғы кәсiби принципте болуы.
Арнайы принциптер.
Кейбiр мемлекет органдарына қойылатын талаптар мен бастаулар.
1) Кiнәсiздiк принципi: адамның кiнәсi жоқ деп есептелiнедi, егер адамды кiнәлiдеп тапса онда адамның кiнәсi сотпен дәлелденуi керек, және үкiмiмен анықталуы керек. Сотта туысқандар куә бола алмайды. Егер сот кiнә туралы күмән тапса онда адам кiнәсiз деп есептелiнедi.
Мемлекеттік аппараттың ерекше мінездемесі және ішкі құрлысы бар. Оның ішкі құрлысы және органдардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері бар.
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.