Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістерін талдау мәселелері курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1  МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Мемлекет және құқық теориясы – іргелі ғылым
1.2 Мемлекет және құқық теориясының функциялары
1.3 Мемлекет және құқық теориясының әдістері, оларды жүйелеу негіздері

2 ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНДЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
2.1 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы пәнінің  рөлі мен орны
2.2 Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымдары жүйесінде

ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді [1]. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты  маңызды жалпы  теоретикалық және әдістемелік  функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының  бірі. Ол өзі  ғана емес, сонымен қатар  басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен  категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында  өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми  игеруде  бағыт қызметін атқарады.

Мемлекет және құқық теориясы  жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы  жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және  мемлекеттанудың бастапқы  түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды  теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.

Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы  студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және  дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және  басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы  теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік  тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне  шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа  құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді  қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.

Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін  ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір  мақсатқа қол жеткізуге болады.

курстық жұмыс / 51 бет