Мемлекет және азаматтық қоғам туралы қазақша реферат
Жоспар
1.Мемлекеттің пайда болу теориялары
2.Мемлекеттің түрлері және негізгі функциялары
3.Азаматтық қоғам: теориялары мен принциптері
4.Құқықтық мемлекет құру проблемалары
Кең мағынада: Мемлекет дегеніміз – белгілі бір аумақта орналасқан және жоғары билік органдары басқаратын ел, қоғам.
Тар мағынада: Мемлекет — тарихи қалыптасқан ұйым немесе сол аумақта жоғары билікті иемденген саяси институт
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Патриархалды теория (Р.Фалмер, Н.Михайловский және басқалары) мемлекетті кіші отбасылардың ерікті түрде бір отандық биліктің қоластына бірігуі ретінде қарастырады.
Теологиялық концепция (Ф.Аквинский, Маритен, А.Августин, Мерсье және басқалары) мемлекетті құдайдың әмірімен пайда болған құрылым деп көрсетеді.
Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Б.Спиноза, Дж.Локк, Ж-Ж. Руссо және басқалары) мемлекетті қоғамдық өмір тәртібін және оның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында билеушілер мен бағынушылар, жалпы адамдар арасындағы өзара ерікті келісім негізінде пайда болады деп тұжырымдайды.
Күштеу теориясы (Шан Ян, Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский, Ф.Оппенгеймер және басқалары) бойынша мемлекет ішкі және сыртқы күштердің, жаулаушылықтың нәтижесі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық теориясы (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және басқалары) мемлекеттің пайда болу себептерін әлеуметтік экономикалық факторлармен (еңбектің бөлінісі, экономикалық мүдделер, әлеуметтік қоғам қайшылықтары және т.б.) түсіндіреді.
Психологиялық теория (Л.Петражицкий, Г.Тард, З.Фрейд және басқалары) мемлекеттің шығуын адамның психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
Органикалық теория (Г.Спенсер, Прейс және басқалары) бойынша мемлекет биологиялық организм іспеттес эволюция процесін бастан кешіреді.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Территорияның бірегейлігі
Ұлттық өзін-өзі анықтауы
Публикалық билік
Құқықтың болуы
Салықтар
Суверенитет
Мемлекеттің функциялары
Саяси функция
Экономикалық функция
Ұйымдастырушылық функция
Құқықтық функция
Әлеуметтік функция
Мәдени-тәрбиелік функция
Басқа елдермен өзара пайдалы қарым-қатынастар орнату
Мемлекет шекарасын қорғау
Дуалистік монархияда монарх негізінен атқарушы билікті және аз көлемде заң шығарушы билікті иеленеді. Мысалы, Иордания, Кувейт, Марокко.
Парламенттік монархияда монарх мемлекет басшысы есептеліп, өкілеттік функцияларын және біршама атқарушы билігіне ие. Монархтың парламент шешімдеріне “вето” құқығы бар. Қазіргі кездегі барлық дерлік монархияларда осы билік түрі орнаған.
Протекторат – күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетті формалды қамқорлығына алуы. Мысалы, Израильдің Палестинада, АҚШ-тың Иракта протекторатын орнатуы.
Мемлекет дегеніміз – оның барлық азаматтары үшін міндеттілік сипаты бар, мемлекеттік биліктің көмегімен белгілі бір аумақта қайсыбір халықты ұйымдастыруға және оның өмірін басқару үшін құрылған негізгі саяси институт
Азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамда төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:
— ұлттық-этникалык, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
— жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз кұпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
— адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
— азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамныц құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:
Құқықтық заңның жоғарылығы;
Жеке тұлғаның ар-намысы, құқықтары мен қызығушылықтары, бостандығын мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;
Жеке тұлғаның және мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот болып үшке бөлінуі;
Заңның орындалуын тиімді бақылау формалары;
Құқықтық мемлекетке тән белгілер
Диктатураның болмауы;
Азаматтардың мемлекеттік істерге қатысуы, әрбір азаматқа жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау;
Соттың тәуелсіздігі және оның даулы мәселелерді шешудегі ерекше рөлі;
Азаматтардың өз құқықтарын ерікті түрде мемлекет пайдасына шектеу
Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық азаматтардың өмір сүруіне лайықты жағдай жасауға, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз қанағаттандыруға, қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік қорғалуын, қоғамдық іс-әрекеттерге халықты қатыстыруға тырысатын мемлекет.