Мемлекет нысандары туралы қазақша реферат
Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы құқық пен мемлекеттің шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі.
Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.
Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
— мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
— жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.
Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құкықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процесіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын рөлін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, соттық құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.
Біздің еліміз Қазақстан Республикасын өз алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құруды негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамай тең құқықтық негізде біріктіру. Мемлекеттің саяси мекеме ретіндегі табиғаты әсіресе азаматтық қоғамда анық байқалады. «Азаматтық қоғам» түсінігі мемлекеттік-құқықтық ой классиктері қалдырған негізгі теориялық мұра болып табылады. Отандық заң ғылымында бұл ұғым ұзақ уақыт бойы ұмытылып, «өндірістік қатынастар» ұғымына сәйкестендірілді. Негізінде «азаматтық қоғам» – бұл қатынастарға қарағанда өте кең мағынадағы категория болып табылады. Оның құрылымына саяси мемлекеттен тыс қоғамдық қатынастар: экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, діни, мәдени, отбасылық және басқалар кіреді
Мемлекет дегеніміз — қоғамды басқару құралы болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің үш белгісі бар, ол атап айтқанда, басқару органдары мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқығының және мемлекеттік билік жүргізетін аумағының болуынан көрінеді. Әдетте, мемлекетті басқару керектігі белгілі, оның өзі монархия және республика болып екіге бөлінеді. Монархияда ел билігі бір адамның қолында болады және билік мұрагерлікпен жүзеге асады. Қазақ хандарының тақ мұрагерлігі болды. Сондай-ақ патшалық Ресей кезіндегі Романовтар әулетін де мысалға келтіруге болады.
Ал енді Республикалық басқару жүйесі деген не? Республика деген мемлекетті басқару жоғарыдан төмен қарай белгілі бір мерзімге сайлау арқылы жүзеге асуды білдіреді. Қазіргі кезде Республиканың екі түрі бар: олар Президенттік және Парламенттік. Аттарының өзі айтып тұрғандай, бірінде мемлекеттік басқару билігі президенттің, екіншісінде парламенттің қолында жинақталған. Біздің мемлекетіміз президенттік басқару нысанындағы республика түріне жатады, ол Қазақстан Республикасы деп аталады. КСРО тарағаннан кейін Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, тәуелсіз мемлекет атанды. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейінде беделінің ерекше артқанын көрсетеді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас мемлекетіміздің буыны бекіп, өркендей түсуіне зор еңбек сіңіріп келеді.Әр елдің өз Конституциясы — негізгі заңы бар.
Қазақстанның қазіргі қолданып жүрген Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Оның бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Бізде мемлекеттік тіл — қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қолданылады.
Мемлекеттің маңызды сипаттамаларының бірі – оның ерекше құрылымдық мекеме болуы. Оны біз түрлі биліктік өкілеттіліктері бар ерекше разрядтағы адамдардың әлеуметтік аппаратқа бірігуінен байқаймыз және де олар басқарудың белгілі бір маманданған қызметімен айналысады.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің үздіксіз қалыптасуы жөнінде былай жазады: Өтпелі кезең стратегиясының мазмұны мен мақсатының жүзеге асуымен байланысты, әлемдік қатынастарға Қазақстанның жаңа орны мен жаңа сапасын ескеруші стратегияны жасау, ойластыру қажеттілігі туады.
Иә, өзінің өткен тарихы сияқты Қазақстанның болашағы да шексіз. Алайда, оның беделін арттыру өз қолымызда екені даусыз. Яғни, осы орайда мен мемлекет нысанына, оның ішінде тәуелсіз Қазақстанның мемлекет нысанының мәселелеріне жеке-жеке тоқталып, проблемаларға байланысты шешімін күтіп тұрған кейбір теориялық мәселелерге байланысты ойларымды ұсынамын.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден,үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.