Мемлекет функциялары туралы қазақша реферат
Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет фунциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым – қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясының мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің – жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқықшығар-машылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау кіреді). Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты;
а) сенімді және мәжбүрлеуді,
б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын,
в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез –құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады.
Функциялар теориясы
а) мемлекеттің іс- әрекеті жағын сипатайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды;
б)мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша білуге, реттеуге мүмкіндік береді;
в)соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық – саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл — әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын. Керісінше, өз функциясын жүзеге асырып отырған мемлекеттің ісі де ол жайында және оның терең мәні туралы пікірді тез қалыптастыруға мүмкіндік береді. Демек, мемлекеттің мәніне қарай оның функциясы туындайтынын айтуға болады. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттің мәні әртүрлі болатынын салыстыру кезінде олардың функциясын, сондай – ақ оларға тән функциялардың анатомиясын, құрылымы мен бағыттылығын тізіп сипаттағанда біз, сөз жоқ, үлкен айырмашылықтарды сеземіз. Егер мемлекетте жалпыәлеуметтік бастаулар белең алып тұрған болса, онда оның функциясы таптық билеуді жүзеге асырып отырған мемлекеттікіндей болмайды, өйткені соңғысының функциясы үстемдік етуші таптың қарсылысын басып – жаншуға бағытталған. Мәні бірдей мемлекеттерді салыстыру кезінде олардың функцияларының бір –біріне жақындығын да байқауға болады.
Мемлекеттің функциялары, оның даму кезеңдеріндегі алдарындағы тұрған негізгі мақсаттарына байланысты белгіленеді және сол мақаттарды іске асыратын құрал ретінде көрінеді. Мемлекттің мақсаттарының мазмұны, оның ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты болады. Елдің экономикалық өміріндегі кризистік құбылыстар, мемлекеттен өзінің барлық органдарының күшін біріктіріп, сол экономикалық жағдайды жөндеуді талап етеді.
Мемлекет функциялары бір-бірімен жалпы ұқсастықтарына байланысты сипатталады:
1.Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметтерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.
2.Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы – оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығармайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуге басты рольдерді ойнайды (Мысалы, Қарулы күштердің елді сыртқы шабуылдан қорғау функциясы). Сондықтан, мемлекет функциясын, оның органдарының функциясынан айыра білу қажет.
3.Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы жұмыстары, нақты іске асырылады.
4.Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса, мемлекеттің әртүрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау т.б. жатады.
5.Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен салыстыруға болмайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарға, құқықтық шығармашылық, атқару билеу және құқыққорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әртүрлі даму кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты, түсіндіру, үгіттеу тәсілдерін пайдалану мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның мазмұнына, нысанына сай, тәсілдері бірігіп, мемлекеттің өкіметтің сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады. Мемлекеттің барлық функциянальды қызметі бас мақсатына жетуге бағытталған: адам, оның адамгершілік, материальдық, жеткілікті құқықтық және жеке адамдар арқылы қоғамдық прогреске тұтасымен ықпал жасайды және барлық қоғамдық қатынастарды байытады.
Сонымен, мемлекет функциясында – оның негізгі қызметінің бағыты, қоғамдық мемлекеттің басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі.
Мемлекттің барлық бағыттағы қызметтері, қоғам өмірінің қандай ортасында өтетініне байланысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қазіргі кездегі қоғам өмірі, негізінен екі ортада өтеді: елдің ішінде және халықаралық аренада.
Мемлекет функциясы жұмыс талғамына байланысты тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады. Уақытша функция өзіне белгілетіп берілген жұмысты орындағаннан кейін өз жұмысын бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады (оларға, стихиялық түзеу, үлкен апаттар, конституцияға қарсы көтерілістер жатады).