Мемлекет туралы қазақша реферат
Мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін, өзіне тән белгілері болады.
Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өзінің аумағын сыртқы басқыншылықтан қорғау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді. Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институт ерекшеленеді.
Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылып, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді. Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет, заңдар қабылдайды және басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады.
Құқықтық заңдар, ел азаматтарының қолдауына ие болып, мемлекет жағынан заңды қимыл жасамай – ақ ерікті түрде іске асырылады. Өкімет өзін азаматтық қоғамға қарсы қоймайды және оның мүддесін қамтамасыз етуге, экономикасының дамуына барынша материалдық жағдайлар жасап, қажетті өмір сүру деңгейіне жеткізуді көздейді.
Үшіншіден, тек мемлекет ғана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік өкімет- жоғарғы, тәуелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы, партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық қана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әртүрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие болғандығы.
Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бәрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халықты біріктреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.
Бесіншіден, тек мемлекет қана, әлеуметтік қажеттілікке, отан қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан алым – салық жинайды.
Мемлекет — тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.
Мемлекет – саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші.
Мемлекетті рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға көмектесетін оның мынадай белгілері:
Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік – шенеуліктер, әскер, полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).
Алым – салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).
Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағында тұратын тұрғындарды өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).
Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).
Құқық (мемлекет құықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға мойындатады, заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің нысанын белгілейді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Ашитов, Заирқан Омарұлы, Ашитов, Бауыржан Заирқанұлы. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: оқу құралы / рец. Б. Базарбайұлы.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.
2.Бұлғақова, Диляра Асхатқызы, Истаев, Арман Жумабайұлы. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы оқу -әдістемелік құрал.- Алматы: 2004.- 228 б.
3.Бұлғақова, Диляра Асхатовна. Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы: 2004.- 106 б.
4.Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған оқулық/ құраст.Ә.Сапарғалиев.- изд. 2-бас.- Алматы: Атамұра, 2004.-264 б.
5.Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы: Қазақстан Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2004.- 28 б.
6.Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық/ құраст. Е.Баянов.- толықт.қайта жөнделіп 2-ші бас.- Алматы, 2003.- 692 б.
7.Абиль Е.А. Политическая организация кочевников Казахстана: Опыт системного подхода. -Астана: Фолиант, 2001. — 9 с.
8.Атымтаева К.М. «Алаш-Орда» — борьба за суверенитет // Вестник университета «Қайнар» 1997. — №1. — С.63.
9.Вильсон В. Государство. Прошлое и настоящее конституционных учреждений. М, 1905. С. 508.
10.Котов К. Коренизация советского государственного аппарата Казахстана (1920-1936). // Труды Казахского государственного университета им. С.М.Кирова. Серия Юридическая. Т. 2. — Алма-Ата: Казгосиздат, 1956.
11.Котов К.Ф. Коренизация советского государственного аппарата Казахстана (1920-1936 гг.): Дисс. к.ю.н. — Алма-Ата, 1950. – 289 с.
12.Сапаргалиев Г. Принципы организации и деятельности Советского государственного аппарата в новой Конституции СССР. — Алма-Ата: «Знание» КазССР, 1978. — 18 с.;
13. Саржанова С.С. Сот-тергеу, әкімшілік органдары кеңестік зорлық-зомбылық шараларын жүзеге асырушы: тарихы және сабақтары (1925-1932 жылдар):Тарих ғ.к. дисс. — Алматы, 2001. — 129 бет.