Психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізу барысын II кезеңге бөлуге болады.
I кезең.
Жоғары сынып оқушыларының дарындылығын мынадай психологиялық тестер жүргізу арқылы айқындауға болады.
— тілге бейімділігі. «Айзенктің вербальді қасиеттерді зерттеу» тесті;
— математикалық бейімділіктерді анықтау Аштахуэрдің алгоритмдік және арифметикалық қабілеттерін зерттеу субтесттері;
— оқушының сыни тұрғыдан ойлау ерекшелігі П. Торренс субтесттері бойынша;
— оқушының интеллектуалды даму деңгейлерін анықтауға Л.Ф.Тихомирова ұсынған «интеллектуалды қабілеттерді анықтау» әдістемелері, ровен шкалалары В.Н.Бузин «қысқаша іріктеу» тесттері, тағы да басқа интеллектуалдық, танымдық тестерін пайдалануға болады.
II кезең.
— педагогикалық – психологиялық диагностика жүйесіноқып үйрену;
— оқушының жас ерекшелігін, қабілеттерін ескере отырып, дифференциялды оқыту мазмұнын, түрін және әдісін анықтау;
— мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға арналған психологиялық қызыметті ұйымдастыру;
— таңдамалы пәндерді енгізуді жалғастырып, тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Осындай жүйелі зерттеу қорытындысы бойынша сыныптағы жалпы және арнайықабілетті оқушылар анықталады.
Тек қана өз бетімен оқу, өз білімін жетілдіру, өз қасиетін түзету арқылы ғана жоғары нәтиже алуға болады. Өз жұмысына талдау жасау арқылы, жүйелі жұмыс нәтижесінде оқушы:
1. Таным есептерін тез және дәл орындауға.
2. Қалыптан тыс есептер шығаруға үйренеді.
Бағдарламаны толық меңгерген оқушыөзін-өзі дамыту бағдарламасын құрады.
Қабілеттік дарын иесінің арнайы білімге мұқтаж болуы, табиғи нәрсе. Оларға дұрыс тәлім-тәрбие берудіңалғы шарты дарын иелерін жастайынан талдай, таңдай білуге жетілдіру,олардың құқығы мен мұқтаждарын қорғаудың басты мақсаты болып табылады;
Оқушының анымдық белсенділігінің қалыптасуы жоғары деңгейде дамуы оны шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.
Содан кейін жоғары сынып оқушысы тұлғасының педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеп, мінездеме беру үлгісі.
1. Оқушы туралы жалпы мәлімет: (тегі және аты, туған күні, класы, жалпы физиологиялық дамуы, денсаулығы, жанұя жағдайы, жанұя тәрбиесінің ерекшеліктері)
2. Оқу іс-әрекеті:
а. Оқу үлгілері: (басым бағалары т.б.)
б. Жалпы ақыл-ой дамуы: (дүниетанымы, сөздік қоры, хабардарлығы, өз ойын ауызша және жазбаша білдіре алуы т.б.)
в. Танымдық процестер сипаттамасы:
— Оқу материалын қабылдау ерекшелігі;
— Зейіні (ерікті зейіннің даму деңгейі, оның тұрақтылығы, шоғырлануы, бөліну қасиеті);
— Ой ерекшеліктері (заттар мен құбылыстарды ажырата ала ма, салыстыру, талдау, жалпылау және өз бетімен қорытынды шығару, оқу материалын ұғыну шапшандығы)
— Қиялдың дамуы (бамым қиял түрі)
г. Оқу қабілеті:
— Оқу процесінде өз бетімен жұмыстануы;
— Оқуға қатынасы (танымдық қызығушылығы, бағаға, мадақтауға, не мұғалім, ата-анамен сыныпта қатынасы, негізгі оқу мотивациясы)
— Оқу қабілеті (күн режимін сақтау, жоспарлай білу, оқу іс-әрекетінде жинақтылығы мен тәртіптілігі, кітаппен жұмыстана білуі, оқу іс-әрекетін бақылай білу әдістерін меңгеруі т.б.)
3. Еңбекке қатынасы: (еңбектене біле ме, әлде еңбекке немқұрайлы қарайма, еңбекке икемділігі, еңбектенгенде жинақтылығы мен тәртібі, қандай еңбек түріне икемді, үйде және мектепте еңбектің әрекетін орындауы)
4. Қоғамдық жұмыстарға қатынасы: (класс өміріне қатынасы, қоғамдық тапсырмаларды орындауы, кластастарымен бірігіп іс-әрекет етуі, белсенділігі мен инициатившілідігі)
5. Кластас жолдастарымен қарым-қатынасы, мектепке қатынасы: (кластағы орны, кластастарына көз қарасы, кіммен дос, кластастарымен дау-жанжал бола ма, оның себебі, мектепке көз қарасы)
6. Тәртібі мен мінезі:
— Мектепте және үйдегі,тәртібінің жалпы мінездемесі (өзін байсалды және ұстамды немесе тынымсыз және қозғалғыштығы)
— Күн режимін сақтауы, мұғалімдер мен ата-ана талабын орындауы
— тәртіпті бұзуы
7. Оқушы тұлғасының бағыты, мінезі, темпераменті және қабілеті.
— Қажеттіліктері мен қызығушылықтары (алуан түрлілігі, тереңдігі, оқуға т.б.)
өзіне және қоршаған ортаға қатынасы ерекшеліктері: мейрімділігі, қарапайымдылығы, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, көмектесуі, шынайлығы, адалдығы т.б.
— мінезінің жағымдығы және жағымсыз қасиеттері;
— Темперамент типі және ерекшелігі
— көңіл-күйі (көңілді, көңілсіз, түсінкі) тұрақтылығы немесе ауыспалылығы
— белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі және оның көрінуі
8. Жалпы түйіні:
— оқушы тұлғасының негізгі жақсы қасиеттері және кемшіліктері, иінезіндегі (егер болса( ауытқушылығы себебі.
оқушы тұлғасын дамытып, қалыптастыруға бағытталған негізгі тәрбие жұмыстары.