Меконг өзені туралы қазақша реферат
Меконг өзені – Үнді Қытай түбегіндегі және Оңтүстік – Шығыс Азиядағы ( Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнамда ) ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 4500 км, бассейнінің ауданы – 810 мың км2, яғни Дунай бассейнінің ауданыны тең дерліктей. Көп жылдық орташа шығыны – 12 мың м3с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің оңтүстік шығысынан шамамен 5000 м биіктіктен басталады, сарқырамалар жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап көлімен жалғасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып, тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және төменгі Меконгтың ағынын реттеуші. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі – деңгейі кенет өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын байқалатын нағыз муссондық. Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км – ге дейін, ал тартылғанда жеке учаскелерінде ғана кеме жүре алады. Меконг су тасыған кезде егістіктерді суаруға пайдаланылады.
Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталады және Қытай теңізіне келіп құяды. Өзеннің негізгі салалары – Мун, Тонлесап, Сан, Тхен жоғары және орта ағысы терең, түбі бар, шоңғалды шатқалмен төменгі ағысы кең аллювилді жазықпен өтеді. Жаңбыр, мұз және қар суымен қоректенеді. Су шығыны төменгі ағысында шілдеде – 30 мың м/сек, сәуірде 1500 м3/сек, су деңгейінің жылдық ауытқуы 1015м. Өзен өте көп мөлшерде ерітінді тасқындар (жылына 1,5 км) алып келуіне байланысты атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 – 100 м) 700 км – ге тұрақты су тасығанда 1600 км – ге кеме жүзеді. Теңіз кемелері Пномпеньге (350 км) дейін келеді. Меконг аңғарын бойлай кең көлемде күріш егісі алып жатыр. Жағасында – Луанграбанг, Вьентян (Лаос), Пномпень (Камбоджда) қалалары орналасқан.