Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау курстық жұмыс

Мазмұны.
1. Кіріспе…..3
2. Негізгі бөлім.
2.1 Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау….5
2.2 Материалдық запастардың қозғалысын есептеу кезінде жасалатын құжаттар…..
2.3 Материалдық запастардың қоймадағы есебі…..20
2.4 Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгелдеу және оларды есеп беруде ашып көрсету…..22

3. Қорытынды…25
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..27

1. Кіріспе.

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған ендіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (КДШ) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: КДШ-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың  қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер — дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына  кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, ейткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың санына (мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.

Материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін  «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар», 1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315″Басқа материалдар», 1316 «Қайта өндеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары».

1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе енімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер» шотында сатып алынған жартылай фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын түрлері есепке алынады.

1313 «Ыдыс және ыдыс материалдары» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.

1314 «Запас бөлшектер» жөндеуге және машинаның тозған бөлшектерін айырбастауға (бөлшектер, агрегаттар, аккумуляторлар, деңгелектер т.б.) арналған запас бөлшектер есепке алынады.

1315 «Басқа да материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б есепке алынады.

1316 «Өңдеуге берілген материалдар» шотында сыртқа өңдеуге берілген материалдардың және өңдеуден алынған бұйымның езіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 «Құрылыс материалдары» құрылыс бөлшектерін, монтаждау жұмысын және құрылыс процесінде тікелей пайдаланатын құрылыс материалдарын есепке алады.

Әрбір шаруашылықжүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады.

Сонымен қоса, кәсіпорын езіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарды есепке алады .

Материалдардың есебін үйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады.

 Курстық жұмыс / 28 бет