Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті туралы қазақша реферат
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдьщ емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады. Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады. Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жоқ. Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, үйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған материалдық емес активтер болып табылады. Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.
Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің қызметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген. Патент — бұл занды тіркелген және танылған ерекше құқық. Патенттік құқық — сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне немесе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторлық кұкық — бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарасты-рылатын, қорғалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары — бұл компанияларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар ңақты бағытты және нақты қызметті пайдалану қүқығын иелену үшін шаруашылық субъекті-лерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен үсынылады.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу кұны — бұл барлық төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:
- қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
- болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
- қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
- • жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
- • материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
- материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделің сипаттау керекі Егер мұндаи үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияшя теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек.
БТА Ипотеканың операциялары аудитінің бағдарламасы.
Баланс көрсеткіштері Бас кітабының мәлеметеріне МЕА бойынша сәйкестік тексеру | Баланс2700 2710 27202750 шоттар бойынша Бас кітап 38ҚЕХС |
Баланскөрсеткіштерінің Бас кітабының мәлеметеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексеру | Бас кітап, есеп регистрлері12.10ЖО МЕА амортизация сомасын есептеу әэірлеме кестесі және бастапқы құжаттар. |
Кәсіпорының бұл обьектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екені туралы алғашқы құжаттарды тексеру. | Патент,линцензия,авторлық куәлік,схема ,жоба,үлгі,лицензиялық келісімшарттар мен кеміту туралы келісім шарттар |
Түскен МЕА бағалаудың дұрыстығын тексеру | Келісімшарттық бағалардың хаттамалары,сату сатып алу шарттары ,аудиторлық қорытынды,сарапшылық қорытындысы . |
МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру | Қабылдау тапсыру актісі 1234678 ЖО,Бас кітап |
МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексеру | МЕА амортизациясының сомасын есептеу әзірлеме кестесі 10-ЖО |
МЕА істен шығару есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру | Қабылдау тапсыру актісі,10 ЖО |
МЕА түгендеу қорытындыларындағы шоттарда көрсетудің дұрыстығын тексеру. | Түгендеу (инвентарылық) тізімдемесі,салысыту ведомосы,түгендеу актісі,12 ЖО |
МЕАқатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру | Салықтар бойынша есеп айырысулар,5.8 ЖО |