Бұл үйірме жұмысында тапсырмалар, ойын жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар «Байқампаздар» ав. Г.И. Долженко. «Қызықты математика» Р.Мәженқызы «Балаңыз мектепке дайын ба?» кітаптарынан алынды.
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойын, зейінін, есте сақтауын дамыту.Математикалық ұғымдарды тұжырымдау.Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету.Логикалық ойлауын дамыту.
Үйірме арқылы қоршаған әлемді қабылдауға меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.
Қыркүйек: Геометриялық фигура деген не?
1. «Бауырсақ» қалашығы.
2. «Сыр сандық»
3. Геометриялық фигуралардан әр түрлі бейнелер құра.
4. Есіңе сақта!
Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажыратып атай білуге
үйрету.
Қазан: Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
1. «Тәуліктің уақытын ата» Кеш. Түн. Күн.
2. « Аптада неше күн бар?»
3. «Бұл қай кезде болады»
4. «Жұмыс күндері қандай?»
Мақсаты: Уақытты бағдарлай білуін дамыту.Уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қараша: 1. д-ойын « Не қайда орналасқан»
«Дұрыс жалға»
2. д-ойын жаттығу. «Үшбұрышпен танысамыз»
Мақсаты: Тәулік бөлігін ажырату. Үшбұрышты нүктелер бойынша салу. Күз айларын атау.
Желтоқсан: Зейінді тұрақтандыруға арналған ойын жаттығулар.
1. «Өз үйіңді тап»
2. «Сандық қатар»
3. « Қанша дыбыс естідіңдер»
4. Ойын « Дұрыс ата»
Мақсаты: Реттік санды атап « Қайсы?», « Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Қаңтар: Көп аз ұғымдары. Геометриялық фигура. Сопақ.
1. Ойын « Сопақша саламыз»
2. Салыстыру «Көп», « Аз» белгілері.
3. д-ойын « Аюларға бал жетеме?»
4. Логикалық тапсырмалар.
Мақсаты: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.
Ақпан: Математикалық түсініктер.
1. «Көлем, пішін»
2. « Математикалық ұғымдар» ( оң, сол, жоғары, төмен және т.б)
3. Қыс айларын атау.
Мақсаты: Заттарды көлеміміен салыстыруды үйрету. Кеңістікті бағдарлауын одан әрі дамыту.
Наурыз: Ойлауды дамытуға арналған ойындар.
1. «Таяқшалардан геометриялық фигуралар құрастыр»
2. « Сан және санау»
3. « Уақытты бағдарлау». Көктем.
4. « Ұлттық киімдерді пішіненіне сәйкес топта»
Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттарды геометриялық пішіндерге сәйкестіндіре білуге үйрету.
Сәуір: Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
1. « Жетпей тұрған фигураны сал»
2. « Математикалық жұмбақтарды шешу»
3. Ойын « Есеп құрастыр»
4. «Логикалық есептер»
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырата білуін жетілдіру. Логикалық ойлауын дамыту.
Мамыр: « Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар»
1. «Сандардың құрамы». Санау.
2. « Cиқырлы қапшық»
3. « Көңілді есептерді шеш»
4. « Сыр сандық». Санамақтар.
Мақсаты: Балаларды бірден онға дейін, ауызша санап есептеуге, сандар қатарын, сандарды тура және кері санауға үйрету. Өз бетінше ойлауын жетілдіру.