Негізгі мақсаты: Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.
Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм эволюциясы, формация, философиялық жатсыну, материалдық бірлік.
1.Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.
2.Маркстік философияның заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.
3.Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктері маңызы.
XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – “қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В. И. Ленин копитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыныайқын байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.
Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. Бердяев былай деп жазды: “Философия, өнер, рухани мәдениет саласында Ленин өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарының адамдарын ініндей еді”, — дейді.
В. И. Ленин философияны ең алдымен ең алдымен халықшылдарғақарсы күресеотырып дамытты. Халықшылдардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін сынай келіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір – бос даурығу: мақсат – капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді. В.И. Лениннің Маркске қосқан тағы бір үлесі – оның империализмге берген анықтамасы. В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы — өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм, екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм, үшіншіден, ол — өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы деп жорамалдады. Қазір озық дамыған жеті капиталистік ел бар, олар: АҚШ, Англия, Канада, Жапония, Франция, Германия, Италия. Бұлардың тез дамуының себептері, ең алдымен Қазан революциясының нәтежесінде пайда болған социолистік елдер капиталистерге үрей салып, оларды жаңа жол, жаңа әдіс тауып, күнін ұзартуға итермеледі. Олар енді жұмысшылармен тіл табысты, түрлі акционерлік қоғамдар құрып, жұмысшыларды капиталистік өндіріске аз да болса қосарлас иеге айналдырды. Жұмыс күнін қысқартып, жалақыны жұмыс істеген сағаты бойынша төлеу әдісіне көшті. Бұрын Маркс, Ленин дәуірінде жұмысшылар жұмыс уақытын азайту үшін күрескен болса, енді олар жұмыс сағатының ұзақ болуына ынталы болды. Олардың бұлайша дамуына тағы бір себеп : социализм жіберген орасан қателіктер, әкімшілік — әміршілдік тәртіп, маркстік теорияны қатып қалған догмаға айналдырып, оны өмірден алшақ, схоластикалық ілімге ұқсас ету болды. Капиталистік елдер нарықтық экономика, бәсекелестік күрес арқылы ұдайы шындалып, даму жолына түссе, социалистік елдер бір деңгейге жеткен соң бір орынды шиырлап, ілгері баспады. Тек Дянь Сяо Пин сілтеген нарықтық қатынас жолымен жүрген Қытай басқаша дамыды.
“Еуропа Құрама Штаттары үраны туралы” дегеен еңбегінде В. И. Ленин империализм дәуірінде ораршыл державалар арасында күрес жүріп жатқан кезде “Еуропа Құрама Штаттары үраны” не мүмкін емес, не реакцияшыл рөл атқарады деп жазды. “Пролетариат револциясы және Ренегат Каутский”, “II Интернационалдың күйреуі”, “Біздің революция туралы”, т.б. еңбектерінде В. И. Ленин пролетариат диктатурасы жайында әрқилы пікірлер айтты. Ең алдымен пролетариат революцияссынан кейін социализм жеңе алмай, капитализм құлап бітпей, тап күресі ашық, қатты жүріп жатқан өтпелі кезеңде бірден – бір күшті құрал – пролетариат диктатурасы қажет екені және ол ешқандай заңмен тежелмейтіні, тікелей күшке негізделген тоқпақ екені атап айтылды.
Осы сұмдылықтардың бәріне Лениннің жеке басы, оның сенімді шәкірттері тікелей жауапты екені айқындалуда. Сондықтан да пролетариат диктатурасы деген ұғым аты шулы, жан түршігерлік, халықты үрейлендіретін саяси органға айналды. Сол қиындық кезеңнің бір көрінісі – 1922жылғы В. И. Лениннің В. М. Молотовқа және басқа ВКП (б) саяси бюросы мүшелеріне жазған хаты. Онда В. И. Ленин аштық көріп жатқан жұмысшыларға астық сатып әперу үшін шіркеулердің қымбат бұйымдарын тартып алу жөніндегі өкімет үкіміне қарсы шыққан Шуедағы шіркеу діндарларын аяусыз басып, ондаған жылдар бойы есінен кетпейтін етіп, қатты жазалауды талап етті. Ал 30 – 40 жылдардағы жаппай қуғын – сүргін кезінде жүз мыңдаған адамдарды жазықсыз тұтқынға алынып, екі сөзге келтірмей, “халық жауы” деген қара күйе жағылып, қанжоса боялғанын еш кешіруге болмайды.
В. И. Ленин капитализмнен социализмге өту диалектикасын аша келіп,
Ресейдің нақты жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті. В. И. Ленин диалектикалық логика тұрғысынан экономика мен саясат арақатынасын көрсетіп берді. “Тағы да кәсіподақтар туралы” еңбегінде ол “саясат – экономиканың жинақталған бейнесі” деп атап көрсетті. Бұл Ф. Энгельстің 1890 жылдардағы тарихи материализм туралы хаттарындағы пікірінің сабақтас жалғасы еді. Одан соң, аталған еңбекте В. И. Ленин диалектикалық логиканың төрт принципті бар екеніне тоқталады, олар: біріншіден – затты жан – жақты алып қарау, екіншіден оны – дамуда қарау, үшіншіден – практика шындықтың тірегі, төртіншіден – абстракты шындық жоқ, шындық нақты. Сөйтіп, В. И. Ленин диалектикалық логиканың формальды логикадан айырмашылығын талдап көрсетті. Бірақ кейінгі Кеңес өкіметі жылдарында өмірде диалектикалық логика тұрғысынан мәселе шешудің орнына формальдық логика, метафизикалық әдіс көбірек, басым қолданылды. Барлық қоғамдық құбылыстар жоғарыда айтылған таптық көзқарас тұрғысынан тек екі түрлі бояумен боялып, “ақ” – “қара” деп, тікелей екіге бөлінді. “Ақ” дегеніміз – кеңес еліне адал, социалистік құрылысқа берілгендер, “қара” дегеніміз біздің жауларымыз. Оларға қатаң шаралар қолданылды.“Қара” мен “ақ” арасында, көк, қоңыр, қызыл, жасыл, сары, бозғылт түстер бар емес пе? Олар қайда? Міне, диалектикалық логиканы дұрыс тұсінбеу деген – осы, ал шығатын қорытынды тіпті басқаша. Амал қанша өмірде көп нәрсе оған қарам – қарсы шешілді, сөйтіп, догматизм ғылымға қалай қарсы келетін әдіс болса, метафизикалық әдіс, формальдық логика диалектикалық логикаға сондай кертартпалық ықпал жасады. Қазір социализмді, марксизм – ленинизмді сынаушылар көп.
Бірақ ол да себепсіз емес. Кезінде Маркс пен Энгельс қоғам объективті өз заңдылықтарды қолдан тездетпек болды. Мәселен, Г.В. Плеханов (1856 – 1918) Лениннің Ресейде буржуазиялық – демократиялық революция жеңіп шыққаннан кейін, уақыты пісіп жетпесе де, елді социалистік революцияға асығыс итермелегенін қолдамады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Маркстік философияның пайда болу себептері.
2.Маркстік философияның орны, кемшілігі, маңызы.