Маркетингтік зерттеу курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе 3

1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері

1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні 5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері 7
1.3 Маркетингтік зерттеудің үрдісі мен оның кезеңдері 10

2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 14
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау 16
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық талғамын зерттеу 21

3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары 26

Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.

2010 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын  арнады.Жолдауда еліміздің одан әрі даму басымдықтарын атап өтумен қатар «Қазақстан-2030» стратегиясының алғашқы онжылдығының қорытындысында

2009 жылы Дәрілік құралдарды дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесін енгізу дәрілік құралдардың бағасын төмендетуге және өндірушілерден тікелей сатып алуға мүмкіндік берді.

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында «Химфарм» АҚ қазіргі заманғы фармацевтикалық кешен салад. Жылына 129,5 млн. долларға дәрілік құралдардың 125 аталымын шығару жоспарлады.

Қазіргі уақытта өз қаражаты есебінен «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.) аумағында инъекциялық және инфузиялық ерітінділер цехының іргетасын салу басталды.[1]

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.

Зерттеу жүргізудің басты пайдасы. Әдістері халықтың іс- әрекетін білуге көмектеседі,бірақ болжамның басқарылмауынан адамдардың мәселерлері психологиялық факторларда да байланысы болуы және олардың өзгеруі.

Кәсіпорындағы маркетингті басқару кезеңі мен қызметінің жетілуінің бастамасы оның қызмет аясының анализі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің деңгейі және экономикадағы терең құрылымдық дағдарыс салдарларын жеңіп шығу осы таңдауға тәуелді болады. Нарықта болып жатқан өзгерістер  кәсіпорынның ішкі құрылымына тікелей әсер етіп, нарық жағдайында одан ары терең даму үшін өзгерістер енгізуге итермелейді. Өнім өткізу потенцияларын басқару процесінде кәсіпорындағы маркетингті басқару облысында болып жатқан өзгерістерді жіті бақылап отыру керек және нарық жағдайларының өзгеруіне байланысты тиімді шешім қабылдау керек.

Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

— маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;

— дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;

— «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;

— дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;

— осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.

курстық жұмыс /30 бет