Маркетингтегі коммуникациялық саясат курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……3
1-БӨЛІМ. МАРКЕТИНГТІКТЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ..5
1.1. Маркетингтіктегі коммуникациялық саясат түсінігі мен түрлері, процесі……5
1.2. Жарнама-тауар жылжыту құралы, өткізуді ынталандыру, оның түрлері мен құралдары….13
1.3. Жеке сату және оның қызметтері…… 20
2-БӨЛІМ. МАРКЕТИНГТІКТЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ…..23
2.1. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі ……..23
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ. қаржылық – экономикалық талдау ……28
2.3. Фирмадағы маркетингтік жоспарлау мен ұйымдастыру ……34
ҚОРЫТЫНДЫ…….41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…. 43
Ұсыныстар

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезеңнің  негізгі құрамдарының бірі — маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды.Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп,өткізуді қиындатуда. Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде нарық шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады. Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар нарығымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді.Сату көлемін ұлғайту және пайда табу үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді иелену жеткіліксіз, ол үшін тұтынушылардың осы тауарлардан алатын пайдасын олардың санасына жеткізе білу керек. Бәсекенің күшеюі мен нарықтың тауарлармен толығуына байланысты қазіргі кезде маркетингтік коммуникацияның (МК) рөлі мен маңыздылығы өсуде. Маркетингтік коммуникация басқару процесінің маңызды, мәнді бөлігі болып табылады. Коммуникация термині болуы үшін кездейсоқ ешнәрсе болмауы тиіс:

— фирмалар әсерлі хабарландырулар жасау үшін жарнамалық агенттіктерді;

— тауар өткізуді ынталандыратын мамандар;

— тауар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруды ұйымдастыратын мамандарды жолдауы керек.

Көпшілік фирмалар үшін мәселе коммуникациямен айналысуда емес, бұл салаға қанша қаражат және оны қалай жұмсау керектігінде.  Маркетингтік коммуникация кешені жарнамадан, өнім өткізуді ынталандырудан, насихаттан, дербес сатушыдан тұрады.

 Курстық жұмыс / 44 бет